Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын ата

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сабақ түрі: аралас сабақ • Сабақ типі: дәстүрлі сабақ

Формат

Интерактивті тақта, сұрақ-жауап, жаттықтыру

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы мәлімет беру, септік жалғаулары бойынша білімдерін қайталап, жетілдіру.

Дамытушылық

Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту және сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

Отансүйгіштік сезімді нығайтып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу, қайталау, сұрақ-жауап
  • Интерактивті тақта арқылы оқыту
  • Жаттықтыру жұмыстары

Көрнекілік

  • Тақырып бойынша презентация
  • Кеспелер (деңгейлік тапсырмалар)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау

Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы тексеріледі, қиындық туғызған тұстар қысқаша талқыланады.

III. Жаңа сабақ

Негізгі бөлім

1) Тақырыпқа кіріспе

Елдің елдігін танытатын ерекше мәнді белгілер — Елтаңба, Ту, Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
  • Гимн авторларымен таныстыру және орындау ережелерін түсіндіру.
  • Гимнді тыңдату және айтқызу.

2) Жаңа сөздер

Қазақша Аудармасы
қабылданды был принят
ән музыка
белгілі известный
сазгер композитор
жатқа білу знать наизусть
парыз долг
әрбір каждый
  • Сөздерді дауыстап оқу және оқушыларға оқыту.
  • Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.

3) Мәтінмен жұмыс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі — Гимн.

2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.

Гимннің сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған — белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов.

Гимнді жатқа білу — әрқайсымыздың парызымыз!

Орындалатын жұмыс

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • 1–2 оқушыға оқыту.

Түсіну және бекіту

  • Мәтінді аударту.
  • Сұрақтарға жауап беру.

4) Грамматика: септік жалғаулары

Мәтіннен септік жалғаулары жалғанған сөздерді тауып оқиды. Септіктерді еске түсіріп, қысқаша қайталайды.

5) Деңгейлік тапсырмалар

A1

  • Бүгін өткен сөздерді дауыстап оқы.
  • «Гимн» сөзімен 3 сөз тіркесін құрастыр.
  • Септіктерді ата.

A1+

  • Мәтіннен атау септікте тұрған сөздерді тауып оқы.

A2

  • Келесі сөздерді септе: рәміз, Отан.

A2+

  • Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын ата.

IV. Қорытынды

Бекіту

Тірек-сызба құрастыру арқылы сабақ мазмұны қорытындыланады.

Тірек-сызба

Рәміздердің бірі
Мемлекеттік Гимн
Қабылданған күні
2006 жылғы 7 қаңтар
Сөзін жазғандар
Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әнін жазған
Ш. Қалдаяқов

V. Үй тапсырмасы

Үйде
  • Сөздерді жаттау.
  • Тірек-сызбаны жаттау.
  • 36-бет, 2-жаттығу (жазбаша).

VI. Бағалау

Қорытындылау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.