Ойлана біл

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

6 санын қосу мен азайтуды пысықтау.

Сабақтың мақсаты

2–6 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайлары бойынша білімдерін бекіту.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Ауызша қосу мен азайтуға арналған есептер арқылы оқушылардың білімін тексеру.

Дамытушылық

Зейінін, ойлау және байқағыштық қабілеттерін дамыту; есте сақтау үдерісін жетілдіру; қиялын ұштап, шығармашылыққа жетелеу.

Тәрбиелік

Ізденуге, салыстыруға, жеке және топпен бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылық пен адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

7 түсті күлшелі гүл, таратпалар, суреттер.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, ойын элементтері бар сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы: 7 күлшелі гүл құрастыру

Бүгінгі сабақта кестелік қосу мен азайту бойынша білім тексеріледі. Тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы оқушылар 7 түсті күлшелі гүлді құрастырады. Әр кезең — бір күлше.

Психологиялық сәт

Мақсатты бағыттау

Есептер шығару арқылы өз білімімізді көрсетеміз. Жақсы жауап берген оқушылардың бағасы да жоғары болады.

«Қасиеттер» ойыны

Қай қасиет қажет болса — шапалақтаймыз, ал кедергі болса — аяғымызбен тарсылдатамыз.

Білім Назар Ұқыптылық Бір-біріне көмектесу Достық Бірлік Жалқаулық (кедергі) Табиғатқа махаббат Жануарларға қамқорлық

1-күлше: Қайталау — білім анасы

Ой қозғау
  • 1–10 дейін тура және кері санау.
  • 10–100 дейін дөңгелек сандармен тура және кері санау.
  • «Көршісін тап» дидактикалық ойыны: 5, 8, 3, 7, 2, 6.

2-күлше: «Білімді өрге жүзеді»

Өзіндік жұмыс

«Ойлан, тап»: Математика оқулығындағы 105-сабақ, 9-беттегі өрнектерді 1 минутта шығару.

3-күлше: «Білгің келсе, тауып көр»

Топтық жұмыс

Оқулықтағы №1 тапсырма: жасырын тұрған сандарды табыңдар.

6 + * = 8

8 − * = 2

* + 3 = 4

5 + * = 10

* − 6 = 4

* + 5 = 7

4-күлше: «Ойлана біл!»

Жазба жұмысы

Дәптердегі №1 тапсырма: кестені толтыру.

Қосу

Қосылғыш
Қосылғыш
Қосындының мәні

Азайту

Азайғыш
Азайтқыш
Айырманың мәні

5-күлше: Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

6-күлше: Мағынаны таныту

Есеп құрастыру

Оқулықтағы №2 тапсырма: қысқаша жазба бойынша есеп құрастырып, оны шығару.

7-күлше: «Бірлік бар жерде, тірлік бар»

Шығармашылық тапсырма

Оқулықтағы №5 тапсырма: әр топ өз қатарындағы жетіспейтін заттың суретін салып, бояйды.

Топтарға бөлу

  • 1-топ: 1-қатардағы жоқ зат.
  • 2-топ: 2-қатардағы жоқ зат.
  • 3-топ: 3-қатардағы жоқ зат.
  • 4-топ: 4-қатардағы жоқ зат.

Нәтиже

Тапсырмалар толық орындалғаннан кейін 7 түсті күлшелі гүл құрастырылады және әр кезеңдегі жетістік қорытындыланады.

Рефлексия және бағалау

Барлық тапсырманы орындап, жеті түсті күлшелі гүлді құрастырдық. Енді сабақты қорытындылап, өз жұмысымызды бағалаймыз.

Сұрақ 1

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды?

Сұрақ 2

Сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

Сұрақ 3

Бүгін жаңадан нені үйрендіңдер немесе нені бекіттіңдер?

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы беріледі. Оқушылардың жұмысы бағаланады.