Сөздерден сөйлемдер құраңдар

Сабақтың мазмұны

Тақырып

Астана — бас қала. Бас қаланың бойтұмары. Сан есім (дара, күрделі).

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Мақсаты

Елорда туралы түсінікті кеңейту; мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту; туған еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Әдісі

Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Көрнекілігі

Суреттер, үлестірмелі қағаздар, бейнематериал.

Күтілетін нәтиже

  • 1

    Астана қаласының тарихын меңгереді.

  • 2

    Астананың өркендеу жолындағы жетістіктерін біледі.

  • 3

    Мәтінмен жұмыс барысында сан есімдерді (дара, күрделі) еркін таба алады.

Қалай бағаланады (көрсеткіштер)

1) Тест жұмысы

Өткен тақырыптарды қысқа сұрақтар арқылы қайталау.

2) «Символдар» стратегиясы

Суретке сүйеніп шағын мәтін құрастыру.

3) «Топтастыру» стратегиясы

Мәтіндегі негізгі ойды құрылымдау, жүйелеу.

4) «Семантикалық карта»

Деректерді сәйкестендіріп, қорытынды жасау.

5) «Бес жолды өлең»

Тақырыпты қысқа әрі мазмұнды тілмен жинақтау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Сыныпты 2 топқа бөлу.
  • Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.

II. Өткенді қайталау: тест

Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест ұсынылады.

  1. 1. Қазақстандағы Сырдарияның орта бойында орналасқан ірі қалалардың бірі қалай аталады?

    • A) Отырар
    • Ә) Сайрам
    • Б) Жамбыл
  2. 2. Күрделі сөздердің қанша түрі бар?

    • A) 2
    • Ә) 4
    • Б) 3
  3. 3. Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қай жерде дүниеге келген?

    • A) Отырарда
    • Ә) Таразда
    • Б) Қызылордада
  4. 4. Қазақстанның астаналары Орынбор, Алматы, Астана болды. Тағы қай қала астана болған?

    • A) Шымкент
    • Ә) Қызылорда
    • Б) Түркістан
  5. 5. 1920–1922 жылдары Қазақстанның алғашқы астанасы болған қала қайсы?

    • A) Алматы
    • Ә) Астана
    • Б) Орынбор
  6. 6. 1922–1929 жылдары астана Қызылорда қаласына көшірілді. Ол қалай аталды?

    • A) Ақмешіт
    • Ә) Мерке
    • Б) Суяб
  7. 7. 1929–1997 жылдары республикамыздың астанасы болған қала қалай аталады?

    • A) Астана
    • Ә) Орынбор
    • Б) Алматы
  8. 8. Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға қай жылы Жарлық шығарды?

    • A) 1998 жылы 6 мамыр
    • Ә) 1997 жылы 10 желтоқсан
    • Б) 1991 жылы 1 желтоқсан
  9. 9. Екібастұз, Ақтөбе, Қызылорда сөздері қандай сөз?

    • A) Қос сөз
    • Ә) Біріккен сөз
    • Б) Тіркескен сөз
  10. 10. Ата-ана, бала-шаға, ағайын-туыс сөздері қандай сөздер тобына жатады?

    • A) Біріккен сөз
    • Ә) Қысқарған сөз
    • Б) Қос сөз

Жауап кілті

1–A, 2–Ә, 3–A, 4–Ә, 5–Б, 6–A, 7–Б, 8–A, 9–Ә, 10–Б

III. Қызығушылықты ояту: «Символдар» стратегиясы

Екі топ та берілген суреттерге сүйеніп, шағын мәтін құрастырады. Жұмыс уақыты — 4 минут.

Әр топтан 2 оқушы мәтінді оқып береді.

Бағыттаушы сұрақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?

Күтілетін жауап: Астана қаласы туралы.

IV. Мағынаны тану

Тақырып өзегі

Астана — бас қала. Бас қаланың бойтұмары. Сан есім (дара, күрделі).

1) Бейнематериал

«Астана — арман қала» атты бейнетаспа көрсетіледі.

2) Топтық жұмыс

  • Әр топ мәтіндегі негізгі ойды «топтастыру» арқылы жүйелейді.
  • Мәтіндегі сан есімдерді дәптерге жазып, сөзбен береді.

