Сұлулық қыз бен
Сайыстың тақырыбы
«Гүлдер патшалығында»
Сабақтың түрі
Сайыс сабағы
Қатысушылар
7, 8, 9-сынып қыздары (3 топ)
Бағалау
5 ұпайлық жүйе
Сайыстың мақсаты
Білімділік мақсаты
Адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып, қыз баланы гүлге теңеу арқылы оқушылардың білімін толықтыру, әсемдікке жан-жақты болуға баулу. Гүлдер туралы мағлұматты тереңдетуге ықпал ету.
Дамытушылық мақсаты
Технология сабағында алған білім мен тәжірибені қолөнер шеберлігі және сөз өнерімен ұштастыра отырып, оқушылардың қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Түрлі ұсақ заттардан көркем жұмыс ойлап табу арқылы шеберлікті арттыру, шыдамдылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік пен қажетті жабдықтар
Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме және безендіру элементтері: гүл шоқтары, паннолар, гүлді плакаттар, суреттер, гүлді жастықшалар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, гүлмен өрнектелген тағамдар.
Қолөнерге қажетті материалдар
- түрлі түсті қағаздар
- желім
- қайшы
- скотч
- қағаз, шүберек, саз, ермексаз
- бисер, жіп, т.б. материалдар
Жоспар (9 кезең)
-
I кезең: Топты таныстыру
Топтың аты міндетті түрде гүл атауы болуы керек. Ұран, төсбелгі (эмблема) тақырыпқа сай дайындалады.
-
II кезең: Гүлдер көрмесі
Әр сынып алдын ала дайындалған тақырыптық көрмені таныстырады: қағаздан, шүберектен, саздан, ермексаздан, бисерден, жіптен және басқа материалдардан жасалған бұйымдар. Қоса алғанда, тірі гүлдер бұрышы ұйымдастырылады.
-
III кезең: «Сен білесің бе?»
Білімді анықтауға арналған сұрақ-жауап. Қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылады.
Сауалнама сұрақтары
-
1. Икебана дегеніміз не?
A) Қағаздан жасалған бұйымдар
B) Өсімдіктерден құрастырылған, кептірілген өсімдіктерден жасалған көркем шығарма
C) Шүберектен құрастырылған көркем шығарма
-
2. Әйел, қыздарды гүлге теңеген ақын кім?
A) Тұманбай Молдағалиев
B) Қуандық Мәдір
C) Мұзафар Әлімбаев
-
3. Шайдың отаны қай елдер?
A) Жапония – Цейлон
B) Қытай – Үндістан
C) Африка – Эфиопия
-
4. Тікенекті, емдік қасиеті жоғары бөлме өсімдігі?
A) Кактус
B) Алоэ
C) Раушангүл
-
5. Үй жағдайында өсірілетін ергежейлі ағаш?
A) Сонан
B) Бонсай
C) Моеги
-
6. Дүниежүзіндегі ең жуан ағаш (жуандығы 10–14 м):
A) Терек
B) Хо кидати
C) Баобаб
-
7. «Колоколчик» гүлінің қазақша атауы:
A) Қоңыраугүл
B) Қалампыр
C) Қызғалдақ
-
8. Көктемде алғаш болып шығатын гүл:
A) Қалампыр
B) Раушан
C) Бәйшешек
-
9. «Гвоздика» гүлінің атауы:
A) Райхангүл
B) Қалампыр
C) Түймедақ
-
1. Икебана дегеніміз не?
-
IV кезең: «Гүл өнері — би өнері»
Алдын ала берілген тапсырма бойынша топ мүшелері басқа оқушыларды қатыстыра отырып, гүл бейнесін жасап, би өнерін көрсетеді.
Аттары мәлім емес баршамызға,
Асыл қасиет болу керек барша қызда.
Көрсетсін өнерлерін аруларым —
Ән салып, би билесін ортамызда. -
V кезең: «Қағаз гүлдер солмайды»
Берілген уақыт ішінде қағаздан гүл жасау. Жапсырмалау, бүктеу, орау тәсілдері қолданылады.
Тапсырма: түрлі түсті қағаздан 1 бума гүл жасау
Уақыт: 10 минут
-
VI кезең: «Көрермендер көрімдігі»
Көрермендермен ойын: өнер, гүл, сұлулық жайындағы мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Дұрыс жауап берген көрермен өз ұпайын қатысып отырған топтардың біріне береді.
Мақал-мәтелдерді толықтырыңыз
- Өнерлі бала …
- Өнерлінің қолы алтын, …
- Шебер көп жерде …
- Қыз өссе — елдің көркі, …
- Сұлулық — қыз бен …
- Істі ине тікпейді, …
- Қыз еркем, …
- Ел іші …
-
VII кезең: «Артық болмас білгенің»
Үй тапсырмасы бойынша әр топ гүлдер туралы дайындап әкелген мәліметтерімен таныстырады (альбом, слайд, видеофильм, фотолар және т.б.).
Қызғалдақ туралы аңыз
Ерте кезде қызғалдақтың бүршігінің ішінде бақыт жасырынған деген болжам болған. Оны ешкім аша алмаған. Бір күні сәби гүлді көріп, сықылықтап күледі. Сол сәтте гүл жайлап ашылып, бақыт сәби күлкісінен тараған деседі.
Пион туралы аңыз
Пион райхан гүліне ұқсайды. Аңыз бойынша, Флора құдайы өз орнына райханды ұсынбақ болғанда, пион «орынға мен лайықпын» деп дауласады. Ренжіген Флора оны ірі әрі «үрленген» кейіпте қалдырыпты. Содан пион райханға қарағанда көріксіздеу болып қалған дейді.
Лалагүл (лилия) туралы аңыз
Қазақша атауы — лала. «Ли-ли» аудармасы «аппақ» деген ұғымнан шыққан делінеді. Аңызда Аналар құдайы Юнона Геркулесті тамақтандырмақ болып еңкейгенде, сәби оны итеріп жібереді. Ана сүтінің тамшыларынан аппақ гүлдер пайда болады. Қазір лалагүлдің бірнеше түсі бар.
-
VIII кезең: «Жас дизайнерлер жарысы»
Қатысушы қыздар қағаздан немесе басқа материалдардан гүл жасап, сынып жетекшілерін гүлмен безендіреді. «Гүлді көйлек» жасалып, сынып жетекшілері киіп, залды айналып өтеді.
Нәтиже: сәндік образ және таныстырылым
Уақыт: 10 минут
-
IX кезең: «Дастархандағы гүлдер»
Тағамдарды гүл бейнесімен безендіру әдістерін көрсету. Мысалы: торт, салат, тәтті тоқаштар және т.б.
Өтілу барысы (сценарий желісі)
Қош келдіңіздер
Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! «Гүлдер патшалығында» атты сыныптан тыс сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кештің ханшайымдарын ортаға шақырайық: 7-сыныптың тобы, 8-сыныптың тобы, 9-сыныптың тобы.
Ұйымдастыру сәті
Әр топ жеке орналасады. Кеш жоспары таныстырылып, әр кезеңнің ерекшелігі қысқаша түсіндіріледі.
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Жақсы істі әрқашанда саралаған,
Әділдік туын төріне қадап алған.
Осындай жарыстарға төре болып,
Қашанда әділқазы бағалаған.
Осы орайда сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
Қорытынды және марапаттау
Гүл өсірсең терлеп — мұның аты еңбек,
Кесте тіксең зерлеп — мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп әзірленсең — еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Кешімізді аяқтай отырып, қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.