Орман өсімдіктері мен жануарлары
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Бұл сабақта оқушылар су қоймаларында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар туралы білімін кеңейтеді, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытады және зерттеуге қызығушылығын арттырады.
Сабақтың типі
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой бөлісу
Стратегиялар
- Топтастыру
- ББҮ (Білемін — Білгім келеді — Үйрендім)
- Кубизм
- Венн диаграммасы
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, карта, сызбалар, тақырыпқа қатысты суреттер, электронды оқулық және басқа да ресурстар.
Сабақтың барысы
Сабақ электронды оқулықты қолдана отырып жүргізіледі.
1) Ұйымдастыру
Сыныппен қысқа әңгіме:
-
Сұрақ:
«Біз қай қалада тұрамыз?»
Жауап: «Астана қаласында».
-
Сұрақ:
«Астана қаласы өткен жылы неше жылдығын тойлады?»
Жауап: «10 жыл».
-
Сұрақ:
«Қаламыздағы қандай сәулетті ғимараттарды білесіңдер?»
Мысалдар: Бәйтерек, Ақорда, Парламент, Думан ойын-сауық кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы, Атамекен.
2) Топқа бөлу және рөлдер
Оқушылар ғимарат атаулары арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз топбасшысын сайлайды.
1. «Бәйтерек» тобы
2. «Бейбітшілік және келісім сарайы» тобы
3. «Атамекен» тобы
4. «Ақорда» тобы
Тапсырма: әр топ өз атауына байланысты ғимарат туралы қысқаша әңгімелеседі, соңында топбасшы 1–2 сөйлеммен түйін жасайды.
I кезең: Қызығушылықты ояту
Негізгі сұрақ
Өсімдіктер мен жануарлар қайда тіршілік етеді?
ББҮ кестесі
Оқушылар «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім» стратегиясы бойынша бастапқы ойларын жазады.
| Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
|---|---|---|
|
Су қоймаларында қандай өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді? Олар немен қоректенеді? |
Сабақ соңында толтырылады. |
Фокус
- Су қоймасы өсімдіктері: қайда өседі, тіршілікке бейімделуі.
- Су қоймасы жануарлары: мекені, қозғалысы, қоректенуі.
- Тіршілік ортасына байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
II кезең: Мағынаны ашу
Оқулықпен және электронды оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Мәтін бөлімдерге бөлініп, әр топ өз бөлігін зерттеп, қорғайды.
Топтастыру және бөлімдер
Мәтін 4 бөлімге бөлінеді. Әр топқа бір бөлім бекітіледі.
I топ: Су қоймасы өсімдіктері
Негізгі түрлер, тіршілік ету орны, бейімделуі.
II топ: Су қоймасы жануарлары
Жануарлар әлемі және қоректік тізбек.
III топ: Инеліктің дернәсілі
Өсу кезеңдері, тіршілік ерекшеліктері.
IV топ: Су қоймасы жануарлары (кеңейтілген)
Түрлік әртүрлілік, ортаға бейімделу мысалдары.
Жұмыс форматы
- Жеке, жұпта және топта жұмыс жасау
- Жұмысты тақтаға іліп, қорғау (әр топтан 1 оқушы)
- Мұғалімнің қорытындысы
Дәптермен жұмыс
Су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарларды жеке-жеке топтастырып жазыңдар.
III кезең: Ой толғаныс
Кубизм стратегиясы
Тақырыпты әр қырынан талдау:
- 1Салыстыру
- 2Зерттеу
- 3Суреттеу
- 4Қолдану
Тапсырмалар
1) Орман өсімдіктері мен жануарлары
Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап өт.
2) Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Мекені, қоректенуі және бейімделуін мысалмен түсіндір.
Қорытынды
Сабақта жауаптары белсенді болған топ атап өтіледі. Алдағы көктемгі демалыста ынталандыру ретінде таңдалған сәулетті ғимаратты тамашалау жоспарланады.
Соңында ББҮ кестесіндегі «Үйрендім» бөлімін толтырыңдар.
Бағалау
Топтық бағалау
Әр топтың топбасшысы өз тобының жұмысын бағалап шығады.
Мұғалім бағалауы
Топтық бағалаудан кейін мұғалім қорытынды баға қояды.
Үй тапсырмасы
- 1 «Су қоймалары өсімдіктері мен жануарлары» мәтінін оқып, мазмұндау.
- 2 «Су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарларды қорғауда сен қандай үлес қоса аласың?» сұрағына дайындалып келу.
- 3 Өзің білетін су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарлардың басқа түрлерін жазып келу.