Қайталанған санды тап

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім саласы
Қатынас, таным, әлеумет
Білім бөлімі
Математика, тіл дамыту, көркем әдебиет
Тақырыбы
1–10-ға дейінгі сандарды қайталау

Мақсаты

  • Сандарды тану және атау.
  • Кері санау дағдысын қалыптастыру.
  • Заттардың санын анықтай білу.
  • Математикалық тапсырмаларды дербес орындау.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі

Слайдтар Кеспе сандар Суреттер

Сабақтың форматы ойын түрінде ұйымдастырылады: балалар «Математика патшалығына» саяхат жасап, бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың барысы

Балалар, бүгін біз «Математика патшалығына» саяхат жасаймыз. Қане, дайынбыз ба?

1-кезең. «Санды тап» ойыны

Слайд 1

Слайд көрсетіледі. Балалар сандарды атайды және қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді.

Санамақ

1 — дегенім бесік,
Шықтым содан өсіп.

2 — дегенім елім,
Далам, тауым, көгім.

3 — дегенім үміт,
Үміт артқан жігіт.

4 — дегенім төзім,
Төзе білем өзім.

5 — дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.

6 — дегенім ақыл,
Тыңдағаның мақұл.

7 — дегенім жалау,
Жүректегі алау.

8 — дегенім сөзің,
Серт беретін кезің.

9 — дегенім тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.

10 — дегенім Отан,
Қорға соны, ботам!

Суретпен жұмыс

Заттардың санын санату, салыстыру.

Кері санау

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0

2-кезең. «Кім жылдам?» ойыны

Слайд 2

Балалар артық затты табады, таңдауының себебін қысқаша түсіндіреді.

Жұмбақтар

Алты қырлы, алтын сырлы.

Жауабы: қарындаш

Екі ағайынды, екеуі де бір үйде. Бірін-бірі көрмейді.

Жауабы: көз

3-кезең. «Ойлан, тап»

Слайд 5

Сандарды қосып, теңдіктің дұрыстығын дәлелдеу (нәтижені айтып қана қоймай, қалай тапқанын түсіндіру).

4-кезең. «Адасқан сандар»

Адасқан сандарды орнына қойып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.

  1. 1Көп саннан аз санға қарай сана.
  2. 2Қайталанған санды тап.
  3. 37-ден үлкен санды тап.
  4. 47-ден кіші сандарды ата.
  5. 53-тен кіші санды тап.

5-кезең. «Тиісті таңбаны қой»

Тиісті таңбаны қойып, есепті шығар. Жауабыңды тексер.

Осы тапсырмалар арқылы балалар өз білімін бекітіп, есепті өздігінен орындау дағдысын қалыптастырады.

Қорытынды

Міне, балалар, бүгін өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!