Жай жүріспен жүру

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Қысқа қашықтықта эстафета таяқшасын беру

Сабақтың мақсаты

  • Жеңіл атлетика сабағында қысқа қашықтықта эстафеталық таяқшаны бір-біріне беру және жүгіру техникасын меңгерту.
  • Жеңіл атлетика жаттығулары арқылы оқушылардың ептілік, икемділік және жылдамдық қабілеттерін дамыту.
  • Қысқа қашықтықтағы эстафеталық жүгіруді ұйымдастыру арқылы жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас, жарыс сабағы

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, практикалық жұмыс

Өтетін орны

Спорт алаңы

Қажетті құрал-жабдықтар

Доп Ысқырық Эстафета таяқшалары Секундомер т.б.

Сабақтың мазмұны

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру, қауіпсіздік және сабақ мақсатын нақтылау.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу: «Түзел!», «Тік тұр!»
  • Амандасу: «Сәлеметсіздер ме?»
  • Кезекшінің мәлімдемесін тыңдау.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын және спорттық киімін тексеру.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Саптағы командалар

Түзел! Тік тұр! Оңға бұрыл! Солға бұрыл! Кері айнал! Еркін тұр!

Дене қыздыру жаттығулары

Жаттығуларды бірізділікпен орындап, қозғалыс амплитудасын біртіндеп арттырыңыз.

  1. Жай жүріспен жүру.
  2. Қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру.
  3. Қолды белге қойып өкшемен жүру, кейін қолды жанға созып жүру.
  4. Жеңіл жүгіріспен жүгіру.
  5. Қолды белге қойып оң жақпен, сол жақпен және артпен жүру.
  6. Оң және сол жақпен жүгіре отырып, қолды алға-артқа айналдыру.
  7. Жылдамдықты біртіндеп арттыра жүгіру.
  8. Жай жүгіріп, тыныс алуды бір қалыпқа келтіру.
  9. Қолды белге қойып, жартылай отыра және толық отыра жүру.
  10. Жай жүріп, дем басу жаттығуларын орындау.
  11. Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, аяқ ұшымен жүру; қолды төмен түсіріп, еңкею.