Арқылы газет журнал һәр тарафтан, Хабармен халықтың көзін ашатұғын
Һүнердың афзалдығын еттім зікір,
Мұхтәрәм оқушылар, жібер пікір.
Ғылыммен хасыл болған нәрселерді
Жазайын баян етіп, тыңдап отыр.
Ат жетпес алты айшылық алыс жолға,
Аз күнде жеткізеді бұл от арба.
Естілмес хабарларды жер шетінен
Аламыз телеграммен я ғәжибә.
Жүргізді автомобиль ат жекпестен,
Әмірі қолда болып теріс кетпестен.
Һүнермен от пен суды көлік қылып
Алыстан телефонмен жұрт гапләскен.
Дариямен қара жердей файдаланды,
Бұрынғы қиыншылық жайға қалды.
Балықтай мұхиттарда жүзіп жүріп,
Ғамал ғып пароходпен қайда барды.
Дәхидә хәйламенен аспанға ұшты,
Кезінде хажет болса жерге түсті.
Есімін воздушный шар деп қойды,
Халық бұрын көріп пе еді мұндай істі.
Телеграф және шықты сым темірсіз,
Иланып болған іске жұрт сенерсіз.
Үстіңнен жүргенменен көз көрмейді,
Әлбетте қалайынша сіз білерсіз.
Машина жер астынан жүрді тағы
Ғажайып мұнысы да хиялдағы.
Не нәрсе өздігінен жаралмайды,
Һүнермен мұны тапқан пендедағы.
Берденке, бомба, мина, зеңбіректер,
Пистолет, револьвер, браунингтер.
Һәммәсі бұл уақытта болды тамам,
Қылатын жауға қару не керектер.
Машина электрический және келді,
Жарық боп май мен отсыз жана берді.
Түн болса шәһар іші күндізгідей,
Әлбетте, бұл әсері ғажап енді.
Сөз сөйлеп грамофон әнге салар,
Ғажайып мұнысы да хиялдағы.
Бұл сөзге көрмеген жан нанбас еді,
Не керек, халықтың көбі көрген шығар.
Телескоп дейтін нәрсе болды тағы
Нәрсені көрсетеді алыстағы.
Түймені түйедей ғып зорайтады,
Баяғы мұны тапқан һүнердағы.
Руссияның завод пен көп фабрикасы,
Табылған соныменен халық файдасы.
Қымбатты арзан қылған сол екеуі,
Нашарға жеңіл келіп пұл бағасы.
Машина және шықты шөп шабатын,
Аз күнде жан қинамай көп шабатын.
Соқа бар егін салған һәм машина,
Секілді көп пайданы тең табатын.
Баспахана шықты кітап басатұғын,
Халыққа һүнер, магариф шашатұғын.
Арқылы газет журнал һәр тарафтан,
Хабармен халықтың көзін ашатұғын.
Һүнермен мәзкүрлерді адам тапқан,
Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап жатқан.
Һеш бірін осы айтқанның істей алмай,
Қатардан кейін қалдық надандықтан.
Біздағы ғылым білсек етпес пе едік,
Ілгері озғандарға жетпес пе едік.
Дін, дүниеміз таршылықтан азат болып,
Һүнерлі халық атанып кетпес пе едік.
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы
Принцип ұғымына жалпы түсінік
XX ғасырдың басындағы іс қағаздар
Газет менеджерінің функциялары
Ғұмар Қараш өмірі
Елші Нәзір Төреқұлов
Көлбай Тоғысовтың қызметі
ХХ ғасырдың басыңда оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер
АРАБ ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі
Мақта тазалау кәсіпорын басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды ( Шардара - мақта ЖШС)
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар