Оқушыларға туралы білімдерін кеңейту
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе елді мекені — №2 орта мектеп
Технология пәнінің мұғалімі: Өтегенова Жібек Жанәлиевна
Сабақтың тақырыбы
Бас орамал мен алжапқышты пішу (5-сынып)
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, тақырып бойынша толық әрі түсінікті мағлұмат беру; олардың алжапқыш пен бас орамалды пішуге қатысты білімін кеңейту.
Дамытушылық
Жеке тапсырмаларды орындау барысында технологиялық реттілік пен талаптарды сақтауға үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке баулу; әсемдікке, жаңашылдыққа ұмтылдыру; эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
- Сыни тұрғыда ойлау
- Ынтымақтастықта оқыту
- Түсіндірмелі сұрақ-жауап
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Тірек-сызбалар, суреттер, журналдар, оқулық, үлгілер, қайшы, тігін құралдары және басқа да қажетті жабдықтар.
Пәнаралық байланыс
Сызу, бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысымын анықтау.
2) Жаңа сабақ: алжапқыш пен бас орамалды пішуге кіріспе
Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш қолданамыз. Алжапқыш киімнің алдын ластанудан қорғайды.
Алжапқышқа лайық мата қандай болуы керек?
- түгі жоқ;
- жеңіл;
- тез жуылатын;
- тігісі берік.
Мұндай бұйымға көбіне шыт, зығыр, сәтен маталары қолайлы.
Алжапқышты әртүрлі үлгімен тігуге болады — бұл көбіне тігіншінің қиялы мен қажеттілігіне байланысты. Тігуге кіріспес бұрын оның нақты сызбасын құрастырып, үлгі дайындау қажет.
Өлшем алу ережелері
- Өлшемді сантиметрлік таспамен алады.
- Өлшем алушы адам өлшенетін адамның оң жағында тұрады.
- Бел сызығын алдын ала жіппен белгілеу керек.
- Өлшенетін адам тік, еркін қалыпта тұруы қажет.
- Таспаны тым қатты тартуға да, босаңсытуға да болмайды.
- Ұзындық өлшемдері толық жазылады.
- Айналым мен ен өлшемдері жартылай жазылады.
3) Сұрақ-жауап арқылы қайталау
1) Тігін машинасының түрлерін ата.
Қол, аяқ, тоқ, арнайы машиналар.
2) Тігін машинасының жобасын алғаш рет кім ұсынды?
Леонардо да Винчи.
3) Талшықтан жіп шығару процесі қалай аталады?
Иіру.
4) Мата алу процесі қалай аталады?
Тоқу.
5) Матаның бойымен орналасқан жіп қалай аталады?
Негізгі жіп.
6) Көлденең жатқан жіп қалай аталады?
Арқау жіп.
7) Киім пайдалануына қарай неше түрге бөлінеді?
Тұрмыстық, өндірістік, формалық.
8) Тұрмыстық киімдерге қандай киімдер жатады?
Күнделікті, сәндік, үй киімі, ұлттық, спорттық.
9) Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады?
Мектеп, әскери.
Сабақты бекіту
Сұрақ:
Бас орамал мен алжапқышты пішу туралы қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Өлшем алуда қандай ережелерді сақтау қажет?
Үйге тапсырма
- Тақырыпты оқып келу.
- Ережелерді қайталап, жаттап келу.