Орта ғасырлардағы сәулет өнері Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Орта ғасырлардағы сәулет өнері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстан аумағындағы орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштерімен таныстыру, олардың тарихы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; өзіндік пікір айтуға және өз бетінше ізденіс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Отан тарихын құрметтеуге, тарихи-мәдени мұраны бағалап, ескерткіштерді сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
-
III
Жаңа сабақ: Орта ғасырлардағы сәулет өнері
Сайыс кезеңдері
-
1) «Жүзден жүйрік»
Топ басшыларына 10 сұрақ оқылады.
-
2) «Кім жылдам?»
Әр топқа тақырыптық сұрақтар беріледі.
-
3) «Мықты болсаң тауып көр»
Ескерткіштерді сипаттама бойынша табу.
-
4) «Нартәуекел»
Картамен және суретпен жұмыс.
I кезең: «Жүзден жүйрік»
Топ басшыларына 10 сұрақ қойылады:
- 1. Мешіт деген не?
- 2. Діни құрылыстардың салынуына қандай жағдайлар себеп болды?
- 3. Мешіт пен мұнара салдыру нені білдіреді?
- 4. «Ғаныш» сөзінің мағынасы қандай?
- 5. Терракота деген не?
- 6. Ташнаудың қызметі қандай?
- 7. Қызылөзен қаласының орнын қазғанда терракоталық тақталардан қандай бейнелер табылды?
- 8. Орта ғасырлық құрылыста қандай материалдар пайдаланылды?
- 9. Қай ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастады?
- 10. Архитектуралық сәнділігі ерекше көзге түсетін қандай құрылыс бар?
II кезең: «Кім жылдам?»
Әр топқа төмендегі тапсырмалар ұсынылады:
Тапсырма 1
X–XII ғасырлардағы кесенелерді ата.
Тапсырма 2
XIV–XV ғасырлардағы кесенелерді ата.
III кезең: «Мықты болсаң тауып көр»
Сипаттама бойынша орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштерін анықта:
Сипаттама 1
Бұл кесене Отырар қаласы гүлденген кезеңде салынған. IX–X ғасырларға жатады. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған тұлғаның басына тұрғызылған. Бұл қай кесене?
Сипаттама 2
Қарахан дәуірінде (XII ғ.) салынған құрылыс кейін қираған. Оның орнына Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында қайта тұрғызылған. Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ, зәулім күмбезді ғимарат. Бұл қай ескерткіш?
IV кезең: «Нартәуекел»
Карта және сурет бойынша жұмыс:
Сұрақ 1
Қарахан дәуіріндегі (X–XII ғ.) сәулет өнерінің айқын үлгісі. Жезқазған қаласынан 45–50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл қай кесене?
Сұрақ 2
Қарахан немесе оғыз-қыпшақ дәуірінде (XIV–XV ғғ.) салынған ескерткіш. Мазар төртбұрышты, қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сыртқы беті кірпіштің әртүрлі пішіндік өрнектерімен көмкерілген, әсіресе кіреберіс беті шығыс кілемін еске түсіретін нақыштармен безендірілген. Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Бұл қай кесене?
V кезең: Қорытынды
Жеңімпаздарды бағалау
Топтардың нәтижелері бағаланып, жеңімпаздар анықталады.
Сайысты қорытындылау
Сабақтың негізгі ұғымдары жинақталып, қысқаша қорытынды жасалады.
Үй тапсырмасы
- 1 Тақырыпты оқып келу.
- 2 Қосымша деректермен танысу.