Шеше - отбасының тірегі

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Тәрбие тал бесіктен басталады»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Техникалық құрал

Интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Топтастыру
  • Өзіндік ізденіс
  • Талдау

Көрнекі құралдар

  • Оқулық
  • Слайд
  • Кеспелер
  • Суреттер
  • Тірек сызбалар
  • Тақтаға ілінген ұлағатты сөздер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақ отбасы тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімді пысықтап, теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы терең меңгерту.

Дамытушылық

Грамматикадан алған білімді жаттығу жұмыстары арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру. Топтық және жұптық жұмыс арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіріп, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Отбасын құрметтеуге, ата-анаға көмек көрсетуге баулу.

Ұлағатты сөздер

Сабақ барысында тақтаға ілінетін нақыл сөздер оқушылардың ойлануына, салыстыруына және қорытынды жасауына көмектеседі.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады»

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз; қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа назарын шоғырландыру үшін қысқа сергіту ұйымдастырылады.

Сергіту (амандасу жаттығуы)

  • Қайырлы күн, әлем!
  • Қайырлы күн, аспан!
  • Қайырлы күн, сен!
  • Қайырлы күн, мен!
  • Қайырлы күн, мұғалім! Қайырлы күн, қонақтар!

Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма

«Тәрбие» және «отбасы» тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер айту.

Оқушылар мақал-мәтелдерге сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері ашады.

Өткенді еске түсіру: «Идея себеті» ойыны

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?» Сұраққа жауап беру үшін жұптық жұмыс ұйымдастырылады.

Жұмыс тәртібі

  1. Әр жұп отбасы мүшелеріне қатысты атауларды қағазға жазады.
  2. Әр атауға қысқаша түсінік береді.
  3. Жазылған жауаптар плакатқа бекітіледі.
  4. Уақыты: 3–5 минут.

Негізгі ұғымдар

Бұл тақырып 8-сыныпта қарастырылған. Биылғы жылы білім жалғасып, кеңейтіледі.

  • Әке-шеше (ата-ана) — дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар.
  • Немере — ұлдың баласы.
  • Шөбере — немеренің баласы.
  • Жеңге — ағаның әйелі.
  • Ағайын — бірге туған туыстар.
  • Нағашы — баланың анасының төркіні.
  • Жиен — қыздан немесе әпке-қарындастан туған бала.

Жұптық жұмыс: «Қатені тап» ойыны

Бірінші жұпқа қате мәліметтері бар мәтін ұсынылады. Міндет: мәтіндегі қателерді тауып, дұрысын дәлелдеп айту.

Қате мәлімет берілген мәтін (талдауға арналған)

Ескерту: мәтінде ең қарапайым қате де, тақырыпты ашқаннан кейін қорытынды арқылы табылатын мағыналық қате де бар.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше — отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.

Әже — отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды.

Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді.

Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана — отбасының беріктігін сақтаушы.

Ана — отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған-туыстардың қарым-қатынасын сақтамайды. Ана — отбасындағы татулық ұйытқысы.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы — бала.

«Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады.

Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл — балаға берілетін ең бірінші баға.

Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.