Қарлығаштар тобы
Мақсаты
Балаларды жарыстыра отырып, көңіл-күйлерін көтеру, денені шынықтыру, шапшаңдық пен төзімділікті дамыту, достыққа баулу және жалқаулықтан арылту.
Қатысушылар
Жалқаубек, ересек топтардың балалары.
Жүргізуші
Балбөбек.
Кіріспе
Балбөбек: «Балалық шақ — балдырған, келер күндер шығады сенің алдыңнан. Елге тұлға, ұлан болшы, балақан, биікке ұшар қыран бол сен, балапан!»
Олимпиада биін «Гүлдер» тобының қыздары орындайды.
Сайыскерлерді ортаға шақыру
- 1 «Қарлығаштар» тобы
- 2 «Көбелектер» тобы
- 3 «Бақалар» тобы
Оқиға желісі
(Қолында рогаткасы бар, балаларға арқасымен келіп.) «Ой, жақсы болды — тағы бір жаман қылық жасадым: торғайдың ұясын бұзып тастадым!» (Артына бұрылып балаларды көреді.) «Мәә, дәл осы жер маған керек екен!»
«Қай жер?»
«Осы жер! Балалар көп екен. Мен мына балалардан өзіме көмекші дайындаймын.»
«Сен кімсің? Қай баласың?»
«Мен — Жалқаубекпін. Естіп едім: осы жерде жарыс па, ойын ба болып жатыр деп?»
«Иә, мұнда балалардың жарыстары мен ойындары өтеді. Біздің балалардың денесі шыныққан, себебі олар спортпен айналысады.»
«Ой, мына құрттай балалар спортпен айналыса ма? Мені күлдірмеші! Бұлардың аузына соска беріп қою керек.»
«Тоқта, тоқта! Балалардың өскенін сайыста өз көзіңмен көресің.»
Ойындар мен сайыстар
«Жалаушаны алу»
Жүргізуші: «Көрдің бе біздің балабақшаның спортсүйер балаларын? Ұнады ма?»
Жалқаубек: «Жоқ, ұнаған жоқ! Мен өзім тексеріп көремін.» (Ойынның шартын бұзып, допты қалай болса солай алдап лақтырады.)
Жүргізуші: «Балалар, Жалқаубекке қалай ойнау керектігін көрсетейік!»
«Кім жылдам?»
Жалқаубек: «Мен самокат тебуді білемін. Қараңдаршы!» (Самокаттан құлап, дұрыс тебе алмайды.)
Жүргізуші: «Е-е-е, Жалқаубек, самокатты біздің балалар қалай тебетінін қарап ал!»
Ән: «Балабақшам»
Үзіліс кезінде барлық балалар бірігіп «Балабақшам» әнін орындайды.
«Самокатпен жарысу»
Самокатпен жарыс барысында балалар ептілік пен тепе-теңдікті көрсетеді.
«Кім жүйрік?»
Жалқаубек: «Ту-у… Сендер менің көмекшілерім бола алмайсыңдар. Неге менің жолым болмай тұр? Неге менімен ешкім дос болмайды?»
Жүргізуші: «Жалқаубек, саған ойын ұнады ма?»
Жалқаубек: «Ұнады. Балалардың денелері шыныққан екен, спортты жақсы көреді екен. Балалар, мен сендермен дос болғым келеді.»
Қорытынды
Ән: «Достық». Сайыс аяқталды.
Ойын арқылы балалар шапшаңдықты, төзімділікті және ең бастысы — бірлік пен достықты нығайтады.