Қазақтың ұлттық билерін ата
Тақырыбы: «Елім менің»
Интеллектуалдық ойын Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «Елім менің» жобасының үлгісімен ұйымдастырылады. Шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 21 жыл толуына орай 5–7 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Білімділік мақсаты
Еліміздің тарихы, халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтау және жалғастыру, Тәуелсіздік тарихы және тәуелсіздікке 21 жыл толуы туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Ұлттық сана, ұлттық болмыс, ар-намыс және рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Көрнекіліктер мен безендіру
- Қанатты сөздер
- Қазақ фильмдерінен үзінділер
- Тәуелсіздікке арналған әндер мен өлеңдер
- Қазақстан картасы
- Мемлекеттік рәміздер суреттері
- Интербелсенді тақта және «Елім менің» стиліндегі слайдтар
Ашылуы «Егемен Қазақстан» әнімен басталады.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Армысыздар, қадірменді оқушылар! Бүгінгі кеш өзге кештерден ерекше, өйткені ол Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «Елім менің» тележобасының негізінде өтеді.
Бұл кеште біз халқымыздың тарихы мен егемендігі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, қазақ фильмдері және қазақ жазушыларының шығармалары туралы білімімізді саралаймыз.
Топтар: І топ — «Жігер», ІІ топ — «Намыс».
Ойынның құрылымы
Әр айналымда ұпай дұрыс жауап санына қарай беріледі. Кей кезеңдерде сұрақ оқылып, белгі берілгеннен кейін ғана тетікті бірінші басқан ойыншы жауап береді.
1-айналым: Бейне сұрақтар
Интербелсенді тақта арқылы 3 бейне сұрақ қойылады. Қарсы тұрған ойыншылар жеке-жеке жауап береді. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
- 1. «Жерұйық»
- 2. «Жиде»
- 3. «Аңшы бала»
2-айналым: Фразеологиялық талдау
I бөлім: Дұрыс айту
І топ
- Елтаңба: е-л-т-а-ң-б-а
- Рәміздер: р-ә-м-і-з-д-е-р
ІІ топ
- Еуропа: е-в-р-о-п-а
- Зайырлы: з-а-й-ы-р-л-ы
II бөлім: Фразеологизм баламасын табу
І топ
- Көрер таңды көзімен атқызды — ұйықтамады, көз ілмеді.
- Мұрттай ұшты — тез, жылдам.
- Ит арқасы қиянда — қашықта, алыста.
ІІ топ
- Табанынан таусылды — жылады, өкінді.
- Аяғының басына қарады — төмен қарады.
- Қаһарынан қан тамған — ашуланды.
III бөлім: Үзіндінің авторын/шығармасын анықтау
Интербелсенді тақтада берілген үзінді қай шығарма/ертегіден екенін және авторын анықтау керек. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
«Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді... Бірақ Құрмаш көнбеді.»
Жауабы: Мұхтар Әуезов — «Көксерек»
«Сорқұдықтың басына сорға бола қонды әкем... Асқар-асқар тау менен шексіз дария көл болды.»
Жауабы: «Ер Төстік» ертегісі
«Колхоз басқармасының бастығы Күлзайра дейтін әйел... “Осы бізді неге әуре қыласыңдар...?”»
Жауабы: Бейімбет Майлин — «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры»
3-айналым: Тарих және тұлғатану
Бұл айналым екі бөлімнен тұрады. 1-бөлімде тарихи оқиғалар, жылдар және ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтар беріледі. Түсіндіруге 1,5 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
2-бөлімде топтар бір-біріне сұрақ жасырады. Сұрақтар Алаш арыстары туралы болады.
І топ — «Жігер»: 1-бөлім сұрақтары
- 1. Алтын адам табылған жер: Есік қорғаны
- 2. Желтоқсан көтерілісі өткен қала: Алматы
- 3. Президент сайлауы: 1991 ж. 1 желтоқсан
- 4. Ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері: Талғат Мұсабаев
- 5. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков
- 6. Теңге айналымға енді: 1993 ж. 15 қараша
- 7. Ата заң қабылданды: 1995 ж. 30 тамыз
- 8. «Қазақстан–2030» жолдауы: 1997 ж.
- 9. Астана Ақмолаға көшті: 1998 ж.
- 10. Мәдениетті қолдау жылы: 2000 ж.
- 11. Денсаулық жылы: 2002 ж.
- 12. Бейбітшілік және келісім сарайы: 2003 ж.
- 13. Қазақстан–Ресей жылы: 2004 ж.
- 14. «Менің Қазақстаным» әнұраны гимн болды: 2006 ж. 7 қаңтар
- 15. Украинаның Қазақстандағы жылы: 2008 ж.
- 16. VII қысқы Азия ойындары: 2011 ж.
