Биология 7 сынып Тақырыбы

Биология · 7-сынып

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Бұл тақырып жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақтылар класына жататын екі маңызды тұқымдасты — асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарын — таныстырады. Сабақ барысында олардың түрлері, құрылысы, сондай-ақ тағамдық және дәрілік маңызы талданып, салыстырылады.

Мақсаты

Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақтылар класының өкілдері ретінде асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарының тағамдық және дәрілік маңызын түсіндіру; түрлері мен құрылысы бойынша ойлау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту және кестелермен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Тарих
  • Химия
  • Медицина

Міндеттері

Пікір білдіру арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері мен мәдениетін дамыту, тіл ұстарту шеберлігін жетілдіру.

Ойын элементтері, кестелер және ауызша диктанттар арқылы ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарының түрлерін топпен оқып, меңгереді.
  • Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа және сыни ойлауға үйренеді.
  • Өзіндік идеялары мен ойларын ашық айтып, оқушының өзіндік «Менін» қалыптастырады.