Ауа ылғалдылығын анықтайтын құрал
Қош келдіңіздер!
Ертеңгі саясат сахнасында орнықты ой айтып, салмақты тұжырым жасайтын жас жеткіншектерге тірек болатын ардақты ұстаздар, ел ертеңіне қадам басқалы тұрған құрбы-құрдастар — баршаңызға сәлем!
Құрметті мектебіміздің таңдаулы оқушылары, білім бәйгесіне түсетін мектепішілік жаратылыстану пәндері бойынша «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
Ұйымдастыру ескертпесі
Алғашқы сындардың әділдігін қадағалайтын әділқазылар алқасы таныстырылып, қатысушылар ортаға шақырылады. Баршаңызға ақ жол тілейміз!
1-кезең: Бәйге
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
- 1.Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең? (Жауап: 8 км/с)
- 2.Компьютердің негізгі бөліктерін ата. (Монитор, пернетақта, жүйелік блок, тышқан)
- 3.Қазақстанның жер көлемі қанша шаршы километр? (2 717,3 мың км²)
- 4.Жасушасы жоқ ағза? (Вирус)
- 5.Микроскопты ең алғаш ойлап тапқан ғалым кім?
- 6.Жарақаттанған дене бөлігінің қайта қалпына келуін қалай атайды? (Регенерация)
- 7.Нейрон дегеніміз не? (Жүйке жасушасы)
- 8.Қай ел өте ұзын әрі жіңішке? (Чили)
- 9.Күн жүйесінің ортасында не орналасқан? (Күн)
- 10.Фитонцид деген не? (Микробтарды өлтіретін зат)
- 11.Адам ағзасында шамамен қанша химиялық элемент бар? (80-ге жуық)
- 12.Алманың жерге құлағанын көріп, қандай заңды ашқан ғалым? (Ньютон, тартылыс заңы)
- 13.Бриология ғылымы нені зерттейді? (Мүктерді)
- 14.Жасушаны зерттейтін ғылым? (Цитология)
- 15.Ауаның құрамындағы тыныс алуға жарамды газ? (Оттегі)
2-кезең: Тіл–өнер
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
Бұл кезеңде қатысушылар сұрақтың жауабын үш тілде айтады.
- 1.Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)
- 2.Компьютерді «жарыққаламмен» басқаратын құрылғы. (Тышқан)
- 3.Көлден үлкен, мұхиттан кіші. (Теңіз)
- 4.Домна пештерінде не қорытылады? (Темір)
- 5.Әйел махаббаты құдайының құрметіне қай планета аталған? (Шолпан)
- 6.Фиджи аралдары қай жерде орналасқан? (Тынық мұхитында)
- 7.Айда не жоқ? (Ауа)
- 8.Алхимиктер жеті ғаламшарды жеті металға теңеген. Ол қандай металдар? (Алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын, сынап)
3-кезең: Жеті жұмбақ
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
Ескерту: осы турдан кейін аз ұпай жинаған қатысушылар ойыннан шығарылады. Нәтижесінде тек төрт оқушы қалады.
- 1.Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жасады? (Асбұршаққа)
- 2.Ауа ылғалдылығын анықтайтын құрал? (Барометр)
- 3.Тіс ауруын емдеуге пайдаланылатын элемент. (Фтор)
- 4.Ауада мөлшері ең көп болатын газ. (Азот)
- 5.Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя. Қырық ұяда қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан. (Бидайдың масағы)
- 6.Пішіні бар домалақ, көміп қойдым сығалап... Бес ай уақыт өткенде, қаптап алдым дорбалап. (Картоп)
- 7.Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім. (Қарбыз)
- 8.Бауыздасаң қан орнына су ағар. (Қауын)
4-кезең: Тапқырлық
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
-
1.Неліктен қуырылған ас суға піскен астан дәмдірек?
Жауап: су 100°C-та қайнайды, майдың қызуы 200°C-қа жуық; жоғары температурада органикалық заттар өзгеріске түсіп, хош иіс пен дәм күшейеді.
-
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма?
Жауап: болады — мұз күйінде.
- 3.Көлемін сақтап, пішінін өзгертетін заттың күйі қандай? (Сұйық)
-
4.Көптеген құстар неге қанатын қақпай-ақ қалықтап тұра алады?
Жауап: ауа ағындары құстың қалықтауына мүмкіндік береді.
-
5.Су неліктен отты өшіреді?
Жауап: су ауаны (оттегіні) ығыстырады; оттексіз жану жүрмейді.
Бұл кезеңнен кейін де аз ұпай жинаған қатысушы ойыннан шығады.
5-кезең: Жорға
Әр дұрыс жауап: 1 ұпай
Қойылған сұрақтарға барынша шапшаң жауап беріледі. Ойын барысында екі оқушы ғана қалады.
- 1.Калий — металл
- 2.Сутегі — газ
- 3.Альпі — тау
- 4.Темірқазық — жұлдыз
- 5.Сарыарқа — дала
- 6.Бекіре — балық
- 7.Шың — таудың ең биік нүктесі
- 8.Қарағанды — қала
- 9.Күлте — гүлдің мүшесі
- 10.Виктория — сарқырама
6-кезең: Егер мен…
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
Жағдайлық тапсырмалар
-
1. Егер сіз Денсаулық сақтау министрі болсаңыз, қазіргі кезде жер шарына қауіп төндіріп тұрған СПИД, құс тұмауы сияқты аурулардың алдын алу үшін не істер едіңіз?
-
2. Егер сіз эколог болсаңыз, жаһандық жылыну үдерісін қалай тоқтатар едіңіз?
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.