Пропорция ұғымдарын дамыта оқыту
Сабақтың тақырыбы
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Пропорция ұғымын дамыта оқыту.
Дамытушылық
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабаққа қызығушылығын ояту және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары мен форматы
Көрнекіліктер
- Тақырыпқа қатысты суреттер
- Интерактивті тақта және слайдтар
- Электронды оқулық және тапсырмалар
Әдістері мен түрі
- Қызығушылықты ояту
- Ойын элементтері
- Сұрақ–жауап
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың барысы
I. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Жаңа ұғымды ашу1) Қызығушылықты ояту
Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін.
Сабақ жаңа ұғымды ашуға бағытталған бейнесөз шешуден басталады. Нәтижесінде төмендегі сөз шығады:
Кілт сөз
ПРОПОРЦИЯ
2) Тарихи мәлімет
«Пропорция» сөзі латынның proportio сөзінен шыққан. Ол «өлшемдес», «бөліктер арасындағы өзара қатынас» деген мағынаны білдіреді.
Қатынастар мен пропорциялар теориясы Евклидтің «Бастамалар» еңбегінде (б.з.д. III ғасыр) баяндалған. Осы еңбегінде Евклид пропорцияның негізгі қасиетін дәлелдеген.
Б.з.д. IV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары қалыптастырды. Олардың ішінде Теэтет пен Евдокс ерекше орын алады.
Пропорционалдық тәуелділік сәулет пен өнерде жиі қолданылады: құрылыстың немесе кескіннің үйлесімді әрі әсем болуы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты. Музыкада да (мысалы, Моцарттың шығармалары мен Бетховеннің Бесінші симфониясы) құрылымдық тәртіп пропорцияны аңғартады.
Пропорцияның жазылу тарихынан
- Орта ғасырдағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде (оңнан солға қарай) жазып, қазіргі түрдегі 8:15 = 96:180 пропорциясын 180 ∴ 96 ∴ 15 ∴ 8 түрінде көрсеткен.
- XVII ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы қатынасты 8 15 96 180 түрінде жазған.
- Қазіргі қолданыстағы жазылу үлгісін 1693 жылы неміс ғалымы Г. В. Лейбниц енгізген.
3) Жаңа ұғымды түсіндіру
Тақырып электронды оқулық арқылы түсіндіріледі. Түсіндіру барысында берілген тапсырмалар сол жерде орындалып, нәтижелері бірден тексеріледі.
II. Операциялық – орындаушылық кезең
Жаттығу және қолдану1) Оқулықпен жұмыс
- №53 (1, 2) — пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
- №55 (1, 3, 5) — пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
2) «Ойлан, тап»
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
3) Ой-тұжырым
- Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.
- Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
III. Рефлексиялық – бағалау кезең
Бекіту және бағалауБілімді бекітуге арналған тест
-
1) 125 қаздан 4 кг мамық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?
a) 21,8 кгb) 57,4 кгc) 28 кгd) 25 кг -
2) Пропорцияның белгісіз мүшесін тап: 7,5 : 3,5 = x : 14
a) 19,6b) 7c) 3d) 30 -
3) 1,75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0,7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше грамм алтын жууға болады?
a) 642 гb) 564,5 гc) 542,5 гd) 868 г -
4) Тура пропорцияны көрсет:
a) 5 : 10 = 8 : 4b) 2 : 3 = 10 : 15c) 2 : 3 = 5 : 10d) 12 : 18 = 3 : 2
Үй тапсырмасы
№57, №58, №59.