Ұлытау орындайтын Жұлдыз тобы

«Туған жерге тағзым» өнер фестивалінің сценарийі

Ұзын-Ата мектебінде өтетін мерекелік өнер фестивалінің жүргізілу реті мен бағдарламасы.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, өнер сүйер халқым!

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: Бүгін Ұзын-Ата мектебінде үлкен мереке!

2-жүргізуші: Олай болса, «Туған жерге тағзым» атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Ендеше, фестивальға арнайы келіп отырған қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасы және қонақтар

  1. Балалар саз мектебінің директоры, қазылар алқасының төрайымы: Жораева Асия Бахадүрқызы
  2. Оқушылар үйінің директоры: Жиенбаева С.
  3. Балалар саз мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдиева Ақтолқын
  4. Балалар саз мектебінің ұйымдастырушы педагогы: Кәрібаева Манат

Бағдарлама

Фестивальдің негізгі бөлімдері: хор, жеке әндер, би, көрініс, мәнерлеп оқу, ансамбль және қорытынды ән.

Өлең шумақтары және хор

Музыка

2-жүргізуші: Шырқап ән түгел дауыс көмекейден, сайра тіл ағыл-тегіл салған жерден. Келіңдер, кел, жолдастар, ән шырқайық, жойқын үн жарассын біздің елге!

1-жүргізуші: Арта берсін байлығың, дәулетің, бағын тапқан ата-баба әулетің! Күннен күнге өсе берші көркейіп, Қазақстан — менің атамекенім!

Хор

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні

Жеке әндер

Вокал

Ән: «Қазақстаным»

Димаш Құдайберген репертуарынан. Орындайды: 6-сынып оқушысы Аралбайқызы Ақбота.

Ән: «Қазағым»

Орындайды: 8-сынып оқушысы Қарымсақ Ақүміт.

Би қойылымдары

Хореография

Қазақ биі: «Шалқыма»

Орындайды: «Баян сұлу» бишілер тобы.

Би: «Жорға»

Орындайды: «Ақсымбат» би тобы.

Өзбек биі: «Бу ҳаёт»

Орындайды: «Ай ару» тобы.

Би: «Ұлытау»

Орындайды: «Жұлдыз» тобы.

Туған жер туралы ой

Нақыл

1-жүргізуші: Туған жер — бақыт ордасы. Сол себепті туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек әркім сезімін әртүрлі жеткізеді: суретшінің тілі — бояу, музыканттың тілі — музыка, ал кейбірі жүректегі ойды жалынды сөзбен, әдеби тілмен өрнектейді.

Мәнерлеп оқу

  • 6-сынып: Аралбайқызы Ақбота — «Төрт ана»
  • 7-сынып: Қадірбай Әсем — «Туған жер»
  • 8-сынып: Мысқалбай Мерей — «Атамекен»
  • 8-сынып: Мысқалбай Ақбота — «Сен қазақсың»
  • Авторлық: Жанабіл Мөлдір — өз шығармашылығынан «Қазақстан»
  • 9-сынып: Тұрсынбай Зухра — өз шығармашылығынан «Туған өлкем — неткен көркем»
  • 9-сынып: Ешберген Фариза — «Қазақстан»
  • 10-сынып: Қалдар Артықай — «Қазақ тілі»

Дуэт, көрініс және ансамбль

Сахна

Ән: «Туған жер» (дуэт)

Орындайды: Совет Ақерке, Құттымұрат Индира.

Көрініс: «Қалқаман — Мамыр» (үзінді)

Орындайды: 10-сынып оқушылары.

Халық әні: «Сәулем-ай»

Ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен. Орындайды: Амантұрлы Гүлмира, Көпжан Айжан.

Қосымша өнер нөмірлері

Шоу

Акробаттар қойылымы

Сахнаға акробаттарды қарсы аламыз.

Ән: «Батырлар ұраны»

Орындайды: 6-сынып оқушысы Кененбай Ырысдәулет.

Ән: «Мен қазақпын»

Орындайды: Жаңабай Нұрқанат.

Жүргізушілердің түйінді сөзі

1-жүргізуші: Отан — әр адамның туып-өскен жері. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанына деген сүйіспеншілігіне байланысты.

2-жүргізуші: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас». Туған жер — кіндік қаның тамған, өсіп-өнген мекенің.

Қорытынды

Финал

1-жүргізуші: Білігі мен ынтымағы халықтың, көгімізде жарқырайды жарық күн. Ырыс-дәулет, бақыты үшін халықтың, жайнай берші, жайнай берші жарық күн!

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Орындайды: 6-сынып оқушысы Убайдулла Рауан.