Болымсыз етістіктің жұрнағын ата
Сабақтың тақырыбы
«Шығамын білім шыңына» (қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық жүргізудің әдістері)
Сабақтың мақсаты
- Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Ой-өрісін дамыту.
- Тиімді тәсілді тез таңдай білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, тест.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Тест кітапшалары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Кіріспе
«Мектеп деген білім кені, жыр кені, мектеп деген ғылымның ең үлкені», — дегендей, бүгінгі кезекті сабағымызды бастаймыз.
Ахмет Үгінеки: «Бақыт жолы тек білімнен табылар» десе, ұлы Абай: «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген.
«Ғылымның сырын ұғына шығыңдар, білім шыңына», — дейміз. Өйткені XXI ғасыр — білім ғасыры.
Сабақ кезеңдері
Әр кезең оқушының білімін жылдам тексеруге, түсіндіру дағдысын дамытуға және тілдік ұғымдарды бекітуге бағытталады.
Сайыстар мазмұны
1) Бәйге сайысы
Жылдам сұрақ-жауап арқылы негізгі тілдік ұғымдарды еске түсіру.
- «Үндестік заңы» термині қай сөзбен синонимдес?
- Синтаксис нені зерттейді?
- Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз дыбыс қалай аталады?
- «Дыбыс» сөзі қандай терминмен сәйкес келеді?
- Екпін түрі нешеу?
- «Лексика» сөзі қай тілден енген?
- Тыныс белгілерін не зерттейді?
- Жинақтық сан есімнің жұрнағы қандай?
- Болымсыздық есімдігін ата.
- Болымсыз етістіктің жұрнағын ата.
- «Рецензия» сөзінің анықтамасы қандай?
- «Әрі» сөзі қандай сөз таптарында қолданылады?
- «Жаны зәр түбіне жету» тіркесінің мағынасын анықта.
- Жұрнақтың түрлерін ата.
- «Пәлеқор» сөзі буын үндестігіне бағына ма?
- Көсемшенің жұрнақтарын ата.
- Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
- Тұрлаулы мүшелерді ата.
- Қалау райлы етістіктің жұрнағы қандай?
2) «Мені түсін» сайысы
«Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы», — Ахмет Байтұрсынұлы.
Оқушыға тақырып беріледі. Оқушы ойын жинақтап, ережені түсіндірудің ең оңай әрі тиімді тәсілін таңдап, сыныпқа түсіндіреді.
Тақырып 1
Дауысты дыбыстар
Тақырып 2
Септік жалғаулары
3) «Кім тапқыр?» сайысы
Берілген қосымшаларды табу, мысал келтіру және сөзді буын түріне қарай ажырату.
- Болымсыз етістіктер қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?
- Ортақ етіс жұрнақтарын ата.
- Негізгі түбір еліктеуіш сөзге жұрнақ жалғап, туынды еліктеуіш жаса.
- Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды үстеуге мысал келтір.
4) «Ойлан, тап» сайысы
Қазақы ұғым, даналық сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашу; аяқталмағанын жалғастыру.
- Білімді жан барар жерін бағдарлар.
- Асығыстық орға жығар.
- Оқу — білім азығы, білім — өмір қазығы.
- Жер тойынбай, ел тойынбас.
- Жақсы сөз жараны да жазар.
- Атаңа не істесең, алдыңа сол келер.
5) «Көкпар» сайысы
Сәйкестендіру тесті: ұғым мен анықтаманы дұрыс жұптастыру.
| № | Сол жақ | Оң жақ |
|---|---|---|
| 1 | Су жүрек | қорқақ |
| 2 | Жаңа сөздер | неологизм |
| 3 | Құрмалас сөйлем | салалас сөйлем |
| 4 | Сөз табы | есімдік |
| 5 | Целиноград | Ақмола |
| 6 | Әдепті бала | арлы бала |
| 7 | -у жұрнағы | тұйық етістік |
| 8 | Тек, тәйт, жә | одағай |
| 9 | Көмекші есім сөздер | алды, маңы, жаны |
| 10 | Ақмешіт | Қызылорда |
| 11 | Ғ. Мүсірепов | «Ұлпан» шығармасы |
| 12 | Көсемше | -а, -е, -й, -ып, -іп жұрнақтары |
| 13 | Тұрақты тіркес | фразеологизмдер |
| 14 | Мөлшер үстеуі | онша, сонша, соншама |
Қорытынды бөлім
Сабақты бекіту
Тест жұмысы.
Сергіту сәті
«Поэзия минуты»: М. Шахановтың жігерлендіру өлеңі.
Білімді бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
Өтілген тақырыптарды қайталау, тестке дайындалу.