Үйге тапсырма. Оқыту әдістері
Қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп. Биология пәнінің мұғалімі: Уразғалиева Мейрамгүл.
Сабақ тақырыптары
- Астық тұқымдастар (6-сынып)
- Сүтқоректілер немесе аңдар класы (7-сынып)
Негізгі деректер
- Сабақ тақырыбы
- Астық тұқымдастар (6-сынып)
- Сілтеме
- Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков. Биология, 7-сынып.
Сабақтың мақсаты
Даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
- Астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін түсінеді.
- Ақпаратты саралап, сыни ойлау дағдысын дамытады.
- Өзіндік шешім қабылдауға және дербес жұмыс нәтижесін бағалауға үйренеді.
Қажетті материалдар
- A4 парақтар, үлестірме мәтіндер, сызбанұсқалар.
- Постерлер, желім.
- Интерактивті тақта, слайдтар.
Оқыту әдістері
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Амандасу.
- Топқа бөлу (топтастыру).
1-тапсырма: Сұрақ–жауап
Жеке жұмыс • Интерактивті тақта
Өтілген тақырыптарды қайталау үшін интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі:
- Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән ортақ белгілер қандай?
- Пияз тұқымдастардың маңызы қандай?
- Фитонцид дегеніміз не?
- Інжугүлдің ерекшелігі туралы не айтуға болады?
Мұғалімнің әрекеті: жетелеуші сұрақтар арқылы жауапты нақтылау, оқушы ойлауын бағыттау.
2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс
Талқылау • Оқу мақсатын айқындау
«Астық тұқымдастар» тақырыбы бойынша мәтін үлестіріледі. Оқушылармен бірлесе талқылай отырып, оқу мақсаты нақтыланады.
3-тапсырма: Белгілерді ата
Топтық жұмыс • Саралау
Үлестірме парақтардан астық тұқымдастарға тән белгілерді іріктеңіз. Төмендегі тұжырымдардың ішінен дұрыстарын таңдаңыз:
Берілген нұсқалар
- Шөптекті өсімдік
- Тіршілік формасы: ағаштар мен бұталар
- Жапырақтары доға жүйкелі
- Жапырақтары қатар жүйкелі
- Жапырақтары күрделі
- Жемісі: дәнек
- Жемісі: тұқымша
Берілген нұсқалар (жалғасы)
- Гүлшоғыры: себетгүл
- Гүлшоғыры: сыпыртқыгүл, масақ
- Гүл формуласы: Гс 2 А3 Ж(1)
- Гүл формуласы: Гс 3+3 А3+3 Ж1
- Сабағы: бунақты сабансабақ
- Гүлдері тілшелі, түтікшелі
- Гүлдері екі, кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады
- Тамыр жүйесі: кіндік тамырлы
- Тамыр жүйесі: шашақ тамырлы
Нұсқаулық: таңдалған белгілерді дәлелдеңіз және топ ішінде ортақ шешімге келіңіз.
4-тапсырма: Өсімдік — гүлшоғыры
Сәйкестендіру • Сызбанұсқа
Сызбанұсқа бойынша өсімдік пен гүлшоғырының сәйкестігін табыңыз.
5-тапсырма: Шындық және жалған
Түзету • Талдау
Сөйлемдердегі қателерді (бар болса) түзетіңіз:
- Астық тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады.
- Астық тұқымдастарда тамыр жүйесі — кіндік тамырлы.
- Құмай — жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдік.
- Бидайдың жемісі — дәнекер.
- Екпе күріш дәнегінде 9–12% нәруыз болады.
6-тапсырма: Өсімдік — тұтас ағза
Постермен жұмыс • Құрастыру
Постер арқылы өсімдік мүшелерін құрастырып, олардың қызметін қысқаша сипаттаңыз.
Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі арқылы өз түсіну деңгейіңізді бағалаңыз: толық түсіндім, әлі де сұрағым бар, түсіну қиын.
Қорытындылау және бағалау
Алдын ала анықталған оқу мақсатына қайта оралып, орындалған тапсырмалар негізінде нәтижені жинақтау және білім деңгейін бағалау.
Үй тапсырмасы
- § 32. «Астық тұқымдастар» тақырыбын оқу.
- Ы. Жақаев және Ш. Берсиев туралы шағын өмірбаян (мәнжазба) жазу.