Қазақ елінің ежелгі ғалымдары

Пән

Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сынып: 5 Тақырып: Шығыс даналары

Білімділік

IX–XII ғасырлардағы ғылымның дамуын және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жері ғалымдарының ғылымға қосқан үлесін танып-білу.

Дамытушылық

Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, өз ойымен қорытындылай білуге дағдыландыру; тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік

Біртуар ғалымдардың өнегелі қасиеттерін үлгі ете отырып, оқушылар бойында білімге құрмет пен ізденісті қалыптастыру.

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, пікірталас
Көрнекіліктер
Қазақстан картасы; «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» буклеті; Әл-Фараби және басқа ғалымдардың портреттері; қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, география

Сабақ барысы

I кезең

Ұйымдастыру

Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, мақсат-міндеттерін қысқаша таныстыру.

II кезең

Үй тапсырмасын тексеру

Уақытты үнемдеу үшін сынып екі нұсқаға бөлінеді. Оқушылар берілген тапсырманы белгіленген уақыт ішінде орындап, бір параққа жазып тапсырады.

III кезең

Жаңа тақырып

Негізгі ұғымдарды айқындап, шығыс ойшылдарының мұрасын мысалдар арқылы талдау.

Үй тапсырмасы: ұғымдарды түсіндіру

1-нұсқа

  • Соғдылар
  • Тат
  • Руна (сына)
  • «Диуани лұғат ат-түрік»
  • Христиандық

2-нұсқа

  • «Құтадғу білік»
  • Қағанат
  • Буддизм
  • Манихейлік
  • Христиандық

Одан кейін параграф соңындағы сұрақ-тапсырмалар арқылы тақырып мазмұны сұралады. Сабақ айтқан оқушыларға сыныптастарының сұрақ қою дағдысын қалыптастыру маңызды.

Жаңа тақырыптың жоспары

  1. 1) Қазақ елінің ежелгі ғалымдары

    Еңбектері мен тарихи маңызы.

  2. 2) Әл-Фарабидің өмір тарихы

    Тұлға ретінде қалыптасуы, білім жолы.

  3. 3) Әл-Фараби — энциклопедист ғалым

    Ғылымға қосқан үлесі, мұрасының кеңдігі.

Ғылым мен білімнің мәні: қанатты сөздер

Әл-Фараби

«Шын білім — әрдайым ақиқат әрі анық болатын білім».

М. Сағди

«Ғылымды үйреніп, оны өмірде қолданбаған адам — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсайды».

Халық даналығы

«Жер үстінде адам өмір етер, бар нәрсеге білім қол жеткізер».

Қазақ елінің ежелгі ғалымдары

Бұл бөлім оқулықта толық қамтылмағандықтан, «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» атты қосымша буклет пен кесте материалдары негізінде түсіндіріледі. Оқушыларға ғалымдардың портреттері көрсетіліп, өмірбаяны мен ғылымдағы еңбектері талданады.

Ғалым Туған жері, уақыты Ең басты еңбегі Негізгі мазмұны
Жүсіп Баласағұн 1030–1090
Қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағұн
«Құтадғу білік» (Құтты білік — бақытқа жету ілімі) Мемлекет басқару, саясат, әскери іс, әділет пен парасат, қанағатшылдық және адамдық қасиеттер туралы ой-толғамдар.
Махмұт Қашқари XI ғасыр
Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауы, Барысқан қаласы
«Диуани лұғат ат-түрік» (түркі тілдерінің сөздігі) Түркі халықтарының сөздік қорын жүйелеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына ғылыми талдау жасайды; түркі тайпаларының шығыстан батысқа дейінгі географиялық картасын ұсынады.
Қожа Ахмет Ясауи 1104 жыл
Түркістан маңы, Сайрам
«Диуани хикмет» (Даналық кітабы) Автордың бала кезінен 63 жасқа дейінгі өмірі баяндалып, қазақ халқының көне мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты құнды деректер беріледі.

Әл-Фараби: өмірі мен ғылымдағы орны

Негізгі бөлімде әл-Фарабидің өмір жолы, білім іздеу бағыты және ғылымға қосқан үлесі қарастырылады. Оқушылар мәтінді кезекпен оқып, маңызды деректерді белгілеу арқылы талдайды.

Түсінуді тексеру: тірек сызба-кесте

Оқушылар алдымен жеке жұмыс істейді, кейін жұппен және топпен талқылайды. Негізгі талап — кестені барынша толықтыру.

Тақырыптық өзек

Әл-Фараби

Топтастыру тапсырмасы: кестеге енгізілген сөздерді мазмұнына қарай бірнеше санатқа бөліп, түрлі түсті маркерлермен белгілеу ұсынылады (мысалы: өмірбаян, еңбектер, ғылым салалары, ықпал/мұра).

Жоспар құру тапсырмасы

Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми қызметіне байланысты жоспар құрылады. Төмендегі үлгі ұсынылады:

  1. Әл-Фарабидің дүниеге келген ортасы мен отбасы.
  2. Әл-Фарабидің білім жолы.
  3. Әл-Фараби — энциклопедист ғалым.
  4. Осы жоспар бойынша қорытынды жасау.

Сабақты бекіту

«Ішіне / Сыртына» тәсілі

Мұғалім алдын ала бүгінгі сабаққа қатысты және қатысы жоқ сөздерді араластырып оқиды. Оқушылар оларды екі бағанға бөліп жазады:

Ішіне

Бүгінгі сабақтың мазмұнына тікелей қатысты сөздер мен ұғымдар.

Сыртына

Бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөздер мен ұғымдар.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, кесте толтыру сапасы, жоспар құруы және пікірталасқа қатысу белсенділігі негізінде бағаланады.

Үйге тапсырма

24-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.