Арғы атаң

Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Сынып

2-сынып

Түрі / Типі

Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Типі: жаңа білімді меңгеру

Әдістер / Құралдар

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, баяндау
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар
Технология: дамыта оқыту

Сабақ мақсаты (Білімділік)

  • Оқушылардың сөз туралы алған білімін пысықтау.
  • Кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болатынын түсіндіру.
  • Мәтіннен қарама-қарсы сөздерді табуға және орынды қолдануға машықтандыру.

Сабақ мақсаты (Дамытушылық)

  • Есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Тілді дамыту, сөздік қорды байыту.

Сабақ мақсаты (Тәрбиелік)

  • Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
  • Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.

Сабақ барысы

Сабақ «Жеті ата ауылына» жасалатын танымдық саяхат түрінде ұйымдастырылады. Әр «ауылда» оқушылар тапсырма орындап, жаңа ұғымды бекітеді: мағынасы қарама-қарсы сөздер.

1) Мотивациялық-бағдарлау кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыруға арналған тілектер:

Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін.

Мен бүгін саған жақсылық тілеймін.

Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін.

2) Ой қозғау: «Жеті ата ауылына саяхат»

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: біз «Жеті ата ауылына» саяхат жасаймыз. «Жеті атасын білген ер — жеті ру елдің қамын жер» деген нақылды еске түсірейік.

Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Қазақ халқының дәстүрінде жеті атаны білу — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын тәрбие. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы сияқты жеті атасының нақты есімдерін жаттап өседі.

Өзің
Әкең
Атаң
Арғы атаң
Бабаң
Түп ата
Тек ата

Саяхатқа шығу үшін көлік дайындаймыз. Техника дамымаған кезде ата-бабаларымыз көлік ретінде нені пайдаланған?

  • Ат
  • Түйе
  • Өгіз

Оқушылар «ат» таңдайды, сұрақтарға жауап бере отырып алғашқы ауылға жетеді.

3) «Ата ауылы»: білімді тексеру тапсырмалары

Ой толғаныс сұрақтары:

  • Сөз неден құралады?
  • Әр сөздің қандай мағынасы болады?
  • Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
  • Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем құра.

Қауіпсіздік ескертпесі: «Жер тайғақ, құлап қалмайық» — бәріміз дұрыс отырып, назарымызды сабаққа аударайық.

4) «Әке ауылы»: көпірдегі екі лақ оқиғасы

Көпірде екі лақ кездеседі. Қара лақ: «Мен қыста тудым, сен жазда тудың. Сондықтан жасым үлкен, жол бер» дейді. Ақ лақ: «Жасың үлкен болғанымен, бойың қысқа, ал менің бойым ұзын. Неге мен жол беруім керек?» деп жауап береді. Екеуі сүзісіп, көпірден құлап түседі.

Сұрақ-жауап

Түстері қандай?
Аққара
Қай мезгілде туған?
Қыстажазда
Жастары қандай?
Үлкенкіші
Бойлары қандай?
Ұзынқысқа

Қорытынды

Ақ-қара, қыс-жаз, үлкен-кіші, ұзын-қысқа — бұлар бір-біріне мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері тұжырымдайды: қарама-қарсы мағыналы сөздерді тану, мәтіннен табу және сөйлеуде дұрыс қолдану.

5) Операциялық-орындаушылық кезең: «Бала ауылы»

Оқулықпен жұмыс: 240-жаттығу. Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, көшіріп жазу.

Үлгі сөздер

таза, арзан, жылы, мейірімді, әлсіз, терең

Тапсырма мақсаты: әр сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тауып, жұп құру және оны сөйлемде орынды қолдану.

6) «Немере ауылы»: сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы демалып алайық:

  • Қолды белге қояйық.
  • Иіліп солға — бір, иіліп оңға — бір.
  • Алға қарай — бір адым, артқа қарай — бір адым.
  • Жоғары, төмен қарайық, орнымызды табайық.

Талқылау: сергіту сәтінде кездескен қарама-қарсы сөздер — солға–оңға, алға–артқа, жоғары–төмен.

7) «Шөбере ауылы»: мақал-мәтелдер арқылы бекіту

Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашу және қарама-қарсы сөздерді табу (ауызша жұмыс).

Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа; жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

8) «Шөпшек ауылы»: ребус және қосымша дерек

241-жаттығу

Ребусты шешу: «Жарық», «жарқанат», «асық».

Жұмыс түрі: топпен жұмыс.

Қосымша дерек: «Жарық» туралы

Жарық — энергия көзі. Оның маңызы ерекше. Жарық пен жылудың негізгі көзі — Күн. Күн — Жерге жақын орналасқан жұлдыз, өте үлкен газды шар және Күн жүйесіндегі ең орасан дене.

Жарықсыз өмірді елестету қиын: тіршілік атаулы жарық пен жылу арқылы жанданып, дамиды. Жарық — табиғатты танудың маңызды құралы, өйткені адам қоршаған ортаны көру мүшесі — көз арқылы қабылдайды.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

9) «Немене ауылы»: қорытынды тапсырмалар

239-жаттығу: «Қолғаптың сыңарын тап» — қарама-қарсы сөздерді жұптастыру.

Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құра:

таза лас тар кең жуан жіңішке жас кәрі қалың жұқа кіру шығу жұмсақ қатты күн түн ыстық суық айлакер аңқау батыр қорқақ

Үй тапсырмасы

238-жаттығу.

Ой түйіндеу

Бүгін біз мағынасы қарама-қарсы сөздермен жұмыс жасадық. Мұндай сөздер заттың сапасы мен белгісін салыстыру үшін қажет.

10) Бағалау және көңіл күйді анықтау

Оқушылар өз жұмысына баға береді: партаның үстіндегі үш түсті алманың біреуін таңдайды.

Қызыл

Өте жақсы

Жасыл

Жақсы

Сары

Қанағаттанарлық

Көңіл күйді көрсету: партаның үстіндегі смайликтер арқылы өз күйіңді белгіле.