Қазақстандағы саяси қуығын - сүргіннің зардаптары

Қазақстанның 1920–1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы (9-сынып)

Сабақ ұзақтығы: 45 минут · Мұғалім: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич

Бұл сабақ Қазақстандағы 1920–1940 жылдар аралығындағы қоғамдық-саяси өзгерістерді, сталиндік жазалау жүйесін және 1930-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің себептері мен зардаптарын түсіндіруге бағытталған.

Сабақтың оқу мақсаттары

  • Шаруаларға қарсы жүргізілген сталиндік жазалау саясаты, кулактар мен байларды жою шараларын талдау.
  • Алаш партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси қуғын-сүргінді сипаттау.
  • 1930-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің салдарын түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер (деңгейлер)

1-деңгей (білу, түсіну)

Барлық оқушы 1930-жылдардағы жаппай қуғын-сүргін және оның зардаптары туралы түсінік қалыптастырады.

2-деңгей (қолдану, талдау)

Оқушылар сабақ мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, талдау жасайды; тест тапсырмаларын орындайды.

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Кейбір оқушылар тақырыпты өмірмен байланыстырып, қосымша дерек көздерін тауып, шығармашылық жұмыс орындайды.

Тілдік мақсат және ресурстар

Негізгі терминдер

Конституция Жеке басқа табыну Авторитаризм Репрессия Ассимиляция Тоталитарлық жүйе АЛЖИР Қарлаг Степлаг

Ресурстар

АКТ, карта, атлас, карта суреттері.

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет.

Алдыңғы оқу

1930-жылдардағы аштық және шаруалар көтерілістері.

Сабақ жоспары: кезеңдер мен уақыт

Сабақта топтық жұмыс, «Қарап шығу» әдісі және «Көңілді тапқырлар» ойыны пайдаланылады. Бағалау сабақ бойы жүргізіледі: топ басшысы әр оқушының белсенділігін бақылап, нәтижені қадағалайды.

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  1. Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушылар бір-біріне ақ тілектер айтып, жағымды көңіл күй сыйлайды.
  2. Топқа бөлу: «АЛЖИР», «Қарлаг», «Степлаг» тақырыптық атаулары арқылы.
  3. Сабаққа дайындықты тексеру: оқу құралдары мен қажетті жабдықтарды бақылау.

Үй тапсырмасын сұрау (10 минут)

1-деңгей (білу, түсіну): «Көңілді тапқырлар»

Әр топтан бір оқушы шығып, сұрақ қойып жауап алады.

  1. 1931–1933 жылдардағы аштықтың себебі неде болды?
  2. Шаруалар Кеңес өкіметіне неге қарсы шықты?
  3. 1929–1933 жылдары қанша шаруалар көтерілісі болды?
  4. 1930-жылдардың басындағы Қазақстандағы ең ірі көтерілісті атаңдар.
  5. 1931–1933 жылдары Қазақстандағы адам шығыны қандай болды, бұл неге байланысты еді?

2-деңгей (қолдану, талдау): тест тапсырмалары

  1. Ұжымдастыру кезеңіндегі қазақ халқы үшін «Ұлы аштық» жылдары: 1931–1933 жж.
  2. Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: С. Шолақов
  3. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылық өткен жылдар: 1929–1931 жж.

3-деңгей (жинақтау, бағалау): картамен жұмыс

  1. Шаруалар толқулары болған аймақтарды белгілеңдер: Созақ, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай.
  2. 1930 жылғы ақпандағы көтеріліс қай жерде болды? 12 ақпан — Созақ.
  3. Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің тарихи маңызы неде?

Жаңа сабақ (5 минут)

«Қуғын-сүргін» тақырыбы бойынша бейнефильм көрсетіледі. Оқушылар жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде негізгі ұғымдарды белгілеп отырады.

Сабақты бекіту (17 минут)

1-деңгей (білу, түсіну): «Қарап шығу» әдісі

Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ойларды айқындап, өз пікірін білдіреді.

  1. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы.
  2. 1930-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін.
  3. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары.

2-деңгей (қолдану, талдау): өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Орталықтың шешімімен Голощекин қашан БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды? 1925 ж.
  2. Қазақстан аумағындағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналған қандай концлагерлерді білесіңдер? АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг.
  3. Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қашан құрылды? 1937 ж., 26 наурыз.

3-деңгей (жинақтау, бағалау): талқылау

  • Қазақстанда тоталитарлық жүйе қай жылы толық орнықты?
  • 1930-жылдардағы қуғын-сүргіннің проблемалары мен зардаптары туралы дәлелді әңгімеле.

Үй тапсырмасы (5–7 минут)

1-деңгей (білу, түсіну)

Қазақстанның 1920–1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы туралы тақырыпты оқып келу.

2-деңгей (қолдану, талдау)

Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жазбаша жауап беру, тест тапсырмаларын орындау, терминдерді жаттау.

3-деңгей (шығармашылық/зерттеу)

1930-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оның зардаптары туралы қосымша материалдар тауып, шығармашылық жұмыс жасау.

Бағалау (3 минут)

Сабақ барысында топ басшысы өз тобындағы оқушылардың белсенділігін, тапсырмаларды орындау сапасын бақылап, нәтижелерді белгілеп отырады.

Бағалау фокусы

  • Тақырыпты түсіну және дәлелмен жауап беру
  • Топтық жұмысқа қатысу және пікір білдіру мәдениеті
  • Карта/ресурс қолдану дағдылары

Кері байланыс және рефлексия (2 минут)

Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінігін қысқаша қорытындылап, келесі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ мақсатына жетуде қандай әрекеттер тиімді болды?
  • Қандай тұстар тиімсіз болды және не себепті?
  • Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізер едіңіз?