Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу

Сабақ №91

6-сынып • Математика

Тақырып: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу. Қозғалысқа берілген есептер

Практикалық сабақ Есеп шығару

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара білуге жағдай жасау.
  • Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар

Көрнекілік
Үлестірме материалдар
Әдебиет
«Математика. Дидактикалық материалдар (6-сынып)», Т. А. Алдамұратова

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықты және жұмысқа жұмылуды тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген есептердің шешімдері тексеріледі. Қате кеткен тұстар анықталып, түзетіледі.

III. Өтілген материал бойынша білімді тексеру

  • 1 Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?
  • 2 Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
  • 3 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлері қалай табылады?
  • 4 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің алгоритмі қандай?

IV. «Теңіз жауынгері» ойыны

Сынып екі топқа бөлінеді: қыздар және ұлдар. Жеңген топ теңдеу шешудің білгірі атанады.

Командалық жұмыс Жылдам жауап

Ойынның шарты

  • Әр топ кезекпен сұрақ таңдайды.
  • Егер «оқ тимесе», қоңырау үні шығып, кезек келесі топқа өтеді.
  • Егер «мылтық дауысы» шықса, топ жауап беріп, 1 ұпай алуға мүмкіндік алады.
  • Дұрыс жауап берген топ ойынды жалғастырады; жауап батырманы басқанда көрінеді.
  • Уақыт шектеулі болса, сұрақтарды толық ашпай ойнауға болады (алдын ала әр топтың «қанша оқ ататыны» келісіліп алынады).
  • Уақыт жетпесе, ойын тоқтатылады.

Тапсырмалар банкі (сұрақ үлгілері)

1) Теңдеуді көрсет

  1. 1) 35 – 4(6 – 3) = 23
  2. 2) 35 – 4(6 – x)
  3. 3) 35 – 4(x – 3) = 23
  4. 4) 35 – 4(6 – 3)

2) Қай сан −3x = 48 теңдеуінің түбірі?

  1. 1) 16
  2. 2) −16
  3. 3) 4
  4. 4) −2

3) −2 саны қай теңдеуге түбір болады?

  1. 1) 3x − 4 = 12
  2. 2) x + 5 = 7
  3. 3) 5x + 2 = 8
  4. 4) 6 − x = 8

4) Ұқсас мүшелерді біріктір

2a + 7a + 4a − 11a

  1. 1) 2a + 2
  2. 2) 2
  3. 3) 2a
  4. 4) 4a

5) Теңдеулер мәндес бола ма?

−3(x − 5) = 11 және 3(x − 5) = −11

6) Мәндес теңдеулер бола ма?

2x − 1 = 17 және 2x = 17 − 1

7) Ұқсас мүшелерді біріктір

13x − 4 − 4x + 2

  1. 1) 9x − 6
  2. 2) 9x − 2
  3. 3) 17x + 2
  4. 4) 7x

8) Жақшаны аш

5a + (4b − c)

  1. 1) 5a − 4b + c
  2. 2) 5a + 4b − c
  3. 3) 5a − 4b − c
  4. 4) 5a + 4b + c

9) 1 саны қай теңдеудің түбірі?

  1. 1) 3x − 4 = 12
  2. 2) x + 5 = 7
  3. 3) 6x + 2 = 8
  4. 4) 6 − x = 8

10) Жақшаны аш

2a − (3b − c)

  1. 1) 2a − 3b + c
  2. 2) 2a − 3b − c
  3. 3) 2a + 3b + c
  4. 4) 2a + 3b − c

11) Теңдеулер мәндес бола ма?

6x − 1 = 11 және 6x = 11 + 1

12) 0,3x = −4 теңдеуін бүтін коэффициентті мәндес теңдеуге келтір

13) 4(x − 5) = 20 теңдеуінің түбірі 5 саны бола ма?

14) Қай сан 4(x − 5) = −4 теңдеуіне түбір болады?

  1. 1) 0
  2. 2) −1
  3. 3) 5
  4. 4) 4

Хат: өмірлік есеп (қозғалыс)

«Құрметті немерем! Сені қатты сағындым, қонаққа барғым келеді. Бірақ сенің көмегің қажет. Менің ауылым теміржол станциясынан 20 км қашықтықта. Поезд станциядан сағат 11:00-де жүреді. Мен, қазір жас болмасам да, 5 км/сағ жылдамдықпен жүремін. Поездға үлгеру үшін мен қай уақытта үйден шығуым керек? Өтінемін, тезірек хабар бер. Кешігіп қалудан қорқамын. Сенің атаң.»

Талқылау: атамызға көмектесейік — берілгендерді анықтап, теңдеу құрып, шығу уақытын табайық.

V. Сынып жұмысы

Тақырыпты бекіту үшін төмендегі есептер орындалады:

№851 №867 №878

VI. Үй тапсырмасы және қорытынды

Үйге берілген тапсырма

№868 №869

Рефлексия

Өзіндік бағалау жүргізіледі, сабақ қорытындыланып, негізгі тұжырымдар қайталанады.