Себеп - салдар салалас

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Қарсылықты салалас

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ. Топтық жұмыс.

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, сызба, кестелер, доп, стикерлер

Сабақтың эпиграфы

«Қазақ халқының болашағы — қазақ тілінде»

Н. Ә. Назарбаев

Сабақтың мақсаты

1) Білім

Қарсылықты салалас және оның мағыналық түрлері туралы білім алады.

2) Түсіну және қолдану

Қарсылықты салаластың мағыналық түрлерінің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін меңгереді; бұрынғы білімдерімен салыстырып, ажыратып, қолдана алады.

3) Тәрбиелік бағыт

Сөздік қоры молайып, ана тілінің жанашыры болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  4. Қауышу сәті: «Шаттық шеңбері» — жан жылуын сыйлау.
  5. Сыныпты 4 «жанұяға» бөлу («Атом мен молекула» әдісі).
  6. Эпиграфты оқу.
  7. Өзіндік бағалау парағын тарату.

II. Үй тапсырмасын тексеру

104-жаттығу: «Сәйкестендіру» тесті (себеп–салдар салалас)

Берілгендер

  • 1) Жай сөйлем
  • 2) Себеп–салдар салалас
  • 3) Жай сөйлем

Мәтіндер

  1. Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, … жаңағы жүк машинаға да жеттік.
  2. Сасық күзен, тышқан, жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады, … неге десең, ондай жердің асты ылғалсыз құрғақ болады.
  3. Есенқұл жауап қатқанша болған жоқ, … және таза түрінде кездесуі сирек.
  4. Кей металдар табиғатта өте аз, … неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.

Ескерту: көп нүктелер — тапсырмадағы түсіп қалған бөліктерді білдіреді.

«Миға шабуыл»: зымыран сұрақтар

1-топ

  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  • Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?

2-топ

  • Салалас құрмалас дегеніміз не?
  • Салалас құрмалас мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

3-топ

  • Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
  • Ыңғайлас салалас қалай жасалады?

4-топ

  • Себеп–салдар салалас дегеніміз не?
  • Себеп–салдар салалас қалай жасалады?

III. Мағынаны тану

Мысалдар (қарсылықты салалас)

  1. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай мазасыздандырмайды. (Ғ. С.)
  2. Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы мұндай дәрежеде емес-ті. (Ғ. С.)
  3. Елемес бір нәрсе айтайын деп еді — Шымырбек үндемей қалды. (С. Е.)
  4. Бұл әлі құлама кәрі кісі емес еді, оны қайғы-қасірет жаншып барады.
  5. Бас болмақ оңай — бастамақ қиын. (мақал)

«Менен — сұрақ, сізден — жауап» әдісі

  • Не байқадық?
  • Қандай шылаулар арқылы жасалған?
  • Қарсылықты салаластың жалғаулықсыз түрі бар ма?
  • Қандай тыныс белгілерін байқадық?

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары «егер–онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіріледі.

Білімді бекіту

107-жаттығу (ауызша)

Қарсылықты салаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

  • Оларда пасықтық бар — адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар — жарқын жүз жоқ.
  • Мен түріктің падишасы Афрасиабтың өзінің қымбат нәрселерін, алтын-күмістерін Хорезм өлкесіндегі Кердеріден жоғары бір жерге көмгені туралы көне деректі парсы тілінен оқып білдім, бірақ II Хұсрауға дейін оны ешкім білмеген.
  • Жанқия апай сені елжіретіп сүймейді де, өтінбейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да…
  • Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды — неге екені белгісіз, қаймығады.
  • Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар, сонда да әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалды.

Дәптермен жұмыс: 106-жаттығу

Берілген жай сөйлемдерге қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құраңдар.

  1. Жел саябырлаған сияқты, …
  2. Теңіз тынышталды, …
  3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, …
  4. Бұрын бай еді, …
  5. Көп балалы үйдің шаң-шуңы көп болушы еді, …
  6. Жаз ортасы болып қалды, …

Сергіту сәті

«Жаңбырлы сәт» қимыл-қозғалыс жаттығуы.

Тақтамен жұмыс: семантикалық карта (108-жаттығу)

Қайсысы ыңғайлас, қайсысы себеп–салдар, қайсысы қарсылықты салалас екенін табыңдар. Әрбір салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолын түсіндіріңдер.

Сөйлемдер Ыңғайлас Себеп–салдар Қарсылықты
Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор.
Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс.
Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да көретіні — қазып жатқан көр болады.
Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады — халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.

Қосымша: сөйлем мүшелеріне синтаксистік талдау жасау.

  1. Ол жылдам жазып отыр, себебі бұл бұрыннан-ақ көкейінде сайрап жүр еді.
  2. Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және өзі жақсы орындайды.
  3. Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
  4. Халықтар бейбітшілік үшін күреседі.

IV. Ой-толғаныс

«Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы

Шарты: аяқталмаған мақалдарды аяқтау.

  1. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
  2. Үйлену оңай — үй болу қиын.
  3. Сөзің тәтті болсын — ашуың қатты болсын.
  4. Сүңгінің жарасы бітеді — тіл жарасы бітпес.
  5. Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте.
  6. Өзге тілдің бәрін біл — өз тіліңді құрметте.
  7. Кесел батпандап кіреді — мысқылдап шығады.
  8. Бірге тумақ бар — бірге жүрмек жоқ.

Үй тапсырмасы, бағалау және қорытынды

Үй тапсырмасы

Қарсылықты салалас: 109-жаттығу.

Бағалау

Өзіндік бағалау парағы бойынша және мұғалімнің қорытынды бағалауы.

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Сөзіміз де, ойымыз да мінсіз болсын десек, ана тілімізді құрметтейік!