Киіз етік

Сабақтың мақсаты

  • Тіл үйренушілерге қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет бере отырып, сөйлеу дағдыларын (диалог, монолог) дамыту.
  • Мәтінді тыңдау, түсіну, оқу және жазу арқылы тақырыптық сөздік қорды кеңейту.
  • Грамматикалық минимумды меңгертіп, сөйлеуде күрделі зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.

Сабақтың ресурстары

  • Суреттер мен иллюстрациялар
  • Слайд-шоу, ұлттық киім суреттері
  • Аудио-бейне материалдар
  • Қазақтың ұлттық киімдері туралы бейнеролик

Сабақтың әдістері

  • Диалог және монолог
  • Түсіндіру
  • Интерактивті тақтамен жұмыс
  • Топтық және жұптық жұмыс

Минимумдар

Грамматикалық минимум

Күрделі зат есім (мысалы: мекенжай, балабақша, баскиім).

Лексикалық минимум

Сырт киім, баскиім, аяқкиім; киіз қалпақ, киіз етік; жабағы күпі, жадағай шапан; жүн қолғап, жүн шұлық; түйе жүн далбағай; кеудеше; шекпен; шидем шекпен.

Жаңа сабақ: қазақтың ұлттық киімдері

«Адам көркі — шүберек, ағаш көркі — жапырақ» демекші, бүгінгі сабақта қазақтың ұлттық киімдерімен және олардың атауларымен танысамыз.

Киім — адам денесін ауа райының және қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Ұлттық киімдер халықтың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамын, еңбегін танытатын мәдени мұра.

Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі киім, сыртқы киім және салтанат киімдері болған. Көптеген киімдер қымбат маталардан тігілген, ою-өрнекпен безендірілген.

Киімдердің түрлері (мысалдар)

  • Сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон, камзол
  • Баскиімдер: кимешек, тақия, сәукеле, тымақ, бөрік
  • Аяқкиімдер: кебіс, мәсі, саптама етік

Материалға қарай

Киізден жасалатын киімдер

Байпақ, кебенек, киіз етік, киіз қалпақ, пима.

Теріден жасалатын киімдер

Сырткиімдер: ішік, жарғақ, тақыр шалбар, тон. Баскиімдер: бөрік, құлақшын, малақай, тақия, тымақ.

Жүннен жасалатын киімдер

Жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық, мойынша, түйе жүн далбағай, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.

Жаңа сөздер (қазақша — орысша)

Ежелгі дәстүр

Древняя традиция

Ұлттық киімдер

Национальная одежда

Сәнді

Модный

Ала шапан

Пестрый чапан

Сәукеле

Украшенный драгоценными камнями конусообразный головной убор невесты

Тақия

Тюбетейка

Кимешек

Старинный женский головной убор из белой ткани (иногда с вышивкой по овалу лица)

Тымақ

Малахай

Мәсі

Ичиги (мягкие сапожки без каблука и твердого задника)

Мойынорағыш

Шарф

Қол орамал

Носовой платок

Белдемше

Юбка

Ою-өрнек

Узор

Киіз

Кошма

Жүн

Шерсть

Тері

Кожа

Оқылым

Мәтін: Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері көбіне ашық түсті болған.

Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректермен әшекейленген. Камзолдары мен шапандары ою-өрнекпен безендірілген.

Бас киімдеріне үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ жатады. Әжелер кимешек киген.

Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді әрі көрікті.

Сұрақтар

  1. 1 Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?
  2. 2 Көйлектері қандай болған?
  3. 3 Камзолдары мен шапандарын немен безендірген?
  4. 4 Қандай бас киімдері бар?

Суретпен жұмыс

Нұсқаулық

  • Интерактивті тақтадан тақырып бойынша суретті қараңыз.
  • Суреттегі киімдерді атап, қысқаша сипаттаңыз.
  • Жұппен сурет бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Диалогқа арналған тірек сөздер

сәнді ою-өрнек киіз тері баскиім аяқкиім салт-дәстүр

Жазылым

1) Сөздерді табыңыз

Кестеде берілген сөздерді тауып жазыңыз. (Мұғалім ұсынған кестемен жұмыс.)

2) Сәйкестендіріңіз

Сөздер

Қазақтың ұлттық киімдері; Тақия; Бөрік; Сән академиясы

Сипаттамалар

көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле; ерлер де, әйелдер де киген; ерлердің бас киімі; ұлттық киімдер тігеді

3) Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңыз

Үлгі

Барды, шешем, ұлттық киім, дүкеніне. → Шешем ұлттық киім дүкеніне барды.

  • Сатып алды, маған, ол, әдемі, көйлек.
  • Сары, түсі, көйлектің.
  • Концертке, киді, апам, ұлттық, көйлек.
  • Бар, менің, қызыл, әжемде, камзол.

Грамматика: зат есім

Дара зат есім

Мысалдар: дала, бас, қалам.

Күрделі зат есім

Мысалдар: мекенжай, балабақша, баскиім.

Тапсырма: киімдерді топтастырыңыз

Берілген сөздерді баскиім, аяқкиім, сырткиім түрлеріне қарай ажыратып, кестеге жазыңыз:

мәсі кимешек тақия тымақ кебіс киіз етік киіз қалпақ бөрік құлақшын малақай шапан

Рефлексия

Мен бүгін не білдім?

Сабақтан алған негізгі ойларыңызды 2–3 сөйлеммен жазыңыз.

Нені біле аламын?

Алдағы уақытта қай тақырыпты тереңдетіп оқығыңыз келетінін белгілеңіз.

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы

  1. 1 Қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты мақал-мәтелдер жазыңыз.
  2. 2 Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Автор туралы

Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы: Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы.