Қазақстанның көлдерін ата

Сабақтың тақырыбы

Бурабайға саяхат. Қонақ үйге орналасу. Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер.

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

Бурабай көлінің тамаша табиғатымен таныстыра отырып, жан-жақты мағлұмат беру; білімдерін кеңейту; жаңа сөздермен танысып, салт және сабақты етістіктерді қайталау арқылы білімдерін пысықтау.

2) Дамытушылық мақсат

Қазақстанның көрікті жерлері туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын молайту. Көру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды Отанымыздың мақтанышы Көкшетау өңірінің тамаша табиғатын, таза ауасын бағалауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Бурабай туралы тұсаукесер
  • Жеке карточкалар
  • Грамматикалық кесте
  • «Қызмет тілашар» кітапшасы (26–29-бет)
  • Мәтін
  • Контур карта

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Венн диаграммасы Кластер Бес жолды өлең Сұрау-жауап

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау.

II. Өткен тақырыпты қайталау

Контур карта арқылы Қазақстанның ірі қалаларын көрсету.

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Қазақстанның көлдерін атаңдар.
  2. Қазақстанның өзендерін атаңдар.
  3. Қандай тауларды білесіңдер?
  4. Павлодар облысындағы ең керемет жерді атаңдар.
  5. Қазақстанның қай жерін «Екінші Швейцария» деп атайды?

III. Негізгі бөлім

Ендеше, біз сол керемет жерге саяхат жасаймыз: Бурабай туралы тұсаукесер көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс: «Бурабай»

Бурабай — Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы әрі мөлдір. Көлдің айналасы — қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза, табиғаты ерекше.

Бурабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер мен әңгімелер жазылған. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас орналасқан. Бұл аймақта Оқжетпес, «Жеке батыр» сияқты тарихи орындар бар. Сол себепті көл маңында көптеген демалыс орындары орналасқан.

«Бурабай» — мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ. Ол 2000 жылғы 12 тамызда ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша құрылған. Жалпы аумағы — 83 511 гектар. Ұлттық саябақ — табиғаты қорғауға алынған мемлекеттік мекеме. Саябақ Шучье–Бурабай курорттық аймағында орналасқан.

Сөздікпен жұмыс

Тұщы

пресная

Мөлдір

прозрачная, светлая

Тарихи орындар

исторические места

Ұлттық саябақ

национальный парк

Табиғи

природный

ҚР Үкіметінің қаулысымен

постановлением Правительства РК

Талқылау және сөйлеу дағдылары

Мәтін бойынша сұрақ-жауап

  • Демалуға келгеннен кейін қай жерде демаламыз?
  • Қонақ үйлер туралы қысқаша мәлімет беріңдер.

Тапсырма

Көршіңмен «қонақ үйге орналасу» тақырыбында қысқа диалог құрастыр.

Өңірлік байланыс

Павлодар облысында осыған ұқсас көрікті жер бар ма? Баянауыл туралы мәлімет беріңдер (оқулық: 156-бет).

Салыстыру

«Бурабай» және «Баянауыл» бойынша Венн диаграммасын құрастырыңдар.

Грамматика: салт және сабақты етістіктер

Ережені еске түсіру

Салт етістік әрекеттің тікелей толықтауышсыз жасалатынын білдіреді, ал сабақты етістік әрекеттің тікелей толықтауышқа бағытталуын білдіреді. Мәтіннен салт және сабақты етістіктерді теріп жазыңдар.

Мысал (Абай)

«Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.»
— Абай

Тапсырма: берілген жолдардан салт және сабақты етістіктерді анықтаңдар.

Модаль сөздер

Анықтама

Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, қажет, мүмкін, әрине, бәлки, әлбетте, көп, аз сияқты модаль сөздер бар. Олар саны жағынан көп болмаса да, мағынасы мен қызметі жағынан ерекше: негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория ретінде қарастырылады.

Модаль сөздер адамның айтылатын ойға қатынасын, көзқарасын және пікірін білдіреді.

Мысалдар

  • Терезені ашу керек.
  • Терезені ашу қажет.

Тапсырма

Модаль сөздерді пайдаланып, «қонақ үйге орналасу» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

Кластер

Модаль сөздер бойынша кластер жасаңдар: «қажеттілік», «мүмкіндік», «растау/келісу», «жоққа шығару» сияқты топтарға бөліп көріңдер.

Рефлексия, бағалау, үй тапсырмасы

Рефлексия

Модаль сөздерге кластер жаса. «Бурабай» және «Баянауыл» бойынша Венн диаграммасын толықтыр.

Бағалау

Оқушының мәтінді түсінуі, сұрақ-жауапқа қатысуы, диалог құрастыруы және грамматикалық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

Ғаламтордан «Бурабай» тақырыбына тұсаукесер дайында.