I топ: «Астана тарихы»

Мысалдар:

  • ХІІІ–ХІҮ — он үшінші–он төртінші ғасырлар
  • 1830 — бір мың сегіз жүз отыз
  • 1862 — бір мың сегіз жүз алпыс екі

II топ: «Бас қаланың бойтұмары»

Мысал:

22 — жиырма екі

3) Сан есім туралы

Сан есімнің дара және күрделі түрлері туралы қысқаша мәлімет беріледі; мәтіннен табу арқылы бекітіледі.

4) Сөздікпен жұмыс

Оқушылар жаңа сөздерді 1 минут оқып алған соң, тақта жабылып, қазақша баламасын жатқа айтады. Кейін әр оқушы жаңа сөздерді қолданып, бір сөйлем құрайды.

Күмбез — купол
Бейіт — могила
Қаланған — основан
Илеу — дубление, выделывание
Қайнату — кипятить
Қасапхана — бойня
Жарлық — указ
Қызғалдақ — тюльпан
Мұнара — башня
Көрме — выставка
Кешен — комплекс
Жеделсаты — лифт
Ғимарат — здание
Көрікті — красивый
Жаға — берег
Орталық — центр

5) Жаттығу жұмыстары

№1 топтық тапсырма

I топ: 2-тапсырма. Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беріңдер (105-бет).

II топ: 2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтаңдар (108-бет).

Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Астана қаласының басты символы — Бәйтерек кешені.
+
2. Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.
+
3. Бәйтерек төрт бөліктен тұрады.
+
4. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындылары ілініп тұр.
+
5. «Даму» кешенінің орта бөлігі үй тәріздес.
+
6. Шардың ішінде жеделсатылы холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан.
+
7. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясын тамашалауға болады.
+
8. Бәйтерек идеясының авторы — Нұрсұлтан Назарбаев.
+

№2 топтық тапсырма

I топ: 3-тапсырма

Сұрақтар бойынша диалог құраңдар (106-бет).

  1. Астанада болып көрдіңдер ме?
  2. Астана туралы не білесіңдер?
  3. Астананың табиғаты қандай деп ойлайсыңдар?
  4. Астананың зәулім үйлері көп пе?

II топ: 3-тапсырма

Сөздерден сөйлем құраңдар.

  1. Бөліктен, үш, тұрады, Бәйтерек.
  2. Тамашалауға, жағында, Аялы, болады, композициясын, алақан, жоғарғы, ең.
  3. Бөлігі, «Даму», тәріздес, ағаш, орта, кешенінің, діңгегі.

№3 топтық тапсырма

I топ: 5-тапсырма. Сөйлемдерге қажетті септік жалғауларын қойып жазыңдар (106-бет).

II топ: II деңгейлік тапсырма

  1. Сөздерді септеңдер: Бәйтерек, аңыз, құс.
  2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар: «Киелі ағаш туралы аңыз — бейбітшілік пен келісімнің көрінісі.»

V. Толғаныс

I топ: «Семантикалық карта»

Төмендегі деректерді сәйкестендіріп, қорытынды жасаңдар.

Қалалар

  • Алматы
  • Орынбор
  • Қызылорда
  • Астана
  • Ақмола

Тұлға/нысан

  • Бәйтерек
  • Н. Назарбаев

Жылдар

  • 1920–1922 ж.
  • 1922–1929 ж.
  • 1929–1997 ж.
  • 1997 ж. 10 желтоқсан
  • 1998 ж. 6 мамыр

Тұжырымдар

  • Астана қаласының символы
  • Бәйтерек идеясының авторы

II топ: «Бес жолды өлең»

«Астана» сөзіне бес жолды өлең құраңдар.

  1. 1) Зат есім: Астана
  2. 2) Сын есім: көрікті, әдемі
  3. 3) Етістік: дамыған, өсуде, орналасқан
  4. 4) Сөйлем: Астана — көрікті, дамыған қала.
  5. 5) Синоним: Елорда

Ойтолғау сұрақтары

  • Астанаға қандай тілек айтар едің?
  • Астананың болашағын қалай елестетесің?

VI. Үй тапсырмасы

  1. «Астана — жас қала» тақырыбында шығарма жазу.
  2. 105-беттегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.

VII. Бағалау және қорытынды

Бағалауды топ басшылары жүргізеді. Сабақ соңында қорытынды жасалып, негізгі ұғымдар қайта бекітіледі.