Жаңа сабақтың материалын түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Өз қолымен жасалған сыйлық (кепкен өсімдіктерден).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Білім алушылардың табиғи материалдар туралы түсінігін қалыптастыру, композиция арқылы бұйым құрастыруға үйрету.

Дамытушылық

Іскерлігін, ойлау қабілетін және шығармашылық шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тазалыққа, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу және техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Шығармашылық жұмыс

Көрнекілік және форма

Көрнекілігі

Үлгілер, дәнді дақылдардан (күріш, макарон) және көкөністерден жасалған кестелер, дайын жұмыстар.

Сабақтың формасы

Жеке, дара жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Математика Бейнелеу өнері Тіршіліктану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалды түсіндіру

Оқушылардың дайындығы тексерілгеннен кейін өткен тақырып қысқаша қайталанады. Жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, тапсырманы орындау жолдары түсіндіріледі.

Табиғи материалдармен жұмыс жасау оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, әсемдікке баулиды және отансүйгіштік рухты қалыптастыруға ықпал етеді. Топпен серуендеу кезінде білім алушылар туған өлкенің табиғатына сүйсініп, оны мақтан тұтуға үйренеді.

1. Табиғи материалдар

A) Жалпақ табиғи материалдар

Жапырақ, гүл, ағаштың және пияздың қабығы, ағаштың қанатшалары, сабан және т.б.

Ә) Көлемді табиғи материалдар

Жүгері сабағы, емен жаңғағы, шырша бүршігі, жаңғақ қабығы, түрлі жемістердің дәндері мен қабықтары.

Жұмыс барысында өсімдіктер әлемі мен табиғат туралы қосымша мәліметтер беріліп, материалдардың қасиеттері таныстырылады.

III. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру

Тапсырма

Еркін тақырыпта композиция құрастыру. Бұрын оқылған мысалдар, ертегілер, жырлар немесе балаларға арналған әңгімелерді еске түсіріп, сол тақырыпқа сай қолдағы материалдарды пайдаланып жұмыс орындау.

Мысал тақырыптар

Шопан Ормандағы екеу Аңшы Жарыс Балық аулау Домбырашы Көлдегі тырналар Қарға мен түлкі

Қауіпсіздік

Құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ескертіледі.

Жұмыс кезеңдері

  1. 1 Таңдалған тақырып бойынша қағаз бетіне эскиз жасау.
  2. 2 Кейіпкерлерді анықтап, олардың бөліктерін қандай материалдармен орындайтыныңды қарындашпен белгілеу.
  3. 3 Жұмысты жоспар бойынша орындау: материалдарды реттеу, детальдардың формасын нақтылау.
  4. 4 Тақтайшаға (негізге) орналастыратын жерлерді алдын ала дайындау: қажет болса арнайы құралдармен тесіктер жасап қою.
  5. 5 Білім алушылар өз орындарында жұмысты орындап, композицияны аяқтау.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Талқылау сұрақтары

  1. 1. Табиғи материалдардың басқа материалдардан айырмашылығы неде?
  2. 2. Табиғи материалдарды бір-біріне бекіту үшін нені қолданамыз?
  3. 3. Табиғи материалдарды ұзақ сақтауға бола ма? Ол үшін не істеу керек?

Сұрақтарға жауап арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі анықталғаннан кейін өздік жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі. Өздік жұмыс кезінде мұғалім бақылап, қажет жағдайда бағыт-бағдар береді.

V. Қорытынды

Табиғи материалдарды өңдеп, бұйым жасау арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы дамиды, кеңістіктегі құбылыстарды қабылдауы тереңдейді, еңбекке қызығушылығы артады. Сондай-ақ табиғи материалдардың ерекшеліктерін танып, оларды тиімді қолдануға үйренеді.

VI. Бағалау

Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылардың орындаған бұйымдары бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа табиғи материалдар жинақтап келу және таңдаған тақырып бойынша қысқаша эскиз дайындау.