Рақмет сендерге балалар
Күз көрінісі
Мақсаты
- Балаларды күз әлемімен таныстыру.
- Күз туралы балалардың дүниетанымын кеңейту, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін байқату.
- Күзге тән ерекшеліктерді сахналау.
- Балаларды күз байлықтарымен және күзгі еңбекпен таныстыру.
- Тапқырлықты, жылдамдықты, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту.
- Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дайындық және безендіру
Музыкалық зал мерекеге сай безендіріледі. Балалар әуенмен қолдарына жапырақ ұстап кіріп, шеңберге тұрады да, ән ырғағымен би қимылдарын орындайды.
Сценарий барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!
Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар мен балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз — баршамызға молшылық, ырыс пен қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын!
Ән: «Күз»
Балалардың тақпақтары
Жандаулет
Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Г. Наргиза
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Рамазан
О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша —
Аунар ма едім, жатып ап?!
Желдің дыбысы және «Алтын күздің» келуі
Жүргізуші: Балалар, ненің дауысы? Бірте-бірте күшейіп келеді?
Балалар: Жел!
Жүргізуші: Жел күшейсе, қандай өзгерістер болады?
Иә, жапырақтар ұшады.
(Желдің дыбысы естіледі. Ортаға жапырақтарды жан-жаққа шашып, Алтын күз кіреді.)
Алтын күз
Сәлем, өрен достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Кел, күз тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық!
Жүргізуші: Сабырлы, сары Алтын күз келді! Армысыз, Алтын күз. Біз сізді күтіп жүр едік.
Би: «Жапырақтар» (қыздар жапырақтармен билейді)
Ойындар: жапырақ және күз сыйлары
Ойын: «Кім жапырақты көп жинайды?»
(Ұлдар жапырақтарды жинайды. Кім көп жинаса — сол жеңімпаз.)
Күз өнімдерімен танысу
Алмұрт — Ақниет
Мен алмұртпын, алмұртпын, ауызымда бар жұрттың.
Өрік — Абылайхан
Мен өрікпін, өрікпін, табиғатқа көрікпін.
Жүзім — Шаттық
Мен жүзіммін, моншақ болып тізілдім.
Шие — Ұлан
Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Алма — Нұржас
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Қияр — Нұрасыл
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Сәбіз — Мұрагер
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де.
Сұрақ-жауап және ойындар
Жүргізуші: Балалар, күз мезгілінде нелер піседі? Жемістер қайда өседі? Ал көкөністер ше?
Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жинау» (балалармен)
Ойын: «Ненің дәмі?» (ата-аналармен)
Мерекелік өлеңдер мен билер
Нұртай
Көбейеді құт-береке, астық толы қамбамыз.
Санжар
Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз.
Әсем
Кездескен соң күзімен, бұтағынан үзілген.
Әсел
Ай, жапырақ — сары алтын, айналаның бәрі алтын.
Жүргізуші: Шат көңілді балалар шаршағанды білмейді. Алтын күз мерекесіне «Шөжелерім» биін билейміз.
Би: «Шөжелерім»
Тауықпен ойын: жаңбырдың түрлері
Тауық: Бүгін сендер қандай әдемісіңдер! Күз мезгілінде табиғат құбылыстары әртүрлі өзгеріске ұшырайды. Сендерге жаңбыр жауған ұнай ма? Жаңбыр кейде сіркіреп, кейде нөсерлетіп жауады. «Қандай жаңбыр?» ойынын ойнаймыз ба?
Ойын: «Қандай жаңбыр?»
«Жай жаңбыр» дегенде — қолды жай соғамыз.
«Қатты жаңбыр» дегенде — қолды қаттырақ соғамыз.
Нұрхан
Күзім-ау, күзім-ау, мінезің бұзық-ау.
Қайырқұл
Жаңбырың сіркіреп, келгенің қызық-ау.
Би: «Қолшатыр»
Тауық: Балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рақмет! Енді достарыма барайын. Сендердің қандай ақылды әрі көңілді екендеріңді айтамын. Сау болыңдар!
Түлкі мен қоян: достыққа шақыру
Түлкі
Мен түлкімін күлкілі,
Кім білмейді түлкіні?
Алдамаймын ешкімді,
Алтынданған күз күні.
Жүргізуші: Қу түлкі, келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалар сізбен билегісі келіп тұр.
Түлкі: Сендер сондай кішкентайсыңдар, билей аласыңдар ма?
(Әуенмен түлкінің қимылын балалар қайталайды.)
Түлкі: Жарайсыңдар, кішкентайлар!
Жүргізуші: Балалар, түлкі өзімен бірге нелер әкеліпті?
Балалар: Сәбіздер!
Жүргізуші: Сәбізді түлкі жей ме? Бұл қай жануардың қорегі?
Балалар: Қоянның.
Қоян
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерде қандай той болып жатыр?
Жүргізуші: Қоянжан, біз бүгін Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз.
Қоян: Мен қысқа жинап қойған сәбіздерімді түлкі алып кетіпті, маған бермейді… (жылайды)
Жүргізуші: Қоянжан, жылама. Біз көмектесеміз. Көңіліңді көтеріп, ойын ойнайық!
Ойын: «Ақ қоян»
(Ортада «ұйықтап жатқан» қоянды тақпақпен оятады. Балалар жан-жаққа қашады. Ұсталған бала қоян болып, ойынды жалғастырады.)
Түлкі: Қоян, мерекеде достасайық. Енді сені ренжітпеймін. Сәбіздеріңнің біреуін де жеген жоқпын. Айтшы, сені неге «желаяқ» деп атайды?
Қоян: Мен өте тез жүгіремін ғой, сондықтан солай айтады.
Түлкі: Онда көрейік!
(Түлкі қоянды қуады, бірақ жете алмайды.)
Түлкі: Расында да жеткізбейді екенсің!
Түлкі: Бүгін біз ойнадық та, күлдік те, биледік. Қоштасатын кез келді, енді қайтайық.
Қоян: Сау болыңдар, балалар!
Күздің қорытынды әуені: қоныс аударған құстар
Қуанышбек
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген —
Ұнатам күзді мен.
Ерсін
Мол байлық тергені —
Шаттығы қаншалық!
Аспанға өрледі,
Құстар да ән салып.
Асылназ және Наргиза
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Ән: «Құстар қайтып барады»
(Орындайтын: тәрбиешілер)
Марапат және қорытынды
Алтын күз
Балалар, өнерлерің өрісті болсын! Сендерге әкелген сыйымды тарту етейін.
Жүргізуші: Күз арқылы білеміз жомарттықтың салтын біз. Біз өзіңді сүйеміз!
Балалар: Рахмет саған, Алтын күз!
Құрметті ата-аналар, мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Келесі күзге дейін кездескенше!
Соңы