Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету

Алғы сөз

Н. Ә. Назарбаев:

“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.”

Әр ұстаздың мақсаты — сабақты тартымды әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін жүйелі қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл қабылданады және белсенді әрекетке жетелейді.

Дидактикалық ойындар — оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру деңгейін, сөздік қорын ескере отырып, сабақтың тиімділігін арттыруға арналған қосымша құрал. “Ой — ойыннан басталады” десек, баланың ойын дамытып, сабаққа қызығушылығын арттыратын да — ойын.

Дидактикалық ойындар жинағы

Төмендегі ойындар сабақта қысқа серпін беру, жаңа тақырыпты бекіту, қайталау және бағалау кезеңдеріне ыңғайлы. Әр ойын үшін мақсат, шарт және үлгілер берілген.

“Моншақ” ойыны

Мақсаты

Жуан және жіңішке түбірлі сөздерді қайталау, ажырата білу.

Шарты

Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазып, сыныпты екі топқа бөліп таратыңыз. Белгіленген уақыт ішінде әр топ жіпке бір жуан және бір жіңішке түбірлі сөзден “моншақ” тізуі керек. Моншақты бірінші болып тізген топ жеңеді.

Керекті сөздер

дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т.б.

“Қалалар” ойыны

Мақсаты

Буыннан сөз құрастыру, дұрыс жазуға дағдыландыру.

Шарты

Сыныпты екі топқа бөліңіз. Тақтаға қала атауының кез келген буынын жазыңыз. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.

Тапсырма үлгілері

  • қар Қарағанды
  • ас Астана
  • алма Алматы
  • тау Көкшетау
  • рау Атырау
  • кент Шымкент

“Сұрақ – жауап” ойыны (карточкамен)

Мақсаты

Сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап беруге дағдыландыру.

Шарты

Сыныпты екі топқа бөліңіз. Әр топқа жауаптары жазылған карточкаларды таратыңыз. Мұғалім сұрақты оқығаннан кейін оқушылар сәйкес жауабын көрсетеді. Дұрыс жауап саны көп топ жеңеді.

Сұрақтар

  1. Сөмкеде не жатыр?
  2. Бір аптада неше күн бар?
  3. Асханада кім бар?
  4. Сыныпта неше терезе бар?
  5. Қолда неше саусақ бар?
  6. Жазда ауа райы қандай?
  7. Бір тәулікте неше сағат бар?
  8. Мектеп неше қабатты?
  9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер

қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

Ескерту: “үш” сөзі екі рет қолданылуы мүмкін (мысалы, “терезе” және “қабат” саны ретінде).

“Соңы кім?” ойыны

Мақсаты

Сөздерді өрбіту арқылы сөздік қорды молайту.

Шарты

Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім осы сөзге байланысты басқа сөздер құратқызады. Соңғы сөзді дұрыс құрған оқушы жеңімпаз атанады.

Үлгі тізбек

жаз → ыстық → жазғы каникул → тамыз → күнге күю → шомылу

“Сиқырлы ағаш” ойыны

Мақсаты

Оқушыларды сұраққа жауап беруге үйрету.

Шарты

Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашын іліңіз. Алмалардың әрқайсысына бір сұрақ жазыңыз. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.

Қолданылатын тақырыптар

“Мектеп”, “Үй жануарлары”, “Асхана”, “Балықтар” және т.б.

“Отбасы” тақырыбы бойынша сұрақ үлгілері

  1. Сенің отбасың қандай?
  2. Отбасыңда неше адам бар?
  3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
  4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
  5. Сенің анаң неше жаста?
  6. Сенің әкең неше жаста?
  7. Сенің әжең кім?
  8. Отбасың тату ма?
  9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

“Асхана” ойыны

Мақсаты

“Асхана” тақырыбына қатысты сөздерді қайталау.

Шарты

Тақтаға аспазшының суретін және тақырыпқа қатысты сөздерді іліңіз. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңеді.

Керекті сөздер

аспаз балық шанышқы тұшпара палау ботқа тәрелке кесе сүт шәйнек ет қасық дәмді сорпа тәтті ас

Ойынды әртүрлі тақырып бойынша бейімдеп өткізуге болады.

