Ұяшықтарды бөлу
Мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды кесте құруға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Кестелерді жиектеу (жақтау қою) тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
Жеке жұмыс істеуге, жауапкершілікті сезінуге, нәтижеге ұмтылуға және өздігінен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Есте сақтау мен зейінділікті дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу.
- Ұқыпты әрі ынталы болуға бағыттау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша орындалған жұмыстар тексеріліп, қысқаша кері байланыс беріледі.
III. Жаңа сабақ: Word-та кесте құру және редакциялау
Word мәтіндік процессорында кестені екі негізгі тәсілмен құруға болады:
- Мәзір жолағындағы Таблица командасы арқылы.
- Құралдар панеліндегі Вставить таблицу батырмасы арқылы.
1) Мәзір арқылы кесте енгізу
Мәзірден Таблица → Вставить → Таблица командасын таңдағанда Вставка таблицы сұхбат терезесі ашылады.
- Число столбцов — кесте бағандарының саны.
- Число строк — кесте жолдарының саны.
- Ширина столбца — баған ені (әдетте авто параметрін қалдыруға болады).
Қажет болған жағдайда жол санын кейіннен Таблица → Вставить → Строки командасы арқылы көбейтуге болады.
2) Ұяшық, жол және баған қосу
Дайын кестеге баған, жол немесе жеке ұяшықтарды қосу қажет болуы мүмкін. Ол үшін:
- 1 Жаңа элемент орналасатын жерге жақын ұяшықты (немесе ұяшықтар тобын) белгілеңіз.
- 2 Таблица → Вставить → Ячейки командасын орындаңыз.
- 3 Добавление ячеек терезесінде: жол/баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту әрекетін таңдаңыз.
3) Жою: ұяшық, жол, баған
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін алдымен қажетті бөлікті ерекшелейсіз, содан кейін:
Таблица → Удалить → Ячейки командасын орындаңыз. Ашылған Удаление ячеек терезесінде ұяшықтарды солға/жоғары ығыстыруды немесе жол/бағанды жоюды таңдаңыз.
4) Ұяшықтарды біріктіру және бөлу
Біріктіру
- Біріктірілетін ұяшықтарды белгілеңіз.
- Таблица → Объединить ячейки командасын орындаңыз.
Бөлу
Таблица → Разбить ячейки командасын таңдаңыз. Ашылған терезеде бағаналар санын енгізіп, OK түймесін басыңыз.
5) Кестелерді жиектеу (жақтау қою)
Word жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға немесе тұтас кестеге жақтау орнатуға мүмкіндік береді. Жақтауды қою үшін:
- 1 Жақтау қойылатын кесте бөлігін таңдаңыз.
- 2 Формат → Границы и заливка командасын орындаңыз.
- 3 Граница қойындысында стиль түрін және сызық қалыңдығын таңдаңыз.
- 4 Түс тізімінен сызық түсін таңдаңыз да, OK батырмасын басыңыз.
IV. Сабақты бекіту
Бекіту тапсырмалары орындалып, кесте құру мен редакциялау әрекеттері практикалық түрде қайталанады.
V. Бағалау
Оқушылардың жұмысы орындалу сапасына және тапсырмаларды дұрыс қолдануына қарай бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
Тапсырма: «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» кестесі
Дәптерге және электронды түрде әртүрлі әдістерді пайдаланып кесте құрыңыз. Әр бағанға төмендегі өрістерді орналастырыңыз:
- Тағамның аты
- Мөлшері
- Бағасы
- Барлығы
- Жалпы шығын
Есептеулерді (барлығы және жалпы шығын) дұрыс көрсетіп, кестені ұқыпты рәсімдеңіз.