Бағдаршамның сары түсі дайындал
Мақсаты
- Жолда жүру ережесін есте сақтауға көмектесу және жол белгілерінің түрлері мен маңызын түсіндіру.
- Бағдаршам мен жол белгілерінің атқаратын қызметін үйрету.
- Зейін мен есте сақтау қабілетін, қызығушылықты арттыру; ортақ тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Өтілу барысы
Қалалық жерде жол-көлік оқиғаларының жиілеуі — жол ережесін толық білмеудің және сақтамаудың салдары. Көліктер саны көбейген сайын қауіп те артады. Сондықтан жазымға жол бермеу үшін әрқайсымыз жол ережесін берік ұстануға тиіспіз.
Бүгінгі әңгімеміз «Жол атасы — бағдаршам» тақырыбында сұрақ-жауап, ой қозғау және әңгімелесу түрінде өтеді.
Ой қозғау: Өмір мен бағдаршам
Өмірдің өзі де бағдаршамға ұқсайды. Бағдаршамның жасыл түсі «Жүр!» дегендей, біз де «Өмірге кел!» деген шақырумен жарық дүние есігін ашамыз.
Сары түс «Дайындал!» дегенді білдіреді. Адам баласы бұл өмірге келгеннен кейін уақыттың өтіп жатқанын сезініп, әр сәттің қадірін түсінуге, мәңгілікке дайын болуға тиіс.
Қызыл түс «Тоқта!» дегенді білдіреді. Бір күні тағдыр да «Тоқта!» деп тоқтам салады. Жолдың ар жағына өткен адамдай, біз де өмірден өткен соң басқа бір әлемге бет аламыз. Қайда тұрақтайтынымыз — жұмақ па, тозақ па — бір Аллаға ғана мәлім.
Бағдаршамдағы сары түстің ұзақ жанбайтыны бәрімізге белгілі. Адам ғұмыры да көзді ашып-жұмғандай өте шығады. Сондықтан әр күнді жауапкершілікпен өткізу — ең маңызды міндет.
Жұмбақ
Бүгін бізге қонаққа Жол дорба келіпті. Оның дайындап келген жұмбағы бар екен — жауабын бірге табайық.
Инабат
Қызыл көзім «Тұр!» дейді,
Сары көзім «Дайындал!» дейді,
Жасыл көзім «Зула!» дейді.
Бұл не?
Балалар: Бағдаршам.
Өлең жолдары
Әсет
Менмін бағдаршам,
Кезек-кезек жанған шам.
Менмін бағдаршам,
Жөн сілтейтін бағдаршам.
Жөндеп қара ал маған.
Құндыз
Ей, жолаушы, аман зула,
Көшенің тілін тыңда да.
Бұрылыста байқап жүр,
Жөндеп қара ал маған.
Айнара
Сары шамым жанғанда
Аялдауға қамдан да.
Қызыл шамым жанғанда
Аялдап, жан-жағыңа қара да.
Айдана
Жанса көзі жасыл —
Жолың айдай ашық.
Жүре бергін батыл,
Керегі жоқ сасып.
Еңілік
Светофор аты —
Көк көзі бар батыр.
Тоқ болғанымен заты,
Өзінде көп ақыл.
Жансен
Бұрышында жолдың,
Қиып өткен сайын,
Қарайтұғын болғын.
Қорытынды
Бағдаршам — өмірімізді жазымнан сақтайтын сенімді көмекші. Жолда жүру ережесін сақтау — әрқайсымыздың міндетіміз.
Жол ережесін бұзуға жол бермейік. Қатысқандарыңызға рақмет!