Балама сұрақ

Таңғажайып алаң (шоу)

Жүргізуші: Аралбаева Рита

Тақырыбы: Тәуелсіздік — қазақтың сан ғасырлық арманы

Мақсаты

  • Балабақша мен ата-ана арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру.
  • Балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетінің дұрыс қалыптасуына жүйелі қолдау көрсету.
  • Тәуелсіздікті қадірлейтін, білімді, жан-жақты дамыған, батыл әрі намысты ұрпақ — шынайы патриоттарды тәрбиелеу.

Түрі мен әдісі

Түрі: ойын-шоу

Әдісі: сұрақ–жауап

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Музыкалық үнтаспа
  • Музыкалық аспаптар

Ұйымдастыру және кіріспе сөз

Армысыздар, қадірменді қонақтар, әріптестер, ата-аналар және аяулы бүлдіршіндер! Биыл еліміз үшін үлкен мереке — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мереке қарсаңында республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүретіні белгілі.

Осы орайда «Балапан» балабақшасында өтетін «Тәуелсіздік — қазақтың сан ғасырлық арманы» атты мерекелік шоуымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі «Таңғажайып алаң» ойынына бүлдіршіндеріміздің ардақты ата-аналары мен ақ жаулықты әжелері қатысады.

Рәсім

I. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Міне, біз де кешіктірмей, көпшілікті күттірмей «Таңғажайып алаң» шоуын бастаймыз.

Ойыншыларды ортаға шақырамыз.

1-кезең: Алғашқы үштікпен танысу

1-ойыншы

Аманжол Әсемайдың анасы, Әсемайға ақыл айтатын данасы, қорған болар панасы — Шүкірәлі Айғара.

2-ойыншы

Есекеева Таңуыздың ақжаулықты әжесі, сый-құрметтің иесі — Айшагүл апай.

3-ойыншы

Қонақбай Ақмаржанның анасы, бөбегіне қорған болған сұлу да сымбатты жан — Бисебаева Айдана.

Ойын шарты

I. Сұрақ және жасырылған сөз

  • Сұрақ беріледі, жауабы ұяшықтарда жасырылған.
  • Егер сөзді бірден тапсаңыз — бірден жауап беруге болады.
  • Қиын болса, бір әріп айтуға рұқсат етіледі: әріп ұяшықта болса ашылады, болмаса кезек келесі ойыншыға өтеді.

II. Барабандағы шартты белгілер

+

Ойыншы өз қалаған әрпін ашуға мүмкіндік алады.

Б

Ойыншының ұпайлары сақталады, ал ойын келесі қатысушыға өтеді.

Сұрақ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бұл — өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Оны баянды ету — оған қол жеткізуден де қиын», — деген болатын. Елбасы бұл сөзімен нені меңзеді?

Балама сұрақ

Елбасымыз: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыр шешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы атты», — деген. 16 желтоқсан қазақ тарихында қандай күн?

Дұрыс жауап берген ойыншы ақтық мәреге жолдама алады. Құттықтаймыз!

Алғашқы үштікке арналған сыйлықтар «Таңғажайып алаңға» әкелінсін.

2-кезең: Келесі үштік

1-ойыншы

Қаржаубай Ақжүректің анасы, жылы сөзі жанға шипа болатын ақ халатты абзал жан — Шамшатова Гүлмира.

2-ойыншы

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың аттасы Серікқали Мұқағалидың анасы, дизайн өнерінің хас шебері — Алматова Гүлзат.

3-ойыншы

Телағыс Бағдәулеттің анасы, қамқоршысы әрі санасына сәуле құйған данасы — Мұратова Алтынкүл.

Сұрақ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ең алғаш ресми түрде мойындаған қай мемлекет? «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген пікірдің толық ақиқат еместігін де ескерген жөн: Түркия Қазақстанда өз елшілігін алғашқылардың бірі болып ашқанымен, тәуелсіздігімізді мойындаған мемлекеттердің ішінде он жетінші болды.

Балама сұрақ

Мұхиттың арғы жағында орналасқан алпауыт мемлекет.

Ойын шарты бойынша жеңімпаз — біреу. Дұрыс жауап берген ойыншы ақтық мәреге жолдама алады. Құттықтаймыз!

Екінші үштікке арналған сыйлықтар «Таңғажайып алаңға» әкелінсін.