Жүрек салмағы қанша

Сабақ тақырыбы

Биологиялық сайыс. Көңілді тапқыштар мен білімділер бар өнерін ортаға салады. Кім білімді, көп оқыған болса, бүгінгі күннің жеңімпазы — сол.

Сабақ мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықтау; биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізу. Ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу. Танымдық белсенділігін арттырып, пәнге қызығушылығын күшейту.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылықты, танымдық көзқарасты және логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға және қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.

Сабақ әдістері

  • Сайыс (командалық жарыс)
  • Ойын элементтері
  • Суретпен жұмыс
  • Сұрақ–жауап
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Қаңқа
  • Жүрек макеті
  • Кіші және үлкен қанайналым шеңберлерінің суреттері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сыныпты 2 топқа бөліп, топ атауы мен мақсаттарын таныстыру

II. Сайыс кезеңдері

  1. 1 «Таныстыру»
  2. 2 «Менен сұрақ – сізден жауап»
  3. 3 «Ойлан тап»
  4. 4 «Сен бізді білесің бе?»
  5. 5 «Терминдер кабинеті»
  6. 6 «Суреттер жырлайды»
  7. 7 Қорытынды

Сайысқа кіріспе

Түседі бүгін білім жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысқа.
Талапкердің талабы таудай екен,
Аямас, тиіп кетсең намысқа.

Осы сөздермен сайыскерлерді қошеметтеп, әділ төрелік ететін қазылар алқасын сайлаймыз.

Тапқыр, білгір, дарынды —
Жарыс бүгін арынды.
Биология пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды!

Ескерту: Әр кезеңде ұпай әділ бағаланып, қорытынды нәтижелер соңында жарияланады.

Кезеңдер мазмұны

I. «Таныстыру»

Екі топ өздерін таныстырады: атауы, ұраны және мақсаты.

II. «Менен сұрақ – сізден жауап»

Жылдам сұрақтарға нақты жауап беру кезеңі.

  • Организмнің ішкі ортасы неден түзіледі?
  • Ұлпа сұйықтығы дегеніміз не?
  • Қан неден тұрады?
  • Қан қандай қызмет атқарады?
  • Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
  • Жүректің орташа салмағы қанша?
  • Қан беруші адам қалай аталады?
  • Қанды, оның құрамын және қызметін зерттейтін ғылым қалай аталады?
  • Қанның ұйымайтын, тұқым қуалайтын ауруы қалай аталады?
  • Жүрек алмастыру операциясын алғаш жасаған ғалым (дәрігер) кім?
  • Ересек адамның жүрегі минутына шамамен қанша рет соғады?
  • Жүректің жұмысын зерттейтін ғылым қалай аталады?
  • Адам жүрегі неше қуысты?
  • Ең үлкен қан тамыры қалай аталады?
  • Гипертония және гипотония дегеніміз не?
  • Қан қандай ұлпаға жатады?

III. «Ойлан тап»

Жұмбақтың жауабын табу арқылы тақырыпты бекіту.

Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бар адам (........)

Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды (........)

IV. «Сен бізді білесің бе?»

Қанайналым және адам ағзасы тақырыптары бойынша танымдық тапсырмалар.

V. «Терминдер кабинеті»

Негізгі ұғымдар мен терминдерді дұрыс түсіндіру және сәйкестендіру тапсырмалары.

VI. «Суреттер жырлайды»

Берілген суреттер арқылы мүшелердің құрылысы мен қызметін сипаттау (қаңқа, жүрек, кіші және үлкен қанайналым шеңберлері).

Қорытынды

Екі топқа да сайысқа қатысып, өз білімдерін ортаға салғандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл жарыс оқушылардың білімін шыңдап, биологияға қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Енді қорытынды ұпайларды жариялау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Мәлімет

Аудан
Целиноград ауданы
Мектеп
Шалқар орта мектебі
Іс-шара
Сыныптан тыс жұмыс: «Биологиялық сайыс»
Пән мұғалімі
Кобегенова С. К.