Түйінді идеялар. Пікір талас
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән мұғалімі: Мырзагалиева Сандигүл Сандиғалиқызы. Сабақ тақырыбы: “I want to visit Astana”.
Мақсаты — Білу
- Астана тақырыбына қатысты сөздік қорды меңгеру.
- ever, never сөздерін болымды және болымсыз сөйлемдерде ережеге сай қолдану.
- Тапсырмаларды орындай отырып, топпен тиімді жұмыс істей алу.
Мақсаты — Есте сақтау
Жаңа лексикамен жүйелі жұмыс жасау арқылы жаңа ақпаратты есте сақтап, оны сөйлеу барысында қолдана білу.
Мақсаты — Оқу қабілеті
- Диалогтен маңызды ақпаратты табу.
- Диалогтың негізгі мазмұнын түсіну және қысқаша түйіндеу.
Мақсаты — Пікірталас
Тақырып: “Шетелге саяхат па, әлде өз елімізге саяхат па — қайсысы маңызды?” Оқушылар дәлел келтіріп, қарсы пікірді тыңдап, өз ұстанымын мәдениетті түрде қорғауға үйренеді.
Оқыту нәтижелері
- Сыни ойлауға және өзгенің пікіріне сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
- Сұрақ-жауап арқылы диалогтік сөйлеуі қалыптасады.
- Өз пікірін ауызша, ашық әрі нақты жеткізе білуге үйренеді.
- Оқушылардың бойында көшбасшылық қабілеттер дамиды.
- Қабілетті оқушылардың әлеуеті айқындалып, қолдау көрсетіледі.
- АКТ-ны тиімді қолдану дағдылары қалыптасады.
- Өзін-өзі бағалау және рефлексия жасау дағдылары дамиды.