Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға ұстаздың «екінші ана» екенін ұғындыру, мерекемен құттықтау.
- Танымдық қабілетін арттыру, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
- Білім мен тәрбиенің ұрығын сеуіп, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға — ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Әдеби-музыкалық бағдарлама.
Әдіс-тәсілі
Өлең оқу, ән айту.
Көрнекілігі
Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлеңдер, гүл шоқтары, шарлар.
Сабақ барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі.
- 2 ҚР Мемлекеттік Әнұраны.
Мұғалімнің сөзі
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін жан жоқ.
Ы. Алтынсарин: «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі».
Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білім мен тәрбиенің де жүзеге аспайтыны белгілі. Данышпан да, қарапайым еңбек адамы да, арман қуған жеткіншек те — бәрі бір адамға қарыздар. Ол — ұстаз!
Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, азамат ету — үлкен күш. Сондықтан ұстаздың еңбегі — ұлы еңбек.
«Ұстаз — ұлы тұлға!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялай отырып, кезекті оқушыларға беремін.
Өлең жолдары
Мұғалім деген — ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген — аяулы адам, асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.
Хормен
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
«Ұстаз» сөзінің формуласы
Мұғалім: «Ендеше, “ұстаз” сөзінің формуласы қандай?»
Ән
«Ұстазым» (хор)
Ұлағатты сөздер
Мұғалім: «Келесі кезекті ұстаз ұлылығы туралы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.»
Арайлым
Ой-толғауҰстаздық — ұлы құрмет. Өйткені ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақ басшыны да, дана мен ғалымды да, еңбекқор егіншіні де ұстаз өсіреді.
Айым
Ой-толғауМұғалім — оқушы үшін адамгершіліктің ең биік үлгісі. Сондықтан ол шәкірт жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Жансая
Ой-толғауМұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт келбеті мен киім киісі арқылы да оқушысына жақсы әсер етеді.