Дерексіз зат есімді тап

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің жасалуына арналған жаттығу жұмыстары.

Мақсаты

Зат есім ұғымы туралы білімдерін тиянақтау.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі (аралас).

Әдісі

Талдау, сұрақ-жауап.

Міндеттері

Білімділік

Зат есімнің түрлеріне қатысты білім қалыптастыру, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа және өз ойын дәлелдеп айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Кезекшінің мәліметін тыңдау.

«Зымыран сұрақтар»

  1. Зат есім деген не?
  2. Зат есімнің қандай түрлері бар?
  3. Туынды және күрделі зат есімдер қалай жасалады?
  4. Деректі және дерексіз зат есім деген не?

«Қай қатар тез?»

Ойын шарты: әр қатардан бір оқушы шығып, тақтаға зат есім түрлеріне мысалдар жазады (деректі, дерексіз, туынды).

Назар аудару

Мысалдар жазғанда сөздің мағынасына және жасалу жолына дәлел келтіру.

«Кім көп біледі?»

  1. Екі-үш сөзден құралған қандай жер-су, географиялық атауларды білесіңдер?
  2. Екі-үш сөзден құралған қандай ән, күй, аң-құс, жәндік атауларын білесіңдер?
  3. Екі-үш сөзден құралған қандай кісі аттарын білесіңдер?

Сөйлем құрау

Берілген сөздер мен тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңдар:

Астана Кеңес Одағының батыры Көкшетау қолғанат ата-ана АҚШ достық жолдас

«А» дыбысынан басталатын зат есімдер

Төмендегі сұрақтарға сәйкес «А» дыбысынан басталатын зат есімдерді жазып шығыңдар:

  1. 1. Алфавиттегі бірінші әріп?
  2. 2. «Тамақ» сөзінің синонимі?
  3. 3. Әлемдегі ең ардақты жан?
  4. 4. Жеміс атауы?
  5. 5. Той жүргізуші?
  6. 6. Қазақстандағы тау атауы?
  7. 7. Әріптердің жиынтығы?
  8. 8. «Туған жер» сөзінің синонимі?

Тест тапсырмалары

1. Зат есім дегеніміз не?

  • A)қимылды білдіреді
  • Б)заттың сынын білдіреді
  • В)заттың атын білдіреді

2. Көптік жалғаулы зат есімді тап.

  • A)ағаштар
  • Б)оқушы
  • В)батыр

3. Туынды зат есімді тап.

  • A)тау
  • Б)қала
  • В)малшы

4. Жалқы есімді тап.

  • A)Алматы
  • Б)журнал
  • В)аға

5. Дерексіз зат есімді тап.

  • A)қалам
  • Б)кітап
  • В)ой

6. Зат есімдер тобын тап.

  • A)орман, тау
  • Б)үлкен, ащы
  • В)өседі, ұшады

Тыңдалым

Өлең үнтаспадан тыңдалады.

Тапсырма

Өлеңнен зат есімдерді тауып, теріп жазыңдар.

Оқулықпен жұмыс

  • Суреттегі екі балаға мінездеме беріңдер.
  • Мінездеме беруде қандай дерексіз зат есімдерді қолданғандарыңды айтыңдар.

Жаттығу жұмысы (125-жаттығу)

Мәтіннен туынды зат есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

ойын-сауық салақтық қорқақтық әнші

Зат есімдерді мағынасына қарай топтастырыңдар.

Үйге тапсырма

126-жаттығу

Туынды зат есімнің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Шығармашылық тапсырма

Құрамында 5 зат есім кездесетін мақал-мәтел жазып келіңдер.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлелділігі бойынша бағалау жүргізіледі.