Тәуліктік орташа температураны анықта

Сабақтың тақырыбы

«Атмосфера» тарауын тиянақтау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың «Атмосфера» тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтап, жинақтап, жүйелеп қорытындылау және танымдық белсенділігін арттыру.

Дамытушылық

Дамыта оқыту элементтерін және жаңа технология әдістерін қолдану арқылы оқушылардың ойлау, талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Еркін сөйлеуге машықтандыру, пәнге қызығушылығын арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсіл

Баяндау

Көрнекіліктер

Карта, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

I кезең. Ұйымдастыру және қайталау сұрақтары

Негізгі ұғымдарды еске түсіру және тақырып бойынша дайындық деңгейін анықтау.

10 сұрақ
  1. Шың дегеніміз не?
  2. Биіктігіне қарай жазықтар нешеге бөлінеді?
  3. Атмосфера қандай қабық?
  4. Атмосфераның тәуліктік амплитудасы дегеніміз не?
  5. Метеорологиялық станция қандай жұмыстар атқарады?
  6. Бұлттылық деп нені атаймыз?
  7. Термометр қандай жерге қойылады?
  8. +5°С — қандай температура?
  9. Қысқы күн тоқырауы қай айдан қай айға дейін созылады?
  10. Қанша климаттық белдеу бар?

II кезең. Венн диаграммасы бойынша салыстыру

Ұқсастық пен айырмашылықты анықтау арқылы түсініктерді нақтылау.

A тобы
Бриз, муссон

Жел түрлерін салыстыру.

B тобы
Бұлт, тұман

Атмосфералық құбылыстарды салыстыру.

C тобы
Азот, оттегі

Ауа құрамындағы негізгі газдарды салыстыру.

III кезең. Сатылай кешенді талдау

Ұғымдарды кезең-кезеңімен талдап, себеп-салдар байланысын анықтау.

A бағыты

  • Ауа
  • Ауаның құрамы
  • Ауаның қабаттары
  • Атмосфераның маңызы
  • Зерттеу жолдары

B бағыты

  • Жауын-шашын
  • Жауын-шашын түрлері
  • Жауын-шашынды өлшеу

C бағыты

  • Ауа қабаттары
  • Тропосфера
  • Стратосфера

IV кезең. Графикалық бақылау

Берілген деректер негізінде орташа температураларды есептеу.

Күні 1 7 Уақыты 13 Орташа температура 19 20.04
Температура +6 −3 Температура +11 Температура +10

A тобы

Тәуліктік орташа температураны анықта.

B тобы

Айлық орташа температураны анықта.

C тобы

Жылдық орташа температураны анықта.