“Орныңды тап” ойыны

Мақсаты

Сөздерге дұрыс сұрақ қоя білу.

Шарты

Тақтаға “кім?”, “не?”, “қандай?” сұрақтарын жазыңыз. Осы сұрақтарға жауап болатын сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға таратыңыз. Әр оқушы тақтаға шығып, өз сөзіне сәйкес сұрақтың жанына барып тұрады. Ойынды ұпай беру арқылы ұйымдастыруға болады.

“Жоғалған әріптер” ойыны

Мақсаты

Сауатты жазуға дағдыландыру, қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.

Шарты

Сыныпты екі топқа бөліңіз. Тақтаға әріптері түсіп қалған 10 сөз жазыңыз. Қай топ жетіспейтін әріптерді дұрыс қойса, сол топ жеңеді.

Мысал сөздер

к...гершін балдыр... ән...ран к...тап к...ктем ...же ...ңгіме о...ушы айда...ар а...

“Қожанасыр қоржыны” ойыны

Мақсаты

Логикалық ойлауды дамыту, қазақ тіліне қызығушылықты арттыру.

Шарты

Тақтаға қоржын іліңіз. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны екенін және ішінде сыйлықтар барын айтып, оқушыларға тапсырмалар таратыңыз. Оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық алады.

Сергіту сәті (ойын алдында)

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырма үлгілері

  • Сөздерді қазақшаға аудар: Kошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.
  • Сөзді септе: жолбарыс
  • Сандарды сөзбен жаз: 25+7=32; 150-30=120; 10+3=13; 43-20=23; 90-40=50; 80+25=105.

Жұмбақ және сөйлем құрау

Жұмбақ: “Үйіңнің ол тұрағы, беті-қолын жуады, жолбарысқа түсі ұқсас, екі көзі қырағы.”

Жауабы: мысық

Сөйлемдерді қазақша жаз: Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.

“Аукцион” ойыны

Мақсаты

Сөздік қорды молайту, пәнді сүюге тәрбиелеу.

Шарты

Сыныпты екі топқа бөліңіз. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліңіз (жасырын сөз). Әр топ бұл сөзге қанша ұпай “қоятындығын” айтады. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұраңыз. Дұрыс жауап берсе — ұпай сол топтың қорына жазылады, қате болса — ұпай екінші топқа өтеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңеді.

“Сұрақ – жауап” ойыны (40 карта)

Мақсаты

Сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.

Шарты

Қатты қағаздан 40 карта жасаңыз: 20 картаға сұрақ, қалған 20 картаға жауап жазыңыз. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді, келесі оқушы сәйкес жауабы бар картамен “жабады”.

“Жалғасын тап” ойыны

Мақсаты

Сөйлемдерді дұрыс құрауға үйрету.

Шарты

Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Қатты қағазға мақал-мәтелдерді бөліп жазыңыз да, карточкаларды таратыңыз. Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды, жалғасы бар оқушы қасына келіп, жалғасын оқиды.

“Сиқырлы қоржын” ойыны

Мақсаты

Оқушыларды сұраққа жауап беруге үйрету.

Шарты

Тақтаға қоржынның суретін іліңіз. Қоржынның ішіне сұрақтар салыңыз. Оқушылар бір-бірден шығып, қоржыннан сұрақ алып оқиды және жауап береді.

Сұрақ үлгілері

  • Сен қайда тұрасың?
  • Сенің Отаның қай ел?
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
  • Елтаңбада не бейнеленген?
  • Әнұранның авторлары кімдер?
  • Солтүстік Қазақстан неге бай?
  • Сен қай көшеде тұрасың?
  • Сен неше жастасың?
  • Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
  • Кім нан пісіреді?
  • Кім етік тігеді?

Қорытынды ой

Дидактикалық ойындар — бастауыш сыныпта тілді меңгеруді жандандыратын тиімді тәсіл. Ойын оқушыны әрекетке тартып, қателесуден қорықпай сөйлеуге, тыңдауға және жылдам жауап беруге үйретеді. Ең бастысы — ойынның мақсатын нақты қойып, уақыт пен бағалау өлшемін алдын ала белгілеу.