Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу

Тақырыбы

Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Мақсаты

Оқушылардың топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, қызығушылығын арттыру және әлеуметтік ортаға бейімдеу.

Күтілетін нәтиже

Қарым-қатынас және өзіндік пікір

Оқушы өз ойын еркін әрі дәл жеткізу дағдысын қалыптастырады.

Бірлескен жұмыс

Жеке, жұппен және топпен бірлесіп жұмыс істей білуге дағдыланады.

Бағалау мәдениеті

Бағалаудың мәнін түсінеді, бір-бірін бағалауды және өзін-өзі бағалауды үйренеді.

Қызығушылық пен белсенділік

Оқуға деген қызығушылығы артып, сабақтағы белсенділігі күшейеді.