Балалар осы қоянның жүрісін жасап жіберейікші

Сабақтың мақсаты

Балалардың ормандағы жабайы аңдар туралы түсінігін кеңейту: әр аңның ерекшелігін таныту, аң іздерін салуға үйрету, ойлау қабілетін, сөздік қорын және эстетикалық талғамын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер: амандасу

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, балалар!

Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымызды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.

Көктем туралы әңгіме

Сұрақ-жауап

Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем.
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Үш ай.
Қазір қай ай?
Мамыр.

Сөйлемді жалғастыру

Көктемнің ерекшеліктерін еске түсіру үшін тәрбиеші сөйлемнің басын айтады, ал балалар жалғастырып жауап береді.

  • 1 Көктемде күн жылынады.
  • 2 Құстар қайта оралады.
  • 3 Қар ериді.
  • 4 Ағаштар бүршік жарады.
  • 5 Жаңбыр жиі жауады.
  • 6 Малдар төлдейді.
  • 7 Адамдар жеңілірек, жылы киінеді.
  • 8 Гүлдер шыға бастайды.

Өте жақсы! Көктемнің белгілерін жақсы білесіңдер.

Қызықты сәт: қоянның келуі

Қоян: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманға барғыларың келе ме?»

Балалар: «Иә!»

Қоян: «Ендеше, шарттарымды орындаңдар. Сендерге жұмбақ айтамын».

Жұмбақтар

Тәтті көрсе бас салар, айнымайды баладан.

Жауабы: Аю

Өзі айлакер, өзі қу, жүрген жері — бір шу.

Жауабы: Түлкі

Далада жүр шапқылап, керемет бір саққұлақ.

Жауабы: Қоян

Қорытынды: Орманда кездесетін аңдарды таныдық. Бұлар — жабайы аңдар.

Екінші тапсырма: аңдар туралы тақпақтар

Аю туралы

Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Түлкі туралы

Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері — шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені — ду ғой.

Қоян туралы

Қоян туралы тақпақ айтуға да болады (балалардың жауабы бойынша толықтырылады).

Жарайсыңдар! Аңдар туралы тақпақтарды жақсы білесіңдер.

Сергіту сәті: қоянмен бірге

Қоянның көңілін көтеру үшін балалар қоянның жүрісін салып, қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды.

Сұрақ

Біз жүріп кеткеннен кейін не қалады?

Жауап

Із қалады.

Дәл сол сияқты, аңдар да өз ізін қалдырады. Енді ақ қағаз бетіне қоянның ізін салуды үйренеміз.

Суретпен жұмыс: қоян және оның ізі

Бақылау сұрақтары

  • Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

    Қоян.

  • Қоянның жейтін тамағы қандай?

    Сәбіз.

Өте тамаша!

Тәжірибелік жұмыс

Суреттегі үлгіге қарап, қоянның іздерін қағаз бетіне түсіреміз. Жұмыс барысында ұқыптылық пен таза орындауға мән береміз.

Нәтиже: балалар қоянның ізін салып, аң іздерінің ерекшелігін байқайды.

Қорытынды және ойын

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз не туралы айттық?
  • Сабақ сендерге ұнады ма?

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Қоян балаларға үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттерін әкеледі. Балалардың тапсырмасы — әр жануарды өз орнына орналастыру: үй жануарлары және жабайы аңдар болып бөлу.

Осымен сабағымыз аяқталды.