Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі: Избулова Гүлдана
Сынып: 5
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар туралы түсінік қалыптастыру. Есептер шығару дағдыларын дамыту.
Дамытушылық
Логикалық ойлау мен есептеу дағдыларын жетілдіру; өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру; белсенділікті арттыру; пәнге қызығушылықты ояту; оқушылардың құзыреттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз ойын толық әрі дұрыс жеткізуге, тапқырлыққа және жылдамдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен әдістер
Көрнекіліктер
- Интерактив тақта
- Сәйкестендіру кестесі
- Ойын элементтері
- Стикерлер, магниттер
Оқыту әдісі
Практикалық жұмыс, есеп шығару, топтық және жұптық белсенділіктер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Сабақтың мақсатымен таныстыру
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл» сұрақтары
- 1.2-ге қандай сандар бөлінеді?
- 2.3-ке қандай сандар бөлінеді?
- 3.10-ға қандай сандар бөлінеді?
- 4.5-ке қандай сандар бөлінеді?
- 5.3-тің квадраты неге тең?
- 6.Жай сан дегеніміз не?
- 7.Құрама сан дегеніміз не?
- 8.Құрама санды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?
3) Жаңа сабақты меңгерту
Анықтама: Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) — сол сандардың әрқайсысына бөлінетін ең үлкен натурал сан.
Мысал
ЕҮОБ(8, 14, 22) = 2
Анықтама: ЕҮОБ-ы 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.
Ескерту
Өзара жай сандарға мысал: ЕҮОБ(a, b) = 1 болуы керек.
Тәжірибелік тұжырым: Берілген сандардың ЕҮОБ-ы — олардың жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.
Мысал
ЕҮОБ(18, 66, 330) = 6
4) Оқулықпен жұмыс және тапсырмалар
«Кубизм» әдісі
№ 710–712 тапсырмалары: жазбаша, тақтада орындау.
Өзіндік жұмыс
№ 714 тапсырмасы: өздіктерінен орындау.
5) Бекіту: ойын элементтері
«Жалауға кім бұрын жетеді?» ойыны
Есептерді жылдам әрі дұрыс орындау арқылы топтар ұпай жинайды.
Математикалық лото
Әр оқушыға жеке карточкалар беріледі. 6 карточканың сыртқы бетіне тұтас бір сурет салынады. Мұғалім тапсырмаларға сәйкес жауаптары жазылған таблоны алдын ала дайындап, тақтаға іледі.
I топ
Шарт: сұрақтарға дұрыс жауап беріп, суретті толық құрастыру.