Жасымызға жас қостық, Жақсы күнде бас қостық

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сәулесі әлем төрінен, сәбиінің пәк үнімен. Сыр-сезім тасып төгілген, шұғылалы шалқар көңілден. Балауса балғын балаға тәлім-тәрбие қасиетін тал бесіктен бере білген!

Құрметті қонақтар! «Мөлдір» балабақшамыздың 5 жылдық туған күніне қош келдіңіздер! Енді осы мекеме меңгерушісіне құттықтау сөз кезегін береміз.

Естелік бейнеслайд

Балабақшаның ашылу салтанатынан бастап бүгінгі күнге дейінгі көріністер ұсынылады.

ашылу сәттері күнделікті өмір жетістіктер мерекелер

Құттықтаулар

Бұрынғы меңгерушілерге, арнайы келген қонақтарға және балабақша ұжымына жылы лебіздер айтылады.

Концерттік бағдарлама

Балалардың сүйікті мекені — күлкі мен шаттыққа толы орта. Тәрбие мен тәлімнің арқасында әр бала күннен-күнге өсіп, бойындағы қабілетін жарқырата түседі.

  1. Тәрбиешілерді қарсы алу

    би

    Тәрбиешілерімізді «Шашу» биімен қарсы алыңыздар.

  2. Балабақша әні

    ән

    «Біз балдырған баламыз, шырқаған әнге саламыз» — бүлдіршіндер орындауындағы балабақша әнін қабыл алыңыздар.

  3. Түлектің өнері: «Хорезм» биі

    соло

    Балабақша түлегі, «Би калейдоскоп — 2014» аудандық байқауының бас жүлде иегері, қазіргі таңда Саға негізгі мектебінің 1-сынып оқушысы Жақсылық Ақтолқынды «Хорезм» биімен ортаға шақырамыз.

  4. Ата-аналардың құттықтауы

    лебіз

    Балабақша өміріне белсенді атсалысып жүрген ата-аналарымыз құттықтау сөздерін арнайды. Құттықтауды Қошақанова Гүлфайруз жеткізеді.

  5. Ән: «Әжем айтқан ертегі»

    ән

    Балабақша түлегі Ерсайын Еңлік Атырау облысында өткен «І Халықаралық “Жадыра, жас дарын!”» фестиваль-байқауына қатысып, жүлделі II орын иеленген. Бүгін ол балабақшасын «Әжем айтқан ертегі» әнімен құттықтайды.

  6. Би: «Көңілді балалар»

    би

    «Біз өнерлі баламыз, көңілді аулай аламыз. Балабақша төрінде алау болып жанамыз!» — балаларды «Көңілді балалар» биімен шақырамыз.

  7. Қонақтарға сөз

    сөз

    «Жасымызға жас қостық, жақсы күнде бас қостық. Арманы бір құрдастар, ағайын боп достастық!» — құрметті қонақтарға сөз кезегі беріледі.

  8. Халық әні: «Әгугай»

    ән

    Ата-анамыз Махмет Анардың орындауында халық әні «Әгугай» ұсынылады.

  9. Ән: «Туған жер»

    ән

    «Бүгін туған күніміз, қолда шоқ-шоқ гүліміз. Көңіліміз көркейді, көп ән-би, жырымыз!» — Жамбыл Мерейлімнің орындауында «Туған жер» әні.

  10. Қорытынды би: «Мөлдір»

    би

    Тәрбиешілеріміз бен қыздарымыздың орындауындағы «Мөлдір» биін тамашалаңыздар.

Жылы лебіз және жалғасы

Сәбилердің күлкісімен таң атар, балабақша қуанышпен қарсы алар. Кешке дейін күліп-ойнап думанмен, қимай сені үйлеріне тарасар.

Балабақша, өзіңмен мақтанам, бағындырар белесіңмен шаттанам. Асқақтатып балалардың мекенін, ұстаздардың ақ сенімін ақтаған!

Бес жыл толып қалыпты міне бүгін — жаста болса, шыңға бастар бір белес. Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер өркениетті еліне өз үлесін қосар ес!

Құрметті қонақтар! Назарларыңызға рахмет. Енді бүгінгі туған күн кешімізді «Айгөлек» тобында тәрбиеші Г. Жұбаниязованың ұйымдастыруымен өтетін «Аққала» тақырыбындағы оқу іс-әрекетімен жалғастырамыз.