Теледидардың пайдасы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Покровка орта мектебі

Өткізуші мұғалім: қазақ тілі мұғалімі Еділбаев А.С.

Сабақтың тақырыбы: Теледидардың пайдасы мен зияны. Өткен шақ. Жедел өткен шақ.

Сабақтың мақсаты

  • Теледидардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет беру.
  • Оқушылардың теледидар туралы толық ой қалыптастыру.
  • Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
  • Ой-өрісті, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Оқытудан күтілетін нәтиже

  • Оқушылар теледидардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет алады.
  • Теледидар туралы тұтас көзқарас қалыптастырады.
  • Ой-өрісі, тіл байлығы, есте сақтау қабілеті дамиды.

Сабақтың ұраны

«Есте сақтау үшін үйренсең, ұмытасың. Ал түсіну үшін оқысаң, есіңе сақтайсың».

— Сабақ ұраны

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Оқушылар бір-біріне қошемет білдіреді.

Екі топқа бөліну

Оқушылар екі басшыны таңдайды. Басшылар дорбаға жиналған қаламсаптарды кезекпен шығарып, өз топтарын құрайды.

2) Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың дәптерлері тексеріледі: тұйық етістікті сөздерді тәуелдеу және септеу тапсырмалары.

3) Өткенге шолу

I топ

«Айту» сөзін септеу

Септік Үлгі Жалғау
Атау айту
Ілік айтудың / айтудың -дың / -дің
Барыс айтуға / айтуге -ға / -ге
Табыс айтуды / айтуді -ды / -ді
Жатыс айтуды / айтуді (айтуда / айтуде) -да / -де
Шығыс айтудан / айтуден -дан / -ден
Көмектес айтумен / айтубен -мен / -бен

II топ

«Жүру» сөзін тәуелдеу

Жақ Жекеше Көпше
I Менің жүруім Біздің жүруіміз
II Сенің жүруің Сендердің жүрулерің
II (сыпайы) Сіздің жүруіңіз Сіздердің жүрулеріңіз
III Оның жүруі Олардың жүрулері

2-тапсырма: сөйлемнен тұйық етістікті табу

  1. 1)Менің жұмысқа кешігуім.
  2. 2)Менің оны байқамауым.
  3. 3)Динаның домбырамен әсем ән айтуы.
  4. 4)Мараттың шахматтан жеңуі.
  5. 5)Сенің сабаққа ерте келуің.
  6. 6)Асанның ойламай сөйлеуі.
  7. 7)Айгүлдің төсек жинауы.
  8. 8)Біздің жиналысқа келуіміз.

4) Жаңа тақырып: Жедел өткен шақ

Жедел өткен шақ (очевидное прошедшее время) жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті.

Мысалдар

  • Айгүл таңертең сәкі жуды.
  • Марат кеше қызықты кино көрді.
  • Мұғалім балаларға жақсы әңгіме айтты.
  • Ол түнде әлденеден оянып кетті.

Ереже

Сөз соңында қатаң дауыссыз дыбыс тұрса, -ты/-ті жұрнағы жалғанады. Басқа жағдайда көбіне -ды/-ді қолданылады.

Ескерту ретінде: Қаз, жаз, тұр, тер, тап, кір, бол сияқты етістіктерде дыбыстық үйлесім сақталады.

Жедел өткен шақтың жіктелуі (мысал: «көру»)

Жақ Жекеше Көпше
I Мен көрдім Біз көрдік
II Сен көрдің Сендер көрдіңдер
II (сыпайы) Сіз көрдіңіз Сіздер көрдіңіздер
III Ол көрді Олар көрді

Тапсырма: «айт», «кел», «жаз», «отыр» сөздерін жедел өткен шақта жіктеңдер.

5) Жаттығу: сөйлемдерден жедел өткен шақты табу

  1. 1)Алғашқы электронды теледидар 1949 жылы пайда болды.
  2. 2)Мен қызықты кино көрдім.
  3. 3)Марат теледидардан қызықты хабарларды көп тыңдаған.
  4. 4)Айгүл кеше қызықты бағдарлама көрген.
  5. 5)Ол таңертеңгі хабарды тыңдамайтын.
  6. 6)Айжан бірінші хабарды қызықтап қарады.
  7. 7)Теледидар пайда болғанша, ғалымдар көп жұмыс жүргізді.
  8. 8)Неміс өнертапқышы Пауль Нипков спираль тектес теледидарды ойлап тапты.

6) Сөздік (cловарь)

Теледидар
телевизор
Адам ағзасында
в организме человека
Бағдарламалар
программы
Телеарналар
каналы
Ақпарат
информация
Танымдық
познавательный
Ұялы телефон
сотовый телефон

7) Мәтін: теледидардың пайдасы мен зияны

Зерттеулер бойынша теледидар алдында ұзақ уақыт отырған адам тез шаршайды, ашуланшақ әрі ұмытшақ болады. Адам ағзасында холестерин мөлшері артады, көз шаршайды, ұйқы бұзылады.

Қазіргі плазмалық және сұйық кристалды теледидарлардың әсері кей жағдайда күштірек болуы мүмкін. Сондай-ақ сапасыз, зиянды мазмұн адам психикасына әсер етіп, баланың қатыгез, мейірімсіз болып өсуіне ықпал етеді.

Дегенмен теледидардың пайдасы да бар: танымдық бағдарламаларды, әлем жаңалықтарын, спорт пен денсаулыққа қатысты ақпаратты көруге болады.

Фокус

Зияны

  • Шаршау, ашуланшақтық, ұмытшақтық.
  • Көздің шаршауы, ұйқының бұзылуы.
  • Психикаға кері әсер ететін зиянды мазмұн.

Фокус

Пайдасы

  • Танымдық бағдарламалар арқылы білімді кеңейту.
  • Әлем жаңалықтарын жедел білу.
  • Спорт, денсаулық туралы пайдалы ақпарат алу.

8) Шығармашылық жұмыс

Видео қойылым

Тақырып: «Теледидардың пайдасы мен зияны».

Постер қорғау

  • I топ: Теледидардың зияны.
  • II топ: Теледидардың пайдасы.

9) Бағалау және рефлексия

Бағалау парағы

Топтық жұмыс, тапсырмалар және белсенділік бойынша бағалау жүргізіледі.

Рефлексия сұрағы

Мен бүгінгі сабақта не білдім?