- 17. Үш бәйтерек: Ілияс, Сәкен, Бейімбет
- 18. «Қазақ елі» монументі құс мүсінінің салмағы: 2,5 тонна
ІІ топ — «Намыс»: 1-бөлім сұрақтары
- 1. Қазақстанның алғашқы астанасы: Орынбор
- 2. 1900 ж. Ақмола уезінің атақты балуаны: Қажымұқан Мұңайтпасов
- 3. Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданып, БҰҰ-ға мүше болған жыл: 1992 ж.
- 4. Елтаңба авторлары: Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
- 5. Тұңғыш ордендер мен медальдар: 1994 ж.
- 6. Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы: 1997 ж.
- 7. Астана — Қазақстанның: 4-астанасы
- 8. Бәйтеректің биіктігі: 97 м
- 9. Түркістанның 1500 жылдығы: 2000 ж.
- 10. Ауыл жылы: 2003–2005 жж.
- 11. «Нұр-Астана» мешіті: 2005 ж. 22 наурыз
- 12. Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл: 2006 ж.
- 13. Қазақ тілін қолдау жылы: 2007 ж. (Халық санағы: 2009 ж.)
- 14. ЕҚЫҰ саммиті (Астана): 2010 ж.
- 15. Үш дана: Абай, Ыбырай, Шоқан
- 16. 30-жазғы Олимпиададағы орын: 12-орын
- 17. «Қазақ елі» монументі биіктігі: 91 м
- 18. Үкімет басшысы: Кәрім Мәсімов
3-айналым: 2-бөлім — Алаш арыстары бойынша сұрақтар
І топ — «Жігер»
-
Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1873–1937) Алаш арысы кім?
A) Халел Ғаббасұлы B) Ахмет Байтұрсынұлы C) Халел Досмұхамедұлы
-
1917 жылы Омбы оқытушылар семинариясын бітірген (1893–1938) Алаш арысы кім?
A) Мағжан Жұмабаев B) Ахмет Байтұрсынұлы C) Мұхамеджан Тынышбайұлы
ІІ топ — «Намыс»
-
Қарқаралы оязы, Әлтеке–Сырым болысы, Желтау баурайында туған (1866–1937), Алаш Орда үкіметінің төрағасы болған кім?
A) Міржақып Дулат B) Мұстафа Шоқай C) Әлихан Бөкейхан
-
Талдықорған облысы, Қабанбай ауданы, Жыланды ауылы маңында туған (1879–1937) Алаш арысы кім?
A) Халел Ғаббасұлы B) Міржақып Дулат C) Мұхамеджан Тынышбайұлы
4-айналым: Салт-дәстүр
Интербелсенді тақтадағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беріледі. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
Сұрақтар
- Қазақ халқының ертеден келе жатқан мейрамдарын ата.
- Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
- Ұлттық салт-дәстүрлерді атап шық.
- Ұлттық билерді ата.
- Ұлттық киімдерді ата.
- Қазақ жігітінің үш жұртын ата.
Нұсқа жауаптар
- Мейрамдар: Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт және т.б.
- Тағамдар: бауырсақ, қымыз, шұбат, қазы-қарта, жал-жая, сүзбе және т.б.
- Дәстүрлер: қонақасы, сыбаға, бастаңғы, тоқымқағар, байғазы, енші, шашу, тұсаукесер, сүндет той және т.б.
- Билер: Қамажай, Қаражорға, Айгөлек.
- Киімдер: сәукеле, тақия, камзол, шапан, мәсі, кимешек және т.б.
- Үш жұрт: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
5-айналым: Географиялық сұрақ
Интербелсенді тақтада Қазақстан аумағындағы нүкте белгіленеді. Сол нүкте қай қалаға сәйкес келетінін табу керек. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
І топ — «Жігер»
- Астана
- Шалқар
- Семей
ІІ топ — «Намыс»
- Ақтөбе
- Алматы
- Ақтау
6-айналым: Шешуші кезең (әріптер арқылы жауап беру)
Бұл кезеңде әр ойыншы өзіне тиесілі әріптер арқылы жауап құрастырады. Уақыт шектеулі: 1 минут. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
І топ — «Жігер»
- Б.з.б. 2–1 мыңжылдық қандай дәуір? Қола
- Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды т.б. нені білдіреді? Қала
- Төрт түліктің ішіндегі қойдың төлі: Қозы
- Жылқы етінен жасалатын тағам: Қазы
- Қыз баланың мойынға тағатын әшекейі: Алқа
- «Баланың ісі — ...»: шала
- Жеміс атауы: Алша
- Ахмет, Әлихан, Дулат сынды қай орданың арыстары? Алаш
ІІ топ — «Намыс»
- Киіз үйдің сықырлауық бөлігі: Есік
- Шай ішетін ыдыс: Кесе
- Алдар көсенің мінген жануары: Есек
- Сақалы жоқ адам: Көсе
- Астана қаласындағы өзен: Есіл
- Соғым етіне берілетін садақа: Шеке
- Домбыраның ішегі: Ішек
- «Улица» сөзінің қазақша атауы: Көше