Құрметті әділ қазылар алқасы мақал - мәтелдер сайысының бағасын берсеңіздер

Мақсаты

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, тілдерін жаттықтыру, жан-жақты мүмкіндіктерін байқату.

Жоспар

  1. 1Таныстыру
  2. 2Мақал-мәтелдер сайысы
  3. 3Мәнерлеп оқу
  4. 4Дастархан мәзірі
  5. 5Сән үлгісі
  6. 6Сұрақ-жауап

Кештің ашылуы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі Тілдер күніне арналған «Күз аруы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Қош келдіңіз, көрермен, күзгі бал кешіне,

Отырыңыз қол соғып, шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке, астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке — алтын күзді тойлаймыз!

Ендеше, құрметті көрермендер, қатысушыларымызбен таныс болайық. Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!

Қатысушылар

Габдрафикова Карина

3 «А» сынып оқушысы. Үздік оқушы, тәртіпті, ақылды, сүйкімді.

Ткаченко Юлия

3 «Б» сынып оқушысы. Сыныптағы үздіктердің бірі, көрікті, өте тәртіпті, мәнерлеп оқуды жақсы көреді.

Айтжанова Ботагөз

3 «В» сынып оқушысы. Тәртіпті, үздік оқушы, өлең айтуды жақсы көреді.

Бүгінгі ару қыздарымызға барлығымыз сәттілік тілейміз! Қатысушыларымызға қошемет!

Шығармашылық нөмірлер

  • Қазақ биі (музыкалық нөмір)
  • Алма биі — Қасантаева Надия (фантазия)

Сайыс кезеңдері

1) Таныстыру

Жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі — таныстыру кезеңі. Қатысушылар ортаға шығып, өздерін таныстырады.

  • 3 «А» — Габдрафикова Карина
  • 3 «Б» — Ткаченко Юлия
  • 3 «В» — Айтжанова Ботагөз

Құрметті әділқазылар алқасы, таныстыру кезеңіне баға берсеңіздер.

2) Мақал-мәтелдер сайысы

Қатысушыларға 1 минут беріледі. Осы уақыт ішінде мүмкіндігінше көп мақал-мәтел айту керек.

Құрметті әділқазылар алқасы, мақал-мәтелдер сайысына баға берсеңіздер.

3) Мәнерлеп оқу

Келесі кезең — мәнерлеп оқу сайысы. Қатысушылар өлеңді нақышына келтіріп оқиды.

  • 3 «А» — Габдрафикова Карина
  • 3 «Б» — Ткаченко Юлия («Үш бақытым»)
  • 3 «В» — Айтжанова Ботагөз («Туған өлкем»)

Әділқазылар алқасы, мәнерлеп оқу сайысына баға берсеңіздер.

4) Дастархан мәзірі

Келесі сайыс — дастархан мәзірі. Қатысушылар «Кемпірқосақ» салатын дайындайды.

Жаңылтпаш ойыны (сынып оқушыларымен)

Балалар, қазір мен жаңылтпаш оқимын. Кім тез әрі дұрыс айтып береді — сол өз сыныбына ұпай әкеледі.

Ол бір ән айтты.

Мен бір ән айттым.

Мен бір ән айттым, домбырамен айттым.

Ол бір ән айтты, болбыр ән айтты.

Мектепке арнау

Сәлем саған, мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие —

Ой-санама еккенсің.

Жаңылтпаш сайысына және мерекелік дастархан мәзіріне әділқазылар бағасын берсеңіздер.

Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Сіздердің алдарыңызда 3 «А» сынып оқушысы Гаджиев Мамедтің орындауында әзербайжан биі.

5) Сән үлгісі

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісін,
Сіздерге көрсетеді көркем сәнімен.

Келесі кезекте қатысушылар өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетіп, қорғап шығады.

Құрметті әділқазылар, сән үлгісіне баға берсеңіздер.

6) Сұрақ-жауап

Соңғы кезең — сұрақ-жауап. Қатысушылар жыл мезгілі мен күз ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарға жауап береді.

  • Қазір қандай жыл мезгілі?
  • Күзде не піседі?
  • Күзде ауа райы қандай болады?

Әділқазылар алқасы, сұрақ-жауап кезеңіне баға берсеңіздер.

Қорытынды

«Күз аруы» сайысының барлық кезеңдері аяқталды. Қазылар алқасы ұпайларды есептегенше, музыкалық үзіліс жарияланады.

Музыкалық үзіліс

«Ежики» биі.

Ортаға ару қыздарымызды қошеметпен шақырамыз: Габдрафикова Карина, Ткаченко Юлия, Айтжанова Ботагөз.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Осымен «Күз аруы» атты байқауымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!