Рахмет достарым оқуда алда болыңдар

Тақырыбы

«Таныстырған 42 әріппен, қош бол, құтты Әліппе!»

Мақсаты

  • Оқушылардың білімін бекіту, алған білім-білік дағдыларын көрсету.
  • Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Форматы

  • Мерекелік ертеңгілік
  • Әдеби монтаж, ән, би
  • Ойын-тапсырмалар және сахналық қойылым

Жүру барысы

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз алғаш рет сауатымызды ашқан Әліппені аяқтадық.

«Таныстырған 42 әріппен, қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігімізде балаларымыздың осы күнге дейін оқып-жазуға үйреткен Әліппе оқулығынан алған білімдерін ортаға салатын кез келді.

Әліппені бітіру — алдағы өмірге жол бастайтын белестердің бірі. Бүгін біз сол белестің бірінен өттік. Сондықтан бұл той — сіздер мен біздер үшін ортақ, салтанатты мереке. Қош келдіңіздер!

Олай болса, қол соғып қошеметтей отырып, бүгінгі ертеңгіліктің иегерлерін ортаға шақырайық.

Оқушыларды таныстыру

Амирхан

Таныстыру

Сабақтан қалмайтын, үйренгенін ұмытпайтын, алшаң басқан аяқты — ортаға Амирханды шақырайық.

Асанәлі

Таныстыру

Көп оқитын, көп тоқитын, жақсылықты жақтайтын — есімі Асанәлі. Қошеметтеп қояйық!

Айжұлдыз

Таныстыру

Сәулелі де сымбатты, сөйлегені тым тәтті — ата-ананың айы мен күні Айжұлдыз шықты ортаға.

Алуа

Таныстыру

Сабырлы да салмақты, бәрін біліп жаттайды, есепті де шығарады — шуағын шашып Алуа шықты ортаға.

Әділ

Таныстыру

Жұмсағанда баратын, айтқан тілді алатын, атасының ақылдысы — Әділ шықты ортаға.

Жангир

Таныстыру

Даланың дарасы болар, дарабоз жігіт мақтанар, мамасына қолғанат — ортаға Жангирді шақырайық.

Әдеби монтаж

Армысыңдар, аналар! Бармысыңдар, балалар! Сөзіме құлақ салыңыз, бір серпіліп қалыңыз. Әліппеге арналмақ бүгінгі жыр-әніміз!

Асанәлі

Кешегі сәби балаңыз, жарады міне қараңыз. Ғылым-білім жолына енді қайық саламыз. Келгенде алғаш мектепке, білмеуші едік әріпті. Оқимыз қазір ертекті — үйреткен оны Әліппе.

Алуа

Оқуды көп ойладық, қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, сауат аштық — тойладық!

Әділ

Қыркүйекте келдім де, сыныпқа кірдім қуанып. Қарсы алды ұстаз мейірмен, қадамымды құп алып.

Жангир

Оқыған оны ғалым да, оқыған оны мұғалім де. Оқыған оны көсем де, жазушы-ақын, дарын да.

Айжұлдыз

Бар білімнің бастауы — Әліппеден басталды. Үйренуге талпындым, құлшынып балғын жас жаным.

Ән: «Ойыншықтар» (Амирхан)

Балалар бүгін өнерін ортаға салып, ұстазына алғысын білдірді.

Сұрақ: Ұстазымыз бізге білімді қайдан үйретті? Білімді неден алдық?

Жауап: Әліппеден.

Бәрі бірге: «Бар кітапқа бас болған — Әліппе, ғылым данасы. Әліппеден басталған — даналықтың данасы».

Әліппені ортаға шақыру

Олай болса, бар кітаптың басы болған — Әліппе оқулығын ортаға шақырамыз.

Ән: «Әліппе» (бәрі бірге)

Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар — Әліппең келді ортаға.

Алғаш рет өзімнен білім алды балалар, өсті білім санасы, елжірейді жүрегі.

Білім деген ғажаптың әліппесін меңгерген — келешегі қазақтың басталады сендерден.

Бәрі бірге: «Қош келдің, сүйікті Әліппе!»

Би: «Джимми» (Алуа)

Әліппе (сөзі)

Рахмет, балдырғандар! Сендер Әліппеден әріптерді таныдыңдар. Әріпті әріпке қосып, буыннан сөз құрап, сөзден сөйлем құрап, бүгін қысқа-қысқа әңгімелерді оқи алатын болдыңдар.

Осы менімен бірге математика және басқа пәндерді де қатар оқыдыңдар. Ендеше Әліппе мен математикадан алған білімдеріңді ортаға салыңдар: бір марқайып қалайық.

Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегілер елінен» хат келіпті. Хатта сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Олай болса, тапсырмаларды орындайық.

Тапсырмалар

Әліппе бойынша

  1. 1 Әліппе оқулығының 116-бетіндегі М. Мақатаевтың «Әліппе» өлеңін мәнерлеп оқу.
  2. 2 Жасырылған буынды тап.
Көй-лек
Қа-лам
Са-ғат
Сыз-ғыш
Мон-шақ
Ал-ма

Математика бойынша

  1. 1 1–10 тура санау, 10–1 кері санау.
  2. 2 Есеп шығару.

Әліппе (қоштасу)

Рахмет, достарым! Оқуда алда болыңдар. Мен қоштасқанда, алған білімдеріңді әрі қарай «Ана тілі» оқулығымен жалғастырасыңдар. Мені қалай сүйіп, ұқыпты, таза ұстасаңдар, «Ана тілі» оқулығын да дәл солай күтіп ұстайды деп сенемін.

Ұстаздар мен балалар, аталар мен аналар, танысыңдар досыммен — достасыңдар осымен. Бүгін мен аттанғанда, «Ана тілі» оқулығын таныңдар.

«Ана тілі» оқулығын қарсы алу

Ана тілі (сөзі)

Армысыздар, ағайын! Қош келіпсіздер, баршаңыз! Мен де есік қағайын — алтын күздің сыйындай. Құтты болсын қуаныш, құтты болсын мейрамың, құтты болсын тойларың!

Ән: «Мен әдепті баламын»

Орындайтын: Айжұлдыз

Би: Қазақ биі

Орындайтын: ұлдар

Ән: «Қошақан»

Әліппе (соңғы сөз)

Құрметтеріңе бас иемін. Сендерге рахмет айта отырып, қоштасамын.

Рахмет айтып шаттанам,

Риза болып аттанам.

Алда ұзақ жолың бар —

Оқумен өсіп, толыңдар.

Аман-есен болыңдар!

Би: Флешмоб

Ертегі: «Бауырсақ» (сахналық қойылым)

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып, оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор мықты болсын!

Бата

Алайық келер сәтті ойға түйіп, қалар бір шапағаты көпке тиіп. Қол жайып періштенің пейіліне, бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік!

Әумин десең — міне батам:

Қолдасын Қыдыр бабам.

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет.

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет.

Қорытынды

Осымен 1-сыныпта өткен «Таныстырған 42 әріппен, қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!