Алғаш мектеп ашқан кім

Сабақтан тыс іс-шара: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Бұл мәтін — 1-сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» мерекесіне арналған сценарий. Мақсаты — балалардың әліппеден алған білімін тиянақтау, өнерін ата-аналарға көрсету және оқу-білімге, достыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Мақсаты

  • Әліппеден алған білімдерін бекіту.
  • Оқушылардың өнерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамын дамыту.
  • Оқу-білімге, достық қарым-қатынасқа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

«Әліппе» және «Ана тілі» макеті, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, сандар мен таңбалар, интерактивті тақта, мультимедия.

Жүру барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық білімнің бастауы — Әліппені тәмамдап отыр.

Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс айтамыз. Ендеше еңбегіміздің жемісін бірге көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Өлең жолдары

Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып, жаза алатын халге жетті, Құтты болсын білімі балалардың! Ата-ана қуанып, шаттанады, Оқыды деп баласы мақтанады. Алдарына бұлардың кім шықса да, Барлық маман мектептен аттанады.

Енді кезекті оқушыларға берейік.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші: Армысыздар, қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан жақын досымыз — Әліппемен қоштасамыз.

2-жүргізуші: Алғаш қолымызға гүл алып, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің табалдырығын аттағанымызға төрт ай болды. Осы уақыт ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да білеміз.

Өлең

Қыркүйекте келдім де, Сыныпқа кірдім қуанып. Қарсы алды ұстаз мейірмен, Қадамымды қарсы алып.

Өлең

Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертекті, Үйреткен оны әліппе!

1-оқушы

Ең алғаш алғанымда Әліппені, Қызыға қарадым әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін алып берді.

Әліппені ортаға шақыру

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Оқушылар: «Әліппе! Әліппе! Әліппе!»

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, оқуға және жазуға үйрендіңдер.

Сұрақ

Бұл кітапты кім жазды?

Хормен: Ахмет Байтұрсынұлы.

Сұрақ

Алғаш мектеп ашқан кім?

Хормен: Ыбырай Алтынсарин.

«Кел, балалар, оқылық!»

Сұрақ

Қазақтың ұлы ақыны кім?

Хормен: Абай Құнанбайұлы.

Мұғалім

Балалар, еліміздің Президенті туралы және білім жайлы айтылған өнегелі сөздерді еске түсірейік.

Әріптер әлемі: оқушылар таныстыруы

Оқушылар өз есімдерін әріптермен байланыстырып, білімге құштарлықтарын өлеңмен жеткізеді.

4-оқушы (А)

А әрпінен есімім, Айтсам сөздің кесімін. Асылбек мен боламын, Айдай өсіп толамын.

5-оқушы (Б)

Б әрпі — балбөбекпін, Көңілім шуақ, ойым екпін.

6-оқушы (Г)

Г дегенің — Гүлайым, Гүлайым деген мен бала. Жақсы оқысам сабақты, Одан артық жоқ шара.

7-оқушы (Д)

Д әрпін білу керек пе? Мен ендеше — Данамын. 1-сынып оқушысымын, Озат та боламын, зерек те.

8-оқушы (Е)

Е дегенің — Ералхан, Оқудан жоқ басқа арман.

9-оқушы (Ж)

Ж әрпінен басталатын Жаннұрмын, Досы болам сыныптағы ұл-қыздың.

10-оқушы (З)

Перизат деген есімді Білдіңіздер шешімді. З әрпі бар ішінде, Тыңдасаңыз шешімді.

11-оқушы (Л)

Ерленмін, соны білесіз, Көңілге мені түйесіз. Л әрпі бар атымда, Оқып-біліп жүресіз.

12-оқушы (К)

Дидар деген мен едім, Оқумен өскен кемелім. К әрпі де бар атымда, Аламын білім тереңін.

13-оқушы (М)

М — мектеп қой, білу керек қой, Еркелікті шектеп қой.

14-оқушы (Р)

Р әрпі бар — Демирмін, Білім іздеп терледім. Үздік оқу, саналы өріс біліммен, Айтыңызшы, бәйгеден кім келмеген?

15-оқушы (Т)

Т дегенің — талапкер Мұхтархан, Әріптерден қаламын ба мен қалыс? Достарыма тілейтінім алдымен Денсаулық пен мол табыс.

16-оқушы (Ж)

Жантілек деген мен едім, Алсам білім тереңін. Ж әрпінен есімім, Аламын оқу кемелін.

