Саяхат сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер.

Мақсаты

Білімдік

Үшінші белгісіз қосылғышты табуға арналған есептердің жаңа түрімен таныстыру, өтілген есептеу тәсілдері бойынша білімді пысықтау.

Дамытушылық

Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Фигуралар

Техникалық құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Проектор

Сабақтың түрі

Саяхат сабағы.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту, топпен жұмыс.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы (слайдтар бойынша)

1-слайд: Ұйымдастыру бөлімі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.

2-слайд: Психологиялық дайындық

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

3-слайд: Үй тапсырмасын тексеру

№7 есеп үш қатарға ауызша орындатылады (әр қатардан 2 оқушы жауап береді).

Жаңа сабақты түсіндіру: Астанаға саяхат

Бүгінгі сабақта біз Астана қаласына саяхат жасаймыз. Саяхаттың әр бекетіне жету үшін берілген тапсырмалардың бәрін орындауымыз керек.

Билет алу: жылдам сұрақтар

Астанаға бару үшін алдымен жол ақысын «төлейміз» — билет алу үшін сұрақтарға жауап береміз.

I-қатар

  • 3 пен 5-тің қосындысын ата.
  • 70 пен 7-нің айырмасы нешеге тең?
  • Ұзындық бірліктерін атаңдар.

II-қатар

  • 15 пен 3-тің айырмасын тап.
  • 6 мен 8-дің қосындысын ата.
  • Масса бірліктерін ата.

III-қатар

  • 12 мен 3-тің айырмасын тап.
  • 7 мен 5-тің қосындысын айт.
  • Уақыт өлшем бірліктерін айт.

5-слайд: Көркем жазу

1, 2, 3 сандарын қатыстырып, бірнеше үш таңбалы сан жазамыз:

123 132 213 231 312 321

Дұрыс орындадыңдар — пойыздан да түстік.

6-слайд: Бәйтерек және негізгі ұғым

Астанаға келгенде ең алдымен көргіміз келетіні — Бәйтерек. Бәйтерекке бару үшін оқулықтағы №1 есепті ауызша орындаймыз.

Үшінші қосылғышты қалай табамыз?

Екі белгілі қосылғыштың қосындысын табамыз да, шыққан мәнді жалпы қосындыдан азайтамыз. Сонда үшінші қосылғыш табылады.

7-слайд: Мысалдар

20 + 10 + ? = 60

60 − (20 + 10) = 30

Демек, үшінші қосылғыш — 30.

10 + 15 + ? = 40

40 − (10 + 15) = 15

Демек, үшінші қосылғыш — 15.

8-слайд: «Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени орталығы» (№2)

а) Барлығын табу

  • I бөлік — 7 м
  • II бөлік — 4 м
  • III бөлік — 8 м

Шешуі: 7 м + 4 м + 8 м = 19 м

Жауабы: барлығы 19 м.

ә) Үшінші бөлікті табу

  • I бөлік — 7 м
  • II бөлік — 4 м
  • Барлығы — 19 м

Шешуі: 19 м − (7 м + 4 м) = 8 м

Жауабы: III бөлік 8 м.

9-слайд: «Бейбітшілік және келісім сарайы»

№3 есеп ауызша орындалады.

10-слайд: Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

11–12-слайд: Шығармашылық және логикалық тапсырмалар

11-слайд: «Хан Шатыр»

Шығармашылық жұмыстар.

12-слайд: «Думан» ойын-сауық орталығы

Логикалық есеп: №8.

13-слайд: Елге қайту

Өз бетімен жұмыс: №4 (а).

14-слайд: Үйге тапсырма

  • №4 (ә)
  • №6, 153-бет

Қорытындылау

Сабақ соңында саяхат әсері бойынша кері байланыс алынады: «Астана қаласы ұнады ма?»

Оқушылардың жұмысы бағаланып, сабақ қорытындыланады.