Сабалақ кім
Сабақтың тақырыбы
Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, слайд-презентация, портрет, кеспе қағаздар, кесте, постер, бағалау қағаздары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Қ. Шаңғытбаев туралы негізгі мәлімет беру.
- «Сабалақ» өлеңінің деректік негізін түсіндіру.
- Өлең тіліндегі ұлтжандылық мазмұнның маңызын таныту.
- Ақын рухының биіктігін көркем талдау арқылы дәлелдеу.
Тәрбиелік
- Оқушыларды ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
- Отанды сүю, ел тағдырына жауапкершілікпен қарау сезімін күшейту.
- Елдің ертеңі — жастар екеніне сенім қалыптастыру.
Дамытушылық
- Мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
- Талдау жасау, қорытынды шығару қабілетін дамыту.
- Өз ойын ақын тілімен де, әдеби тілмен де сауатты жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасы: Ж. Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы» өлеңінен үзінді жаттау; ар-ұят пен намыс жайында шағын ой-толғау жазу.
III. Жаңа сабақ
Миға шабуыл: мақал-мәтелді жалғастыр
-
Батыр туса… — ел ырысы.
Жаңбыр жауса… — жер ырысы. - Ер жігіт елі үшін туады… — елі үшін өледі.
- Бірлік бар жерде… — тірлік бар.
- Ерлік білекте емес… — жүректе.
Ассоциация: тарихи ұғымдар
Тақтаға үш сөз шығарылады: «Аңырақай», «Сабалақ», «Абылай». Оқушылар осы ұғымдарды естігенде көз алдына елестейтін ойларын қысқаша бөліседі.
Қуандық Шаңғытбаев туралы қысқаша мәлімет
Қуандық Шаңғытбаев (1925–2001) Ақтөбе облысы Қарабұлақ өңірінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолында ұстаздық қызмет атқарған. «Ар ма, республикам» (1974), «Лирика» (таңдамалылар, 1976) жинақтары жарық көрген. 1980–1987 жылдары «Жыр жаһаны», «Гүлтолқын», «Саршатамыз», «Жыл құсы» атты лирикалық кітаптары жарияланған.
Топқа бөлу
Оқушылар пән атаулары жазылған карточкалар арқылы кездейсоқ түрде 4 шағын топқа бөлінеді:
1-топ
Қазақ тілі
2-топ
Қазақ әдебиеті
3-топ
Математика
4-топ
Химия
Мәнерлеп оқу және алғашқы түсіну
Әр топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқылымнан кейін сұрақ-жауап арқылы мазмұны ашылады:
- Өлең кім туралы?
- Қазақ халқы кімдермен соғысады?
- Абылай кім? Сабалақ кім?
Сөздікпен жұмыс
- Аңырақай
- Жердің атауы.
- Сарбаздар
- Әскер, жауынгерлер.
- Омақаса
- Құлаудың бір түрі.
- Дүбірі
- Шуы, дыбысы.
- Түзде
- Далада.
Тарихи дерекпен ұштастыру
Қазақ хандарының билік құрған жылдары көрсетілген хронологиялық кесте ұсынылады. Оқушылар Абылай ханның билік еткен жылдарын дәптерге белгілейді.
Медиаматериал
Интербелсенді тақтадан Абылай хан туралы бейнеролик көрсетіледі.
Абылай хан туралы қысқаша тарихи мәлімет
Абылай (Әбілмансұр) хан (1711–1781) — Қазақ Ордасының ханы, тарихтағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Тегі Жошы хан әулетіне барып тіреледі. Арғы бабалары — Әз-Жәнібек, Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
«Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Жүдеген өңі мен өсіп кеткен шашына қарап, Төле би оған Сабалақ деген ат береді, түйе бақтырады. Кейін Әбілмәмбеттің жылқысын да бағады.
Жиырма жас шамасында Абылайлап ұран салып, Қалдан Сереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіреді. Кейін үш жүздің басын қосып, Ресей және Қытаймен теңгерімді дипломатиялық қатынас орнатуға күш салған тұлға ретінде танылады. Ақылшысы әрі кеңесшісі — Бұқар жырау.
Абылайдың қасында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай сияқты батырлар тізе қосып, ел қорғанына айналды. 1781 жылы мамырда Түркістанда қайтыс болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.
Абылай хан қаһарлы хан ғана емес, күй өнерін терең меңгерген дарынды күйші ретінде де белгілі. Ел жадында оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Ой қозғау
«Хан» сөзін естігенде қандай ассоциациялар туады? Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
IV. Жаңа сабақты меңгеру
Топтық жұмыс: сатылай кешенді талдау
Әр топ өлеңді құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан талдап, постер арқылы қорғайды.
- Тақырып пен идея
- Кейіпкерлер жүйесі
- Тарихи дерек және көркемдік шешім
- Тілдік ерекшелік, ұлттық рух
Карточка бойынша сұрақтар
1) Ақын Аңырақай шайқасын қалай суреттейді?
Жауға бүйірден тиген қазақ жауынгерлерін ақын қандай сөздермен бейнелейді? Көркем тіл мен тарихи деректі салыстырып көріңдер.
2) Сиреп қалған серіктерін көргенде Әбілмәмбет қандай күйге түсті?
Қандай шешімге келеді? Мәтіннен дәлел келтіріңдер.
«Ата нәкес, жықты ма жау туымды…»
«…Қынабынан алдаспанын суырды.»
3) Мәтіннен Сабалақ бейнесін тауып оқы
Сабалақ қандай тұлға? Мінездеме беріңдер.
«Қыран қанат, қас-қабағы түйілген,
Жеңіл ғана шидем шапан киінген…»
4) Әбілмәмбет кімге көңілі толды? Не үшін?
Сабалақтың (Әбілмансұрдың) ерлігі, ұран шақыруы, елдің тануы қалай сипатталады?
Талқылау: «Бүгінгінің Абылайы» кім деп ойлайсыңдар? 3–4 оқушы пікір білдіреді.
5 минуттық эссе (стратегия)
Әр топ төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, қысқа эссе жазады:
1-топ
Абылай ханға хат
2-топ
Егер мен сол заманда өмір сүрсем…
3-топ
Сабалаққа құрдастарынан хат
4-топ
Егер мен Абылай хан болсам…
V. Білімді бекіту
Төмендегі сұрақтар арқылы қорытынды жасалады:
- Қ. Шаңғытбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Ақынның қандай аудармаларын білесіңдер?
- Өлеңдегі негізгі кейіпкер кім?
- Өлеңде қай жердегі соғыс баяндалады?
- Сабалақ дегеніміз кім?
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі
- Жасыл — сабақ жоғары деңгейде өтті, ұнады.
- Сары — сабақ орташа деңгейде өтті, аздап ұнады.
- Қызыл — сабақ төмен деңгейде өтті, ұнамады.
Оқушылар өз таңдаған түсіне сәйкес стикерді тақтаға жапсырады.
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары және жиналған стикерлер саны негізінде бағалау жүргізіледі. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау нәтижелері ескеріліп, қорытынды баға қойылады.
VII. Үй тапсырмасы
- «Сабалақ» өлеңінен үзінді жаттау.
- Абылай хан туралы қосымша мәліметтермен танысу.