17-оқушы (Ш)

Ш әрпі кездеспейді бекерге, Есімдерден іздесеңіз егер де. Шангерей Жанар деген есімім, Білсеңіз осы шешімім.

18-оқушы (Х)

Х дегенің — Шерхан да бар, Х-ны білу керек қой. Х дегенде тамаша: Хат, хабарлар — деректер.

19-оқушы

Барлық әріп — бағалы, Білесіз, мен — Данамын. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз толмайды.

Слайдтар арқылы «Әліппе еліне саяхат»

1-слайд: Бүгін балалар Әліппемен қоштасу саяхатын «Әліппе елінде» өткізеді.

2-слайд: Бұл елге өту үшін жолдағы «күзетшілерден» өту керек: сынып тәртібі ережелерін білу және жұмбақтарды шешу.

3–4-слайд: «Әріптер ауылы». Әліппеден неше әріп үйрендік? «Алфавит» дегеніміз не?

5-слайд: Дауысты дыбыстар ауылы

Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы қандай? Терезелердегі жарықты жағу үшін жұмбақтарды шешейік.

Жұмбақ

Қос аяққа ұқсаған, тізесінен тұсаған.

Жауабы: А

Жұмбақ

Әріп десең бүйірі жоқ, сан десең салмағы жоқ.

Жауабы: О

Жұмбақ

Жалғыз таяқ боп тұр, төбесінде доп тұр.

Жауабы: І

Сұрақ

Көлдің ортасынан не табасың? Жердің ортасынан не табасың?

Жауабы: Ө және Е

Жұмбақ

Шеңберді әкеп алаңға, байлап қойдым бағанға.

Жауабы: Ю

6-слайд: «Сауатсыздар елі» және әдепті сөздер

Суреттен Буратиноны көреміз. Ол әкесінің сыйлаған Әліппе кітабын жоғалтып алып, сауатсыз әрі әдепсіз болып қалыпты. Ендеше оған сыпайы сөздерді еске түсіруге көмектесейік.

Жағдаят 1

Апаң базардан алма әкеліп, ең үлкенін саған таңдап берді. Не деп барып жеу керек?

Дұрыс жауап: «Рахмет»

Жағдаят 2

Көшеде байқамай біреуді қағып кеттің. Жөн еді не айтқаның?

Дұрыс жауап: «Кешіріңіз»

Жағдаят 3

Әжең түскі асқа тәттілер қойды. Ыдысқа қол созар алдында қандай сөз айтқан дұрыс?

Дұрыс жауап: «Рұқсат па?»

Жағдаят 4

Ағаң «Добын апар» деді, бірақ бармай қойдың. Сен қай сөзді айтпадың?

Дұрыс жауап: «Жарайды»

Дымбілмес тапсырмасы: ұйқасты тап

Дымбілмес өлең құрастырғанды жақсы көреді, бірақ ұйқастыра алмай қалыпты. Балалар, сөйлем соңын ұйқасымен толықтырыңдар:

  • Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ …
  • Жаз жайлауға барайық, шырқап әнге …
  • Қызыл … жинаймын, анама әкеп …
  • Арба сықырлап жүрді, ит арсылдап …
  • Қарындашты аламын, әдемі сурет …
  • Жеймін деп көп қауынды, менің ішім …

7-слайд: «Әріпті кірпі»

Кірпі сөздердің буындарын ауыстырып жіберіпті. Буындарды орнына қойып, сөздерді түзейік.

8-слайд: Қарама-қарсы сөздер

Берілген сөздердің антонимін табайық.

9-слайд: Аяз атаның хаты

Тапсырманы орындасақ, Аяз атаның хатын оқимыз.

Жаңа оқулық: «Ана тілі»

Мұғалім: Енді, балалар, жаңа оқулықты ортаға шақырайық. «Ана тілі» оқулығын қарсы алайық.

Ана тілі

Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым! Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын-жазушылардың ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар — сонда көп нәрсе үйренесіңдер.

Әліппе

Бәрі жақсы, балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар, ата-аналарыңды тыңдаңдар. Менің досым «Ана тілі» оқулығын ренжітпеңдер, қадірлеңдер.

Кір шалмасын беттерін, Таза болсын оқулық пен дәптерің. Оқығандарың жадыңда жатталсын, Күнделіктерің «5»-ке толсын!

Қорытынды

1-жүргізуші

Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем! Сенің арқаң оқып, жаза білгенім, Сауатты адам қатарына кіргенім.

2-жүргізуші

Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға «Ана тілін» аламыз. Ата-ана, қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз.