Сегіз серінің арнау өлеңдерін ата

Сабақ тақырыбы

Табиғат құя салған құйма талант (Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы)

Сабақтың типі

Білімді жинақтау, қорытындылау сабағы

Сабақтың түрі

Шығармашылық, зерттеу сабағы

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, тарих, музыка

Әдіс-тәсілдер

  • Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
  • Топтық жұмыс
  • Зерттеу
  • Саралау
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Слайд-кестелер
  • Буклет
  • Әндер жинағы
  • Карточкалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Сегіз сері туралы білімді кеңейту.
  • Оның жан-жақты қырларын таныту және дамыту.
  • Шығармашылығын меңгерту, көркемдік ерекшеліктерін талдату.

Дамытушылық

  • Оқушы білімін шығармашылық және зерттеушілік әрекетпен ұштастыру.
  • Қосымша деректерді тиімді пайдаланып, ойды жинақтап жеткізуге баулу.
  • Тұжырымды пікір айтуға, өздігінен ізденуге үйрету.

Тәрбиелік

  • Сегіз сері туындыларының халықтық мұраға айналғанын дәлелдеу.
  • Өнердің өшпес қазына екенін ұғындыру, эстетикалық тәрбие беру.
  • Ұлттық өнерді қастерлеуге, халық өнерпаздарын бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.
  • Назарын шоғырландырып, сабаққа бейімдеу.

2) Жаңа сабақ

Сабақ кезеңдері мен әдістері қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныстан тұрады.

Ой шақыру Топтастыру ДЖИКСО Лото Семантикалық карта Музыкалық үзіліс Хан талапай Екі жақты күнделік Түртіп алу Жарнама Модуль қорғау

3) Ой толғаныс

  • Ой толғау, еркін жауап.
  • Тест, интервью.
  • Бес жолды өлең.

Қызығушылықты ояту

Ой шақыру

«Біз Сегіз серіні қаншалықты білеміз?»

Топтастыру (зымыран сұрақтар)

  1. Сегіз серінің шын аты кім?
  2. Өмір сүрген жылдары қандай?
  3. Сегіз серінің арғы аталары кімдер?
  4. Қай жерде, қандай білім алған?
  5. Есімі ел ішінде қандай дастандар арқылы мәлім болды?
  6. Қандай шығармаларын білесіңдер?

Мағынаны тану

«Сен білесің бе?» бөлімі: қосымша деректермен жұмыс және Сегіз сері туралы пікірлерді талдау.

Ғабит Мүсірепов

«Өзінің “Ұлпан” романында Сегіз сері туралы: бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын-әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоғжан, Нияз сері, Сапарғали ақын т.б. — бәрі де атақтының атақтысы, Сегіз сері ақынның мұрагерлері», — деп жазады.

Біржан сал

Ұстазым — Сегіз сері, Нияз сері, Солардан үлгі алған мен — Біржан сері. Жетпіс үш мүшеліме толғанымда, Дүние теріс айналып кетті кері. Сегіздей асыл адам жаралмайды, Халқына болып өткен тым жағымды. Керейден жүз мың әйел ұл тапса да, Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.

Жаяу Мұса

Жігіттер, өнер қусаң — Сегізге ұқса, Шәкірті Сегіз сері — атым Мұса. Қазақтың ел қорғаны, мақтаныш қой, Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса. Бөлген күйге Сегіз ой мен қырды, Төгетін жиындарда асқақ жырды. Омбыда Мұқарама сұлуға арнап, Шығарған алғашқы әні — «Назқоңырды».

Балуан Шолақ

Сегіз серіні көргенім жоқ, Көрмесем де, естімей жүргенім жоқ. Біржаннан қанып оның жолын қудым, Жақсыны одан артық білгенім жоқ.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Керейде Қожаберген, Сегіз өткен, Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен. Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап, Олар да бірлік үшін еңбек еткен.

Лото ойыны (ақын шығармашылығына шолу)

Тақырыптық сұрақтар арқылы поэзиялық мұраны жүйелеу және қазіргі құндылықтармен байланыстыру (Қазақстан – 2050 стратегиясы аясында ой қозғау).

Сұрақтар

  1. Махаббат тақырыбына арналған қандай өлеңдері бар?
  2. Арнау өлеңдерін атаңдар.
  3. Туған жерге арналған қандай өлеңдері бар?
  4. Қандай айтыс өлеңдері бар?

Нәтиже

  • Тақырыптарды ажырату және дәлелмен сөйлеу дағдысы дамиды.
  • Шығарма мазмұнын қазіргі қоғамдық идеялармен байланыстыру қалыптасады.

Өлең тілінің көркемдік ерекшелігі (Хан талапай)

Теңеу

Бұлақтай көгал қуған. Ажарың ашық екен атқан таңдай. Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Ажарың ақ түлкідей. Шолпандай жалғыз туған. Ақ жүзің раушан гүлдей жайнағанда, Ерінің бүлдіргендей.

Метафора

Гауһармын таразыға салынбаған, Қылышпын қынабынан алынбаған. Керейдің Сегіз атты саңлағымын, Көп жігіттің топ бастар серкешімін. Ортасында биігі — өркешімін, Үш жүздің бұл күндегі еркесімін. Мақпалжан, айналайын, сен — қызғалдақ, Аузың — бал, тілің — шекер, қойның — жұмақ.

Эпитет

Тәтті үнің мейіріңді қандырған қыз, Сайраған гүл бақшада бұлбұл үнді. Ақ балтыр, жасыл желек, ну орманым. Жібек жал арғымақсың, қамыс құлақ. Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Талдау тапсырмалары

  • Риторикалық сұрау тәсілімен жазылған өлеңдерінен мысал келтіріңдер.
  • Өлеңдерінде кездесетін қанатты сөздерді анықтаңдар.
  • Үлгі-өнеге, нақыл, насихат, өсиет түріндегі өлеңдерін атаңдар.
  • Сегіз серінің сегіз қырлы өнері қай тұста толық ашылады?

Шығармашылық және зерттеу жұмыстары

Жарнама және модель қорғау

Мекеме/ұйым жұмысына қатысты іс-қағаздарының түрлері негізінде шығармашылық «жарнама» дайындау және модельді қорғау.

Екі жақты күнделік

Маған ерекше әсер еткен жағдай

Өз ой-пікірім

Түртіп алу стратегиясы

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Ой толғаныс

Еркін жауап, тест-интервью

  • Сегіз серінің қандай қасиеттері саған ерекше ұнады?
  • Қазіргі жігіттердің бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?
  • Бүгінгі сабақтан қандай тәлім-тәрбие алдың?

Бес жолды өлең

  1. 1Зат есім: Сегіз сері
  2. 2Сын есім + зат есім: дарынды ақын
  3. 3Етістік: толғанады, тебіренеді, жырлайды
  4. 4Сезіну: Сегіз сері — сегіз қырлы ақын
  5. 5Синоним: Сегіз сері — жезтаңдай ақын, сал-сері

Қорытынды

Үй тапсырмасы

«Табиғат құя салған құйма талант» тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, дәлелді пікірі, тапсырмаларды орындау сапасы бойынша білімін бағалау.