Күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрау

Сабақтың тақырыбы

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Білімділік

Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, құрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.

Дамытушылық

Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Тиянақтылыққа, зейінді тұрақты ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Қайталау
  • Салыстыру
  • Көрнекілік
  • Ізденушілік

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Интерактивті тақта
  • Топтық тапсырмалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

II. Үй тапсырмасын тексеру

А тобы

5 сөйлем құрау. Өз тобында тексеріп, талдайды.

B, V топтары

33-жаттығу. Ең үздік мәтінді таңдайды.

C тобы

«Бір айналым сөйлесу» арқылы «Еңбекқор балалар» тақырыбына мәтін құрастырады.

III. Өткен сабақты бекіту

Оқушылар шеңбер бойынша тұрып, сөйлем туралы білетіндерін айтады. Сұрақтар арқылы қорытынды жасалады:

  • Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
  • Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
  • Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.
  • Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем қалай аталады?
  • Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Баяндауыш көбінесе қай сөз табынан жасалады?

IV. Жаңа материалмен жұмыс

1) Ой ширату

Тақтадағы бағандардағы сөздерді оқып шығып, әр бағаннан артық сөзді табыңдар және неге артық екенін дәлелдеңдер.

1-баған 2-баған 3-баған 4-баған
Қысқа жазды ұзын бойлы алты
Ұзын оқыды қара торы тоғыз
Қара көріп тұр ала торы екі жүз
Ақ сары естіді бойшаң алпыс
Жуас ұшты қызыл ала сексен

Талқылау сұрағы

Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Мақсат қою

Осы сабақтан нені білуіміз керек деп ойлайсыңдар?

Дәптермен жұмыс: көркем жазу минуты

Төмендегі сөйлемдердің бірін таңдап, көркем етіп көшіріп жазыңдар:

  • Оралхан Бөкей «Бес тиын» әңгімесін жазған.
  • Әлібек Асқаров — «Мұзтауды бағындырған» жазушы.
  • Қалихан Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» шығармасын оқыдық.
  • Алтайда туғандар Алтайды жырлайды.

Табыс критерийлері

  • Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік алу және сөйлем ішінде ажырата білу.
  • Дара және күрделі мүшелерді пайдаланып сөйлемдер құрау.

2) Сөйлемдерді салыстыру

Әр топқа бір жұп сөйлем беріледі. Сөйлем мүшелеріне талдау жасап, сұрақ қою арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар (дара және күрделі мүшелер).

Жұп 1

  • Айгүл мектепке барды.
  • Айгүл мектепке бара жатыр.

Жұп 2

  • Серік Сәпиев — атақты чемпион.
  • Серік чемпион атанды.

Жұп 3

  • Бір жылда он екі ай бар.
  • Бір айда отыз күн бар.

Жұп 4

  • Әсемнің атасы — ұзын бойлы адам.
  • Әнуардың қара күшігі бар.

Ереже оқулықпен енгізіледі, кейін «Броундық қозғалыс» тәсілі арқылы бір-біріне айтып, бекітеді.

V. Оқулықпен жұмыс

37-жаттығу. Оқушылар топта дәлел келтіріп, бір-бірін үйретіп, тексереді.

А тобы

Жазады, күрделі мүшенің астын сызады.

B тобы

Жазады, күрделі мүшенің астын сызады және сөз табын үстіне белгілейді.

C тобы

Жазады, сөйлемге толық талдау жасайды (уақытша топта тексеріледі).

Ойын: «Кім жылдам?»

Әр қатар сөйлемнің күрделі мүшелеріне мысалдар жазады. Тез әрі дұрыс жазған қатар жеңіске жетеді.

Сан есім
Сын есім
Етістік
Зат есім

Сергіту: «Иә – жоқ» ойыны

Мұғалім оқиды, оқушылар «иә» болса тез орындарынан тұрады, «жоқ» болса отырмайды:

  • Сабақтан қалғысы келмейтіндер
  • Үлкенді сыйлайтындар
  • Табиғатқа қамқорлық жасамайтындар
  • Сабаққа кешігетіндер
  • Кітапты күтіп ұстайтындар
  • Күнде үй тапсырмасын орындамайтындар
  • Күнде «бес» алғысы келетіндер
  • Ата-анасын қуантқысы келетіндер

VI. Топтық тапсырмалар

1-топ

Берілген сөздерден дара және күрделі мүшелерді тауып, «ішіне–сыртына» шеңберіне орналастырыңдар:

сағынып қалыпты ойнады қызыл ала өсіп тұр келдік он бес келді көріп отыр сайрады

2-топ

Сыңарын тап, күрделі мүшені анықта:

  • Білгенің бір тоғыз,
  • Еңбек етсең ерінбей,
  • Жақсы бала ата-анасын

3-топ

Өлең құрастыру (күрделі мүшелерді тауып, астын сызу):

Айналамда ұшып жүр

Сары ала атырап.

4-топ

Күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыру:

  1. Туған жер туралы
  2. Өз мектептерің туралы
  3. Өз сыныптарың туралы
  4. Кешігетін оқушы туралы

VII. Жатқа жазу

Мәтінді жатқа жазып, күрделі мүшелерді тауып, астын сызып, талдау жасаңыздар (жұппен тексеру).

A нұсқа

Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр.

B нұсқа

Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол ұзыны,
Оны сен де танып ал.

C нұсқа

36-жаттығу.

VIII. Сабақты қорытындылау

«Иә – жоқ» ойыны арқылы қорытынды жасалады. Дұрыс жауапқа +, қате жауапқа белгісі қойылады:

1) Құрмалас сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
2) Сөйлем мүшесі дегеніміз — сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
3) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
4) Дара баяндауыш күрделі етістіктен жасалады.
5) Бастауыш — сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
6) Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?

Табыс критерийі

Күн / бұлт / ай белгісі арқылы өз деңгейіңді бағала.

Өзара тексеру

Дұрыс жауаптар бойынша бір-біріңді тексеріңдер.

IX. Үй тапсырмасы және бағалау

A деңгейі

41-жаттығу.

B деңгейі

43-жаттығу.

C деңгейі

«Қазақстан — Отаным» тақырыбына шағын шығарма жазу (күрделі мүшелер міндетті түрде болсын).

Бағалау

Бағалау парағына талдау жасалады: «5», «4», «3» алған оқушылар саны анықталады. Суммативті бағалау жүргізіледі.