Сабина Ана тілі
Білімге шақырған қоңырау
1-жүргізуші: Оқу елге керек пе, керексіз бе? Талас та болды. Көпке сар сап болып жүргенде, бір қоңырау соғылды. Ол — Ыбырай атаның қоңырауы еді. Қараңғы далаға жарық түсіріп, әлемді нұрландырды.
Жырын жаттап жатамыз, жалықпастан қыс-жазы. Ұлы Ыбырай атамыз — ұстаздардың ұстазы. Көп елге ұран тастап:
«Кел, балалар, оқылық!»
— деген сөзді жүрекке ықыласпен тоқимыз.
Мектеппен қоштасар сәт
2-жүргізуші: Мектептегі алғашқы күннен-ақ жүректі тербеткен әсерлер, қызыққа толы, жылылығы мол балалық шақтың балғын кезеңі артта қалып, қоштасар сәт те келіп жетті.
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Армысыздар, мұғалімдер — аяулы жандар, білім іздеп инемен құдық қазғандар! Құшақ жая қарсы аламыз. Бүгін өлең оқылып, би биленіп, ән де айтылады.
2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер! Хош келіпсіздер!
Ақ жаулықты аналар, жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған — алаңсыз, балғын шақты балалар.
Ұстазға тағзым
1-жүргізуші: Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
2-жүргізуші: Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — дегендей, ұстазымыз бізді білім нәрімен сусындатып, талай асуды үйретті.
Сондықтан Толқын және Эльмира ұстаздарымызға хормен айтамыз:
Мың алғыс!
Оқушы жүрегінен шыққан сөз
1-оқушы
Мұғалім, ғазиз мұғалім, төгілген арай, шуағым. Арманым қонса қолыма, арқаң деп сенің ұғамын.
2-оқушы
Мұғалім, ғазиз мұғалім, сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгін тойыңда арнайды саған бұл әнін.
Егембердиева Аружанның орындауында: «Ұстазым» әні.
1-жүргізуші: Қасым Аманжолов «Мектеп — кеме, білім — теңіз» деп бекер айтпаған. Жүректе ізгілік пен мейірімнің сәулесі болса — ол ұстаз еңбегінің жемісі. Сол нұрды әрбір жеткіншектің жүрегіне жеткізу үшін қаншама тер төгіледі! Адам тәрбиелеп, азамат ету — ұлы күш. Сондықтан ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.
Бастауышқа алғыс
2-жүргізуші: Білім алды балалар, оқу сырын өзіңнен біліп алды балалар. Жастың өсті санасы, елжірейді жүрегі. Бастауышқа барған бала алғыс айтып жүреді.
І. Біліммен қаруланған қор болмайды
Мәдина
Бастауыш — бал бұлағым, алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып, рахметімді жаудырамын. Өтті сенде қызық шағым, бастауышым — бал бұлағым. Қоштасар күн жетті міне, қимастықпен қол бұлғаймын.
Азамат
Мектеп — сенсің адалдықты үйреткен. Мектеп — сенсің жамандықтан жиренткен. Мектеп — сенсің жақсылықты ұран қып, мектеп — сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Ұлдана
Мектеп деген — білім кені, жыр кені. Мектеп деген — ғылымның ең үлкені. Мектеп деген — тәрбиеші адамға, мектеп деген — даналардың мекені.
Пәндер айтысы: бірлікке келу
Бұл көріністе пәндер өз орнын дәлелдеп, ақырында бәрінің де бір-бірімен тығыз байланысты екенін ұғынады.
Лаура — Математика
«Өмірде менің орным ерекше: есеп болмаса, адамдар сағатты, сауданы және басқа да ғылымдарды қалай есептер еді?»
Сабина — Ана тілі
«Ана тілі болмаса, тіл қоры мен тіл байлығын, сөйлеу мәнін де білмес еді».
Еркебұлан — Қазақ тілі
«Қазақ тілі болмаса, дауысты мен дауыссызды ажырата алмас еді, буын мен жұрнақты танымас еді, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді».
Мәдина — Орыс тілі
«Үштілділік туралы айтсақ, орыс тілі арқылы аударма жасалып, ресми ортада сөйлеп, мол кітап қорынан білім шыңдалады».
Ақжігіт — Дүниетану
«Табиғатты танып, таза ауада тынығып, денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын құруға үйретемін».
Данияр — Дене тәрбиесі
«Барлығын іске асыру үшін алдымен қимыл-қозғалыс, шымырлық қажет».
Ұлжан — Ғылым
«Өзін-өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?»
Исатай — Өзін-өзі тану
«Бәріміз бір-бірімізбен байланысты екеніміз анық. Тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайылық пен тәртіп — өзін танудан басталады. Осы арқылы өзгеге үлгі боламыз».
Ғылым: «Әрқайсыңның өмірде өз орны бар. Таза ауа, қимыл-қозғалыс, үш тілді меңгеру, есеп-қисап — бәрі қажет. Бір-біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан татулықпен:
“Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін!”
— қағидасын ұстанайық».
Болашаққа бастар жол
1-жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
- Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы.
- Хормен: Ата-ананың ақылы.
- Хормен: Болашаққа деген сенім.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, әр сөзіңізді ынтамен тыңдаймыз. Жан-жақты білім берген әр пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
ІІ. Ұстаздарға арнау
Ә. Лаура
Жұмысты ылғи қайсарды, көрмейміз мұндай жайсаңды. Ұжымның мықты ұстазы — Шолпан апайды айтсаңшы.
А. Ақжігіт
Айжамал апай тәрбиені оқытқан, санамызға қырын-сырын тоқытқан. Ізгілік пен ізетке жетелеп, ақыл кенін болаттай қып қорытқан.
Сабина
Сәуле, Гүлнар апайлар орыс тілін танытқан, ойландырып, ой-сананы дамытқан. Баршаңызға тілеріміз — жақсылық, арналады өлең — шабыттан.
Қ. Шыңғыс
Әріп сырын үйреткен шын көңілмен, жүрекпен. Толқын апай керемет — сабақ берген біздерге.
Т. Еркебұлан
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға — тарап демде кетеді шаршауың да. Балбұл жанған балғын жүз, жәудір көздер тұрғаныңда солардың қоршауында.
Д. Еркебұлан
Ақылшым — асыл ұстазым, жолымды айқын нұсқадың. Қасыма кеп қанша сен, қамқор боп қалам ұштадың. Жалықпай үйреттің де балаларды, өмірге тарту еттің даналарды. Ізгілікке жол ашып көрсетумен қара шашың қыраулап ағарады.
К. Диас
Мектеп — үйім, ұстаздарым — ата-анам, сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, тамырланып сан тарапқа тараған. Ақыл, білім көп бердің, анамдайсың мектебім. Сенде өсіп көктедім, сенсің өмір көктемім.
Б. Нұрдәулет
Ұстаздар жаққан шырақты өшірмейік, балалар. Бәрін-бәрін білесің — оқи берсең кітапты.
ІІІ. Білімсіз күнің жоқ
Нұрбол
Балам өсті дегенше, батыр өсті десейші. Торғай екеш торғай да жаңбыр жауса, баласын қорғайды.
Алтынай
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, анық достық қадірін жалалы болғанда білерсің.
Аружан
Ұл таппас ана болмас, тұрарын айт; мал таппас бала болмас, құрарын айт. Алты ұл тапқан ананы ханым десе болады, кезек сыйласқан ағаны жаным десе болады. Сондықтан үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без.
Нұрбақыт
Қойыңдаршы енді! «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген. Ал атаң шаршаса — апаңмен ойна!
Альбина
Есіңде болсын: екі қарияның ортасындағы бір бала — дана болады. Ал екі баланың ортасындағы бір шал — бала болады.
Ұлдана
Жетер енді: жаманға айтқан ақылың — далаға атқан оқпен тең. Талабы жоқ ұрпақ — жалыны жоқ шоқпен тең.
Ұлжан
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс. Жаманға айтқан сөзден жақсыға айтқан сөз дұрыс. Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс. Айтылмай қалған сөзден айтылып қалған сөз дұрыс.
IV. Ел ертеңі — көз алдымызда
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан–2050» стратегиясын — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ретінде жариялады.
2-жүргізуші: Еліміз 2050 жылға дейін әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосылады деген мақсат қойылды.
1-жүргізуші: Қазақстан XXI ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді. Ендігі міндет — егемендік жылдары қол жеткізгеннің бәрін сақтай отырып, орнықты дамуды жалғастыру.
2-жүргізуші: Мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек негізінде берекелі қоғам құру.
1-жүргізуші: «Білімді адам қор болмайды» дегендей, болашақ Қазақстанның ел ертеңі — ортамызда.
Өнер және өлең
- Өлең оқу: Серғазықызы Мәдина — «Қазақстан» (М. Мақатаев)
- Өлең оқу: Жандарбек Зарина — «Туған жер» (Қ. Аманжолов)
- Өлең оқу: Бектұр Ерасыл — «Туған өлкем» (Қ. Жұмағалиев)
Концерттік бағдарлама
- Ән: «Жаса, қазағым» — Базарбай Азамат
- Би: Өзбек биі — Бектұрсын Ұлдана
- Ән: «Балалық шақ» — Әбдіжаппар Лаура
- Би: «Келіншек» биі — қыздар тобы
- Хор: «Сыныптастар-құрдастар»
1-жүргізуші: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға, ұқсатып ек біз сізді анамызға. Жақын тарттық біртіндеп бауыр басып, жүргеніңізді ұнаттық арамызда.
2-жүргізуші: Сынып жетекшілерімізді ортаға шақырамыз: Аюбаева Толқын апайымызды және Акенова Эльмира апайымызды.
Хор: Мектеп — кеме, білім — теңіз, барар жерге тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда, ұстаз берген білім қолда.
1-жүргізуші: Сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Жексенбиева Шолпан апайға береміз.
2-жүргізуші: Сөз кезегін ардақты ата-аналарымызға